«Қаракөз» драмасы сахналанды
«Қаракөз» драмасы сахналанды
23.09.2017 13:45
411
0

Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры 49–шы маусымның шымылдығын түрді. Өнер ұжымы патша көңілді көрермен назарына Мұхтар Әуезовтың «Қаракөз» драмасын ұсынды. Биыл Ұлы жазушының туғанына 120 жыл. Осыған орай театр әртістері Әуезов шығармаларына басымдық беруді көздеп отыр.
Қойылым желісі қазақ жастарына ой салар құнды дүниелерге толы. Жазушы кейіпкер арқылы сол дәуірдегі қазақ қыздарының басындағы жағдайды ашық көрсеткен. Әсерлі шыққан қойылымды жұртшылық жылы қабылдады.
Жетісай дарама театрының өнерпаздары тағылымы мол драмалық қойылымды үлкен шеберлікпен көрсете білді. Әртістердің әдемі сахналық өнері жұртшылық жүрегінен жол тауып, жоғары бағаланды. Әсіресе ауылдағы ағайын ерекше әсер алды.
«Талаптыға нұр жауар». Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының шығармашылық жұмысы күн өткен сайын жанданып келеді. Сахна өнерінің қыр сырын жетік меңгергендері байқалады. Өнер- елге ортақ деген осы.

 

shymkenttv.kz

0 пікір