Алматыға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қала әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге отандық кино өнерінің тарихына арналған тақырыптық саябақ құру жобасымен танысты.
Сапар барысында «Қазақфильм» киностудиясының қазіргі жай-күйі мен өндірістік әлеуетіне назар аударып, алдағы даму жоспарлары атап өтілді. Киностудия аумағын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Алматы әкімдігі 5,5 гектар аумақта отандық кино өнерінің тарихы мен кино саласының көрнекті қайраткерлеріне арналған заманауи тақырыптық саябақ құруды жоспарлап отыр.
Саябақ аумақтың мәдени және туристік тартымдылығын арттыратын ашық қоғамдық кеңістік ретінде бой көтермек. Келушілер отандық кино өнерінің тарихымен, киностудияның қызметімен және музей экспозицияларымен таныса алады.
Алматыда «Қазақфильм» киностудиясын дамыту жоспары таныстырылды
Көп оқылғандар
Рыбакинаның жарақаты Қазақстан құрамасының жоспарына әсер етуі мүмкін
Ақтөбеде сайлау науқанының барысы сарапшылар талқылауында
Бейбарыс Ерғали әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілі енгізіледі
Ералы Әскербектің әлем чемпионатындағы жолы қиын басталды
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru