Қарыз алушы мен беруші білуі тиіс қағидалар
Қарыз алушы мен беруші білуі тиіс қағидалар
02.10.2017 15:12
819
0

Кей кездері материалдық тұрғыдан қиналған сәттерімізде жақындарымыздан, достарымыздан қарыз алып жататын кездеріміз болады. Кейде өзіміз де қарыз береміз. Дінімізде қарыз алу мен беру – жауапкершілікті талап ететін дүние болып есептеледі. Қарызды алудың да, берудің де өзіндік ережелері мен әдептері бар. Ендеше, біле жүріңіз.
Қарыз беруші:
 1. Ол ақшаның (немесе заттың) жаман істерге (ішімдік, құмар ойындары және т.б.) жұмсалатынын біле тұра беруге болмайды.

 2. Ақшаңыз бар болса біреу сізден отбасын асырау үшін, қиын жағдайға тап болғанда сұрап келсе міндетті түрде беріңіз.
 3. Ақшаны пайызға беруге тыйым салынады.
 4. Кейін қиындық тумау үшін куәгерлер болғаны дұрыс. Егер сома қомақты болса, нотариуске жүгінген де артықтық етпейді.
 5. Қарыз берудегі бір ғана мақсат – шын ниетпен сол адамға көмектесу болуы керек.
 6. Қарызды кәмелетке толмағанға, балаларға және ақыл-есі кем адамдарға беруге болмайды.
Қарыз алушы:
 1. Қарызды тек аса мұқтаж кезде ғана сұраған және ол ақша пайдалы істерге ғана жұмсалуы тиіс.

 2. Қарызды қайтаратын күнді білмей тұрып «пәлен күні беремін» деп уәде бермеу керек.
 3. Қарызды алғанда оны қайтара алатындай жұмысыңыз немес басқалай кіріс көзіңіз болуы тиіс.
 4. Қарызды келісілген уақытта, дәл сол соманы (бір тиын да кем қылмай) қайтару керек.
 5. Қарыз алушы көмектескен адамға рахметі ретінде қарызынан бөлек сыйлық жасай алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қарыздарыңды әдемі қайтаруға тырысыңдар» деген.
 6. Қарызды алып, оны қайтармай қою – күнәға жатады. Оның жауабы өте ауыр болмақ. Кешіктіру – зұлымдық жасаған болып есептеледі.

 asylsoz.kz

0 пікір