«Жанкешті Жантура» жалғанды жалпағынан басып жүре бере ме?
«Жанкешті Жантура» жалғанды жалпағынан басып жүре бере ме?
31.10.2020 16:29
579
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа
Құзырлы органдармен жергілікті билікке:
«Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевқа
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асановқа
ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовқа
ҚР ҰҚК төрағасы К.Мәсімовке
ҚР Ішкі істер министрі  Е.Тұрғымбаевқа
Түркістан обылысы әкімі  Ө.Шөкеевке
Түркістан обылысы Бас прокуроры Н.Әбдіровқа

2 097 398 800 (екі миллиард тоқсан жеті миллион үш жүз тоқсан сегіз мың сегіз жүз теңге) мемлекетке шығын келтірсе де құзырлы органдар осы күнге дейін жауапқва тартпаған. 

 

алаяққа беріп, табанынан тозып жүрген Мамлакат Рахимқұлқызының жанайқайы негізінде мақала кейіпкері Жантура Юлдашов деген азаматтың кім екендігі туралы біздің зерттеп, зерделеуден соңғы мәліметтер жарияланған еді. Ал енді Жантура Юлдашов деген кім, ол не бүлдірді дегенге келсек, мәселе былай болған:

  Біздің анықтағанымыздай 2014-2015 жылдары Жантура Юлдашов өз бетінше, ешкімнің рұхсатын алмай-ақ Сайрам ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жердің жалпы көлемі 5,95 гектарды жеке мақсатына жұмсайды. Яғни, 8 метр тереңдігі бар шұңқырды қазып, жер қойнауы байлығын жеке мүддесіне жұмсап келген. Нәтижесінде қоршаған ортаға айтарлықтай залал келіп, мамандардың есептеуінше мемлекетке 2 097 398 800 теңге келтірілген. Ел байлығын – жеке байлығым деп есептеген жанкешті Жантураның осы әрекетін қылмыс емес деп кім айта алады? Жоқ, оның қылшығы да қисайған жоқ, керек болса жердің бір бөлігін біреулерге жалға беріп қойып, миығынан күліп жүргені сенгені бар адамның әрекетіне ұқсап кетеді. Ал, ол алып жатқан құм – тасынан, қоршаған ортаға қаншалықты зиянын тигізуде, ол жөнінде бас қатырып жүрген ешкімді байқай да қоймадық. Мойынына ілінген миллиардтаған қаржы қайтарылды ма, оны да тап басып ешкім айтып  бере алмасы тағы анық.

  Енді Мамлакаттың тірлігі жөнінде бірер сөз. Бұл азаматшаны жанкешті Жантура торына түсіріп, 2014 жылы «жер әперемін» деген желеумен жалпы көлемі 20300 АҚШ долларын алып, жер де жоқ, ақша да жоқ, сандалтып қойған. 2018 жылы ғана «сендерден алған бар қаржы осы» деп 3 000 000 теңгені әзер қайтарған. Ал, бұл кезде Мамлакаттың күйеуі күйіктен қайтыс боп кетсе, өзі мен ұлының үнемі қан қысымдары көтеріліп, дәрігердің көмегіне жиі жүгінетін жағдайға жеткен. Айдың күні аманында қолымен беріп, аяғынан тозып жүрген Мамлакаттың Жантурадан алатын әлі 12 300 АҚШ доллары бар.

  Міне, жанкешті Жантураның осындай заңсыздықтары бар. Бір қызығы, мемлекетке болсын, жеке тұлғаға болсын, миллиондап, миллиардтап залал келтіріп, онысы әшкере болып жатса да «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» не деген жанкешті бұл деп ойлайсыз. Сонда құқық қорғау органдары не істеп отыр? Иектерінің астындағы мемлекет меншігіндегі жерді жеке меншігіндей көріп, білгенін жасап жүрген жанды көрмей, жергілікті билік ай қарап, жұлдыз санап отырған ба? Сайрамдық шенеуніктер мен құқық қорғау органдарынан осы мәселенің шешілуі қалай болып жатқандығы жөнінде жауап күтеміз. 

Бұл мәселені алдағы уақытта «Саясат-ақпарат» газетінің назарында ұстайтын боламыз. Жалғасы бар...

Назипа Мамықов

0 пікір