Бақ кімге қонады?
Бақ кімге қонады?
02.10.2017 12:52
1431
0

Бөлтірік шешен қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:
-Ақ ата, бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? - дейді. Сонда Бөлтірік шешен:
- Қарағым, байлық – қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол ұшқан құсың емес пе, бала артта қалған ізің емес пе. Бәрінен де жолдас-жораңмен, ағайын- туысыңмен, ел-жұртыңмен сіз-біз деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың – құл, қуанышың – от! - деген екен.

0 пікір