Рүстем Жүгінісов «Жаңа толқында» финалға өтті
Рүстем Жүгінісов «Жаңа толқында» финалға өтті
11.09.2017 13:00
334
0

 Биылғы «Жаңа толқын» халықаралық ән байқауына Қазақстанның атынан Рүстем Жүгінісов өнер көрсетуде.
 Әлемдік хиттар орындалатын бірінші күні ол Duran Duran Notorious тобының әнін орындап шықты. Ал екінші күні “Сүйем сені” әнін орындап бесінші орынға жайғасты. Қазіргі таңда бірінші орынды өзбекстандық Сардор Милано мен армениялық Эрна Мир бөлісіп тұр.
 Енді 9 елден іріктеліп алынған 14 финалист 14 қыркүйекке дейін бас бәйге үшін күреседі.

0 пікір