ОҚО-ның 1500-ден астам құнды жәдігері – этноауылдағы көрмеде
ОҚО-ның 1500-ден астам құнды жәдігері – этноауылдағы көрмеде
05.09.2017 13:52
363
0

ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткізіліп отырған мәдениет күндерінде облыстың қолөнершілері тоқыма, сырмақ сыру, кесте тігу, әшекей бұйымдар, ағаш бұйымдарын әрлеу, ісмерлік, ұсталық сынды қолөнер бұйымдарын әзірлеп көпшіліктің назарына ұсынды. Сонымен бірге, ұлттық мәдениетті насихаттауды көздеген оңтүстікқазақстандық қолөнершілер мен суретшілердің төл туындылары және өңірдің тарихи, мәдени келбетін айқындайтын 1500-ден астам құнды жәдігері насихатталды.
Сондай-ақ, этноауылда «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізілген іс-шаралар мен жуырда ғана оңтүстіктің киелі орындарын көзбен көріп, майлы бояу арқылы өрнектеген түркі әлемі суретшілерінің туындылары да осында қойылған.
Ұлттық нақыштағы кәдесый бұйымдарын дайындайтын заңды және жеке тұлғалар ұлттық қолөнер туындыларын қонақтарға таныстырса, 47 қолөнер шебері мен 7 суретші арнайы шеберлік сабақтарын өткізіп, ұлттық қолөнер бұйымдарын әзірлеудің қыр-сырын жиналған көпшіліктің назарына ұсынды.

 baq.kz

0 пікір