Шын шүкірлік
Шын шүкірлік
04.11.2020 14:25
357
0

Мәулана Жалаладдин Руми деген әулие құл өтіпті. Сол кісі бірде: «Үйде тіске басар еш нәрсе қалған жоқ» деп хабар берген әйеліне қарап бір сұрақты қайта-қайта сұрай беріпті:

-          Шынымен, ештеңе қалған жоқ па?
-          Жоқ.
-          Еш нәрсе дейсің бе?
-          Иә, еш нәрсе.
-          Тамақтан өтіп ас болатын бір де бір нәрсе жоқ па?
-          Иә, жоқ.
-          Рас па?
-          Рас, рас...

Сол кезде Мәулананың жүзі бал-бұл жанып, көзіне қуаныш үйіріле бастады. Алақанын жайып тұрып былай деп дұға етті: «Уа, Алла Тағалам! Саған сансыз шүкіршілік айтамын. Енді менің үйім Расулулла Мұхаммед салаллаһу алейһи уәсалламның үйіне ұқсай бастапты».

 

Қазақ тіліне аударған: Асылбек Әуезханұлы

0 пікір