«Еуразия» кинофестивалінің бас жүлдегері - «Оралман»
«Еуразия» кинофестивалінің бас жүлдегері - «Оралман»
30.10.2017 23:58
832
0

 Еліміздің бас қаласында XIII “Еуразия” халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздары марапатталды.
 Фестивальдің бас жүлдесі қазақстандық режиссер Сәбит Құрманбектің “Оралман” картинасына бұйырды.
 Ауғанстаннан өздерінің тарихи отаны Қазақстанға көшіп келген отбасының оқиғасы баяндалатын бұл фильм сәуір айында Иранда өткен халықаралық “Фаджр” кинофестивалінде “Азияның үздік фильмі” жүлдесін алған болатын.

0 пікір