Халықаралық қазақ тіліндегі Жайдарман мәресіне жетті
Халықаралық қазақ тіліндегі Жайдарман мәресіне жетті
05.09.2017 14:06
420
0

25 тамыз күні тұңғыш рет ұйымдастырылған халықаралық Жайдарман ойыны өз мәресіне жетіп, Қырғызстан құрамасы жеңімпаз атанды. Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырымен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мен Қазақстан КВН Одағы ұйымдастырған болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан елдерінен және қазақстандық бірнеше топ өнер көрсеткен сайыс жоғары деңгейде өтті. Бұрын Жайдарманның ішкі біріншілігіне қатысып, тәжірибе жинаған қырғызстандықтар ойынға тыңғылықты дайындықпен келіп, бас жүлдемен қоса 500 000 теңге ақшалай сыйлықты иемденді.
І орын - 350 000 теңгені қазылар алқасы бір ауыздан «Татарстан құрамасына» берсе, ІІ орын алған Башқұртстаннан келген командаға 300 000 теңге ақшалай сыйлық бұйырды. Ал ІІІ орын - 150 000 теңге екі командаға - Торғай өңірінің намысын қорғап келген «Ару.кз» тобы мен «ОҚО құрамасына» берілді.
Сондай-ақ Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі академия атынан жаркенттік ұйғыр жастарынан құралған «Lagman.com» тобы мен түркістандық өзбектер құрамасы «Яссы» тобына 250 000 теңге арнайы ақшалай сыйлық ұсынды.
Сатирик Көпен Әмірбек бастаған қазылар алқасы құрамында халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігi қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi Берік Уәли, «Республикалық радиолар» ЖШС директоры Мәди Манатбек, актер Нүркен Өтеуілов ойынға төрелік етті.
Ойын «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсету жоспарланып отыр.

  baq.kz

0 пікір