Ескі Иқанның «шиқаны» жарылмай тұр
Ескі Иқанның «шиқаны» жарылмай тұр
06.11.2020 13:32
345
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа
Құзырлы органдармен жергілікті билікке:
«Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевқа
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асановқа
ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовқа   ҚР ҰҚК төрағасы К.Мәсімовке
ҚР Ішкі істер министрі  Е.Тұрғымбаевқа
Түркістан обылысы әкімі  Ө.Шөкеевке
Түркістан обылысы Бас прокуроры Н.Әбдіровқа

  Ол неге жарылмайтын «шиқан» тегі? Пісіп жетіліп-ақ тұр. Алайда Кентау қалалық ІІБ бастығы Е.Қыдырбаев, Түркістан облыстық жер инспекциясы басқармасының басшысы А.Мырзаев бүкіл денеге уы жайылып кетпес үшін шиқанды біржолата жарып, денені жеңілдету жолдарын қарастырғанда бұл ауру да, бұл дау да өршімес еді. Қарапайым халықтың арыз-шағымына көз жұма қарамауды, олардың мүдделерімен санасуды Президент Қ.Тоқаев жергілікті билікке ескертсе де, әзірге естір құлақ табылмай тұр. Оны мына тұрғындардың жанайқайларынан-ақ анық аңғаруға болады.

  Түркістан обылысы жер инспекциясының басқарма басшысы А.Мырзаевқа Кентау қаласы Ескі Иқан ауылының тұрғыны Алимардан Курбанхаджиевтан мынандай мәтінде хат жөнелтілді.

  2005-2012 жылдар аралығында яғни, Д.Маннатов Ескі Иқан ауылында әкім қызметін атқарған кезінде ауыл тұрғындары арасында алауыздық, келеңсіздік болмаған еді. әкімдік қызметке Хасан Муслимов отырғалы, яғни 2016 жылдан ауыл арасы алатайдай бүлініп, түрлі заңсыздықтар орын ала бастаған. Даныш Манатовтың кезінде яғни, 2005,2006,2007 жылдары легализация «Рақымшылық Заңына» орай шыққан шешімдерге 2016,2017,2018,2019 жылдары ауыл әкімі Хасан Муслимов  Даныш Маннатов Ескі Иқанда ауыл әкімі болып тұрған кезіндегі жерге шығарған шешімдеріне  арада 11-12 жыл өткен соң тұрғындарға бұрынғы шешімдермен заңсыз жер учаскелерін табыс етіп, кемінде 40 тұрғынға шешім шығарып берген. Онысын: «бұл жерлерге кезінде әкім болған Д.Маннатовтың құйтыртқы әрекетпен заңсыз шешім шығарған» деп жала жауып, Д.Маннатовтың мансабына нұқсан келтіріп түрлі өсектер таратуда.«Даниш Маннатовқа емес, маған сеніңіздер» деп халықты шатастыруда. Мұнысы қып-қызыл жала, қазіргі таңда жоғарыдағы шешімдер бойынша жер учаскелерін орналастыруда көптеген заңбұзушылықтар орын алып жатыр. Мысалы, №25 мектептің төменгі жағындағы Шолпан көшесіне орналасқан жер учаскелері 2009 жылы ауыл әкімшілігінің балансына өткен. Сол кезде ауыл әкімі Даниш Маннатов еді. Сондықтан, 2006 жылдары халыққа жер учаскесін бере алмаған.  2009 жылға дейін ол жерлер суармалы жер санатында болып, қала әкімдігінің меншігіне қараған. Екінші жағынан, 2009 жылдан кейін жер учаскесі берілу үшін инфрақұрылым дайын емес болатын. Үшіншіден, сол кездері Д.Маннатов жерге мұқтаж азаматтарды заңды тұрғыда жер кезегінің тізіміне қойған болатын. Бүгінгі таңда ауылда 900-ге жуық адам жер кезегінде тұр. Ал, Хасан Муслимов 2017-жылдан бастап таза жерлерге кезектен тыс заңсыз шешімдер шығарып, тұрғындарға таратып келген. Мұнан басқа, 2007-жылғы рақымшылдықпен берілген жерлерге 2018-жылы Шолпан көшесіндегі таза жерге заңсыз халықты орналастырып, алаяқтық жасап отыр.  Тағы бір сорақылығы, 2006-жылға дейін «Азаматтардың өздері бұрыннан тұрған үйлерінің жер учаскелеріне жеке меншік құқық беру туралы-шешіміне 2017,2018, 2019 жылдары стадион аумағындағы мемлекет меншігіндегі және мектеп құрылысына бөлінген аймақтан 40 шақты тұрғынға жер учаскесін беріп заңсыз әрекет жасап отыр. Егер осы берілген учаскелерді жіті тексеріп көрсе, талай қылмыстың беті ашылары даусыз. Ол жерге экс-әкім Даниш Маннатов шешім бермеген.  Қылмысты оқиғаның бетін ашу аса қиын емес, егер Кентау қаласындағы мұрағаттан шешімдер мен басқа да құжаттарды бір саралап көрсе болды. Барлығы айдан анық болып шыға келері даусыз, – дейді  шыр-пыры шыққан Алимардан Курбанхаджиев.

   Ал, мына бір хат Кентау қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Е.Қыдырбаевқа Ескі Иқан ауылының тұрғыны Альмира Құрбанхаджиевтен жөнелтілген.

   Бұл да өз арызында Ескі Иқан ауылдық округіндегі орын алып жатқан заңсыздықтарға байланысты мекемеге ҚР «Жер кодексі» талаптарының сақталмауына байланысты шақыртылған комиссия жұмысының тексеру қорытындысына қанағаттанбайтынын, заңсыз берілген жер учаскелерін анықтап, тиісті қорытынды шығармай отырғанына ашынады. Тағы комиссия жіберілген жағдайда ол комиссия құрамына өзін міндетті түрде қосуды өтінеді. Осындай келеңсіздіктерге қарамастан ауыл әкімі тиісті қорытынды шығарар емес дейді арызданушы азамат.

     Редакциядан:

  Міне, Ескі Иқан ауылындағы ахуал мәз емес екенін көріп отырсыздар. Заңсыздық орын алған жерде дау-дамай қосыла жүретіні жасырын емес. Тиісті мекемелерге жіберілген хаттардан қайран болмаса, айтқанына құлақ асылмаса, ауыл әкімінен пайда көрмесе, онда тұрғындар қайда, кімге барады? Редакцияға келіп, араша сұраған ауыл тұрғындарының айтар арыз-шағымдары жүздеген шақырымға сандалтпай-ақ мәселені неге жергілікті атқамінерлер өздері шеше алмайды. Күрмеуі көп тірлік емес қой, әлде басқа да біз білмейтін құпия-сырлары бар ма? Не болса да, Ескі Иқанның «шиқаны» жарылуға шақ тұр. Ол күнді де күтейік онда...

  Біз газетті дайындап жатқан кезде Ескі Иқан ауылының әкімін Хусан Муслимов обылыстық жемқорлықпен күрес басқармасының қызметкерлері өзінің жекеменшік ғимаратында жер сату бойынша кәсіпкерден 2 миллион теңге пара алу үстінде ұстаған. Аталған қаржы жалпы алынған параның жартысы, жалпы параның көлемі 4 миллион 150 мың теңге. Алдағы уақытта бұл дереккөзін нақтылап, толыққанды ақпарат береміз.

 Назипа Дарханбайқызы 

Осыған ұқсастар:
1. Орынбасар Лештаев «Қызыл жұлдыз» орденін тауып алды ма, әлде мүрдеден «ұрлап» алды ма?
2. Қызыл жұлдыз орденінің «иегері», «қаһарман» О. Лештаев сотқа беремін деп «отқа» түсті
3. Киелі кесенені табыс көзіне айналдырған Орынбасар Лештаев 
4. Саясатпен «ойнаған» Орынбасар «орынтақтан» айырылды 
5. Н.Назарбаев десе заң жүрмейді, Е.Сайрамбаев десе заң жүреді.

0 пікір