Жазып едік, жауап келді...
Жазып едік,  жауап келді...
23.10.2020 13:25
306
0

«Саясат-ақпарат» газетінің 17-18(292) санындағы «437 миллион теңге жымқырғанА.Ш.Жамалбековті, Шымкент соты түрмеге неге қамамады?» атты мақалаға қатысты жазған хатыңызды қала прокуратурасы қарады.

         2017 жылы қылмыстық құдалау органы Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінде 2012-2017 ж.ж. аралығында И.Джунусалиева және т.б. ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында мемлекеттен  бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырған фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіп, күдікті адамдар сотқа берілген.

     Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 31.10.2018 ж. И.Джунусалиева және т. б. қатысты айыптау үкімі қабылданып олар түрлі жазаларға сотталған.

     «Орталық» басшысы А.Ш.Жамалбековтің  ұйымдасқан қылмыстық топтың (ОПГ) құрамында мемлекеттен  бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырған фактісі бойынша ЖЕТКІЛІКТІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР БОЛМАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ,  қылмыстық құдалау органы (?) А.Ш.Жамалбековтің әрекетін орталықтың басшысы лауазымын атқарып жүріп, өз міндеттеріне, қызметіне ұқыпсыз қарау салдарынан, абайсызда (?) мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық танытып республикалық бюджеттен бөлінген трансферттік қаражаттардың мақсатты жұмсалуына тексеру мен бақылауды өз денгейінде жүргізбей И.Джунусалиева және т.б. жеке кәсіпкерлердің есеп шоттарына қаражаттың негізсіз аударуына жол бергені үшін  ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен саралаған.

    Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты 24.02.2020 ж. үкімімен А.Ш.Жамалбековті ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметтерін атқару құқығынан айыра отырып,  2000 АЕК мөлшерінде 4 миллион 538 мың теңге айыппұл жазасын тағайындаған.   Бүгінгі таңда А.Ш.Жамалбековке қатысты сот үкімі заңды күшіне енген.

                               Қала пркурорының міндетін атқарушы     Н.Сейдалиев

 ....КӨРМЕС, ТҮЙЕНІ ДЕ КӨРМЕС немесе прокурор Н.Сейдалиев «союз» кезінде «АЛИК-МАЛИК-ШАРИК» ойнатқан  «жүгермек»  емес пе,  екен?

 

  Қадағалаушы орган қызметкері, білдей  бір  МЕГАПОЛИСТІҢ прокуроры  Н.Сейдалиев, Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту  орталығының  басшысы А.Ш.Жамалбековтің  ұйымдасқан қылмыстық топтың (ОПГ) құрамында мемлекеттен  бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырған фактісі бойынша ЖЕТКІЛІКТІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР БОЛМАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫқылмыстық құдалау органы (?) А.Ш.Жамалбековтің әрекетін орталықтың басшысы лауазымын атқарып жүріп, өз міндеттеріне, қызметіне ұқыпсыз қарау салдарынан, абайсызда (?) мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық танытып республикалық бюджеттен бөлінген трансферттік қаражаттардың мақсатты жұмсалуына тексеру мен бақылауды өз денгейінде жүргізбей И.Джунусалиева және т.б. жеке кәсіпкерлердің есеп шоттарына қаражаттың негізсіз аударуына жол бергені үшін  ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен саралаған»-деп  редакцияға қалайша ұялмай-қызармай  жауап беріп отыр?

   Сонда,  прокурор Н.Сейдалиев   күллі газет оқырмандарын және редакция ұжымын   ақымақ санап, өзін ақылды етіп көрсеткісі келіп отыр ма?

 Мәселен,   егер қудалау органы (тергеу органдары)  А.Ш.Жамалбековтің іс-әрекетінде  ұйымдасқан қылмыстық топтың (ОПГ)құрамында мемлекеттен  бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырған фактісі бойынша ЖЕТКІЛІКТІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР БОЛМАДЫ- деп, анықтаса болды, прокуратура  Құдайға сенгендей, тергеушілерге сене салады дегенге  бесіктегі бала да сене қоймас?

    Өйткені тергеуші, сотқа дейінгі тергеп тексеруді аяқтап,  қылмыстық іс құжаттарымен қосып,  Айыптау актісін прокуратураға жолдайды. Ал, прокуратура Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодексінің 301-302 -баптарының талаптары негізінде  қылмыстық іспен танысып, оны әбден  зерделеп тексереді. Айыптау актісімен бірге келіп түскен қылмыстық істі 10 тәулік ішінде   қарап, шешім қабылдайды. 

   Прокурор Н.Сейдалиевтің редакцияға жолдаған  жауабына қарасақ, заңдылықты қадағалайтын прокурор қылмыстық іспен мүлдем таныспаған, немесе «мүлгіп» отырып қараған сияқты ғой?

Я, болмаса, ол өз жазғанына өзі түгіл, оқырмандарымыз да  түсінбейтіндей етіп жазып,  түсінсең әне, түсінбесең міне- дегендей,  жуліктерше «алик-малик-шарикті» ойнатып отыр ма?

   Өйткені прокурор Н.Сейдалиев  «Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінде 2012-2017 ж.ж. аралығында И.Джунусалиева және тағыда басқа ұйымдасқан қылмыстық топтың (ОПГ) құрамында мемлекеттен  бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырған фактісі бойынша... «Орталық» басшысы А.Ш.Жамалбековтің  ұйымдасқан қылмыстық топтың (ОПГ)құрамында мемлекеттен  бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырған фактісі бойынша ЖЕТКІЛІКТІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР БОЛМАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫқылмыстық құдалау органы (?) А.Ш.Жамалбековтің әрекетін орталықтың басшысы лауазымын атқарып жүріп......»-деп, өзі жаза отырып, А.Ш.Жамалбековты «судан таза, сүттен ақ» етіп, оның орталық директоры бола тұра «өз міндеттеріне, қызметіне ұқыпсыз қарау салдарынан, абайсызда (?) мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық танытып республикалық бюджеттен бөлінген трансферттік қаражаттардың мақсатты жұмсалуына тексеру мен бақылауды өз денгейінде жүргізбей И.Джунусалиева және т.б. жеке кәсіпкерлердің есеп шоттарына қаражаттың негізсіз аударуына жол бергені үшін  ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен саралаған» деп, оны құдды бір адвокат секілді қорғаштап тұрғаны  прокурорлық қызметіне лайықты  тірлік емес.

  «Саясат-ақпарат» газетінің 17-18(292) санындағы «437 миллион теңге жымқырған А.Ш.Жамалбековті, Шымкент соты түрмеге неге қамамады?» атты мақалада біз А.Ш.Жамалбековтың «былықтарын» нақтылап  көрсеттік. Сыбайластары, оның ішіндегі «әккі алаяқ», ОПГ жетекшісі Индира Джунусалиева, А.Абдиева, «кошелек-подельнигі» Марат Ташматов пен т.б. орталық басшысы А.Ш.Жамалбековке,  мемлекеттен жымқырған миллиондаған теңгесінің қанша сомада, қай үйге, қандай көліктің ішінде апарып бергендерін нақтылап жаздық. Соттың  әділетсіз өткенін де, соттың шығарған заңсыз  актісіне Прокурорлық наразылық келтіріңіздер деп те сұрадық. Алайда, «Мен не деймін, домбырам не дейді»-деген сыңай танытқан прокурор Н.Сейдалиев, мақаладағы фактілерге жете мән бермеген сықылды.

  Сондықтан, Ұйымдасқан Қылмыстық Топтың басшысы Индира Джунусалиева мен А.Ш.Жамалбековтың «подельнигі» Ташмадов Марад Мухтаровичтің сыныптасы әрі халықты жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы Укшебаев Бекжан Куралбаевичтің, бөлім басшысы Салтанат Бейсебаева және де өзге «әріптес-подельниктерінің»  сотқа дейінгі тергеу кезіндегі  берген жауаптарымен   А.Ш.Жамалбековтің іс-әрекетінде  ұйымдасқан қылмыстық топтың (ОПГ)құрамында мемлекеттен  бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырған фактісі бойынша ЖЕТКІЛІКТІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР БОЛҒАНДЫҒЫН, жасаған қылмыстары АБАЙСЫЗДА жасалынбағандығын прокуратураға  дәлелдеп берейік. Мүмкін, содан кейін прокурор Н.Сейдалиевтің А.Ш.Жамалбековке деген ой-пікірі өзгеріп, тиісті шара көретін болар?

Құрметті оқырман қауым, құрметті прокурор Н.Сейдалиев мырза! Түркістан облыстық сотының қылмысты істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына ҚР ҚК-нің 190-б. 4б.1,2т.т., 262-б.2баптарымен сотталған  Турлыбаев Максат Омирзаковичтің жазған арызына назар аударайық.

                                           АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ

/31.10.2018 жылғы СОТ ҮКІМІНЕ (№ 1-34/18іс)/

Құрметті апелляциялық сот алқасының судьялары!!!

Мен, Түркістан облысының қылмыстық  істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 31.10.2018 жылы шығарған Үкімімен келіспеймін. Өйткені, мен, Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 190-б. 4б.1,2т.т.,  262-б. 2б.    қарастырылған аса ауыр санаттағы қылмыстардың ешқайсысын жасамадым. Мен, тек қана өзімнің қызметтік міндетіме жататын және Жеке Еңбек шартында көрсетілген, Шымкент қаласының  «жұмыспен қамту орталығының» басшысы А.Жамалбековтың  Бұйрығымен бекітілген функционалдық қызметтерді  атқарғанмын. Маған, яғни М.О.Турлыбаевқа қатысты шығарылған Үкім негізсіз,  әрі заңсыз  болғандықтан ол күші жойылуға жатады деп есептеймін.

Өйткені, маған тағылған айыптаулар СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП ТЕКСЕРУ кезеңінде де СОТ ТЕРГЕУ БАРЫСЫНДА  да өз дәлелін таппады. Мен ол бойынша өзімнің «сот жарыс сөзімде» толығымен айтып, оны  әкем арқылы сот хатшысына табыстадым. Солай бола-тұра, бірінші сатыдағы сот, айыптау Үкімді тек «болжам» мен «сейілмеген күмандар» мен тергеушінің айтқан жалған фактілеріне сүйеніп  Үкім  шығарды.   Ал,  СОТ ҮКІМІ-ол, Жоғарғы Соттың Нормативтік Қаулыларына сай, ол  қылмыстық іс жөніңдегі бүкіл өндірістің қорытындысы, шығарылатын құқықты қолданудың аса манызды КЕСІМІ болып табылады. Сонымен қоса,  Үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылатындықтан ол әрі заңды және негізді болуы тиіс.

 Құрметті апелляциялық алқа судьялары, бірінші сатыдағы соттың жіберген кемшіліктерін түзейді деп сіздерге нық сеніп, бірінші сатыдағы соттың назарынан тыс қалып кеткен іске қатысы бар сот шешімін өзгертуге тұрарлық  мән-жайларды айтып берейін.

1. Бірінші сатыдағы сот, өз Үкімінде  (1-бет)тек 14 сотталушы, яғни:  И.Т.Джунусалиева, С.Н.Русинова, К.А.Аймырзаева, А.А.Айдарова, Г.Ә.Жарқынбай, Б.Е.Сапарова, А.Р.Абдиева, М.М.Ташматов, М.О.Турлыбаев, С.Н.Бейсебаева, Б.С.Серікбай,   Б.Б.Журтанова және А.М.Мырзалиеваларға қатысты қылмыстық істі қарады.  Ал, осы қылмысқа тікелей қатысы бар Шымкент қаласының Жұмыспен Қамту Орталығының директоры А.Жамалбековты, Шымкент қаласының Жұмыспен Қамту Орталығының директоры орынбасарлары  (35 том- 15-17 б.б.) орынбасарлары Е.Балабеков, А.Мырзаханов, Б.Укшебаевтар (куә) мүлдем аталмаған.

    Бірақ та бұл азаматтар, осы Орталықта 2012 жылдан бері лауазымды қызметтерді атқарған. Жұмыспен Қамту Орталығының Бас есепшісі - Барлыбаева Ажар неге куә болып өтуде?   Барлық қаржылық құжаттар осы азаматшаның қол қоюымен өтіп, мемлекет қаржысы осы лауазымды тұлғаның арқасында  талан таражға түсіп «ЖЫМҚЫРЫЛҒАН».

   ***Солай бола тұра,  бірінші сатыдағы сот  одан тек куә ретінде жауап алып, оның іс-әрекеттерінде ешқандай қылмыстық құқық бұзушылықты «байқамай»,  оны сот залында қамауға алмаған. НЕГЕ??? (35том 1-4 бет)  Әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Қунышбеков Бауыржан -     (неге куә болып отырғаны да түсініксіз)?

35том 5-10б.б) ШҚ ЖҚО 2015жылдан бері әлеуметтік бағдарлама бойынша түрлі қызмет атқарған -куә Рустемова Улбике де істе тек куә ретінде өткен.

 Куә  Арқабаев Бағдат – ШҚ ЖҚО-ның әкімшілік сектор басшысы БОЛА тұра, тергеуге,  сотқа  мүлдем  тартылмаған.

35 том- 15-17 б.б.   маман  Ж.Аширов(93 том 117-125 беттер)СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП ТЕКСЕРУкезенінде жинақталған материалдармен барлық «социалды контрактілерді» ТҮЗГЕН осы маман бола тұра , неге мені  соның орнына кәсіпкерлермен «келісім-шарт» жасасты деп  сот айыптау Үкімін шығарып отыр?

 Куә Темиралиев Ербол –    Ол өзінің жауабында -«Мен, 2013ж. бері ШҚ ЖҚО-да маман, ал 2015ж. бастап "Жастар Практикасы Бағдарламасы" бойынша бөлім басшысымын. 2016ж ақпан айында "ТЖҚ" (тұрақты жұмыспен қамту) бөлім басшысы, ал сәуір 2016ж. Жеке Кәсіпкерлерді "несиелендіру" бөлім басшысы, ал 2017ж. наурыз айында "ТЖҚ" бөлім маманы  (35 т.47-51 б.) бола тұра, сот оны мүлдем жауапқа тартпаған?

Куә  Сапарбеков Бауыржан -  өз жауабында: «Мен, 2011-2012ж. – ШҚ ЖҚО директор орынбасары қызметін атқарғанмын»- (35 т. 52-55 б.)-деп  айтса да қарапайым маман, яғни мен секілді де жауапқа тартылмаған.

Куә Кашенов Нургали СДТТ кезінде берген жауабында: -«Мен 2012-2013ж. "Әлеуметтік жұмыс орындары" бөлімінде сектор менгеруші болып істедім»-деп жауап беріп отырса да жауапқа тартылмады. (35 т. 62-66 б.)

Куә Есенов Талғат -«Мен, 2011ж. 2013ж. "Әлеуметтік жұмыс орнында" сектор менгерушісі қызметін жасадым»-деп СДТТ органына жауап береді, сот оған да назар аудармайды.

Куә Жусипов Сарсеналы – «2013 - 2015ж. ЖҚО -бөлім басшысы қызметін атқардым»-деп жауап береді, сот оның сөзіне де құлақ аспаған.

Куә  Қожанова Назипа-«Мен, 2011-2012ж. "Оқу бөлімінің" инспекторы, сосын бөлім басшысы, 2013-2014ж. -Орталық директоры қызметін атқардым»-деп, тергеуге жауап берген куәлердін ешқайсысы да, мен, яғни   М.Турлыбаев  секілді тергеу изоляторына да жабылмады, тек куә ретінде жауап беріп өздерінің бұл қылмыстарға еш қатысы жоқтығын айтып ақталды, ал кінәлігі жөнінде бірде бір дәлел келтіре алмаса да мені бірніші сатыдағы сот негізсіз айыптап 7 жылға соттады. 

2. СОТ ТЕРГЕУ БАРЫСЫНДА   сөз алған куәлар мен сотталушылардың бір де біреуі  -«М.Турлыбаев,  менің сеніміме кіріп ақша алды, ол ақшаларды бас пайдасына жаратып жымқырып, қашып кетті»-деп, саусақтарын шошайтып маған қаратып    айтқан емес.

 Керісінше, олар -«М.Турлыбаев,   тек қана жеке кәсіпкерлік субьектісіне  қатысты  құжаттарды  қабылдап алып, базаға тіркеді»-деп, М.Турлыбаевтың өзінің   Шымкент қаласының Жұмыспен Қамту Орталығының директоры А.Жамалбековтың 04.01.2017 жылғы № 1-ө бұйрығымен және 15.12.2016 жылғы лауазымдық Нұсқаулықтарымен (іске тігілген және қосымша апелляциялық алқа сотына Ұсынамын) бекітілген функционалдық міндеттерін орындағанымды дәлелдеп-айғақтайды.

3. Аталмыш құжаттарда: «Жастар Практикасына», «Ақылы Қоғамдық Жұмыстарына», «Әлеуметтік Жұмыс Орындарына», «Уақытша жұмыс Орындарын Ұйымдастырған Мекемелерден»келіп түскен «Өтінімдерге» жауап беру, бекітуге ұсыну, қаржыландыру жөніндегі келісім-шарттар жасау, оларды тіркеу, статистикалық есептері туралы мәліметтерді тапсыруға, бағдарламаға қатысушылардың мониторинг жұмыстарын жүргізуЖ.Әшіровке, К.Дүйсеноваға, Г.Пернебековаға, М.Ташматовқа, А.Шаукенбаеваға, Б.Нурбековке, М.Турлыбаевқа,Ф.Бекишеваға, Ұ.Нысанбаеваға жүктелсін»- деп, НАҚТЫ ЖАЗЫЛҒАН. 

  1. 1.   Алайда бірінші сатыдағы СОТ  өз Үкімін шығарар кезде  істе тігілген осындай манызды құжаттарға тиісті құқықтық бағасын бермеді, тіпті оған назарын да аудармады.

2.Сонымен қоса, бірінші сатыдағы сот, М.Турлыбаевпен қатар дәл осындай жұмыстарды атқарған Ж.Әшіров, К.Дүйсенова, Г.Пернебекова, М.Ташматов, А.Шаукенбаева, Б.Нурбеков,  Ф.Бекишева, Ұ.Нысанбаеваларға қатысты (өз кінәсін толық мойындап келген М.Ташматовты қоспағанда) айыптау Үкімін шығармақ былай тұрсын, тіпті бір ауыз «жаман» сөз қозғамады. Егер де, бірінші сатыдағы сот «функционалдық міндеттерді» орындау   қылмыс деп табатын болса,  онда жоғарыда аталған Ж.Әшіров, К.Дүйсенова, Г.Пернебекова, А.Шаукенбаева, Б.Нурбеков,  Ф.Бекишева, Ұ.Нысанбаеваларды да мен сияқты НЕГЕқылмыстық жауапқа тартып, соларға да маған  тартылған сияқты  АЙЫПТАУ ҮКІМІН сот неге  ШЫҒАРМАДЫ???

3.Бірінші сатыдағы сот  айыптау Үкіміндегі «сипаттау бөлігінде» (5-11-беттер) И.Т.Джунусалиеваның 2012-2017 жылдар аралығындағы мемлекеттен жымқырған 403 166 181 теңге бойынша «полный расклад» берген. Жымқырылған ақшалардың қашан, қай шотқа, кімнің шотына-қанша сомада түскені толық есебін шығарған.

         Құрметті апелляциялық сот алқасының судьялары, осы Үкімдегі (5-11 бет) бірінші сатыдағы соттың сипаттап айтқан фактілерінде М.Турлыбаевтың немесе оның туыстарының шотына ақша түскені туралы ешқандай мәлімет жоқ -екендігіне назар аударып, осы фактіге тиісті құқықтық бағасын беруінізді сұранамын. Сондай-ақ,    М.Турлыбаевтың немесе туыстарының  қолма-қол ақшаларды санап алғаны туралы бір факт көрсетілмеген. Осыған да  назар аударып, құқықтық бағасын берулерінізді сұранамын.

4.Бірінші сатыдағы сот,  айыптау Үкіміндегі «уәждеу бөлігіндегі»   (16-бетінде)–« Басты сот талқылауында сотталушы М.Турлыбаев өзіне тағылған айыптауларды ішінара мойындады»- деп жазып, Индира Джунусалиевадан  400 000 теңге қарызға алғанымды  мойындап сотта айтқан сөзімді басты айып деп санап  отыр.  Алайда, И.Джунусалиева алдын ала тергеу және сот тергеуі барысында да «Мақсат Турлыбаев менен 800 000 теңге қарыз ақшаны бұрыннан сұрап жүргенін, жағдайы нашар квартирада тұрғаннан соң 400 000 т. қарызға бергенім рас»-деп айтса да, (істін 66- том, 54 - 83-бет) бірінші сатыдағы сот оны назарына алмады және оған құқықтық бағасын бермеді.

5.Бірінші сатыдағы сот   айыптау Үкіміндегі «уәждеу бөлігіндегі»   (16-бетіндеМ.Турлыбаевтың кінәлілігі жөнінде басқа ешқандай «уәж» келтіре алмады. Яғни,  АЛАЯҚТЫҚ іс-әрекет бойынша:  М.Турлыбаев нақты кімге, қашан алаяқтық жасағандығын, бірінші сатыдағы сот анықтамады және  дәлелді іске маңызы бар құжаттар деп тану туралы Қаулы шығармады,   іске ол құжаттарды қоспады да, тіркемеді де.  Сөйте тұра,   бірінші сатыдағы сот (Үкімнің 58-бетінде)-«М.Турлыбаев мемлекет қаржысын аса ірі мөлшерде жымқырды»-деп  ешбір негізсіз айыптау Үкімін шығарды.

6. Бірінші сатыдағы сот   айыптау Үкіміндегі «уәждеу бөлігіндегі»   (16-бетіндеМ.Турлыбаевтың кінәлілігі жөнінде басқа ешқандай «уәж» келтіре алмаса да, сот өз Үкіміндегі (64-бетінде)  -«2014-2017 жылдар аралығында келтірген материалдық залал ретінде И.Т.Джунусалиевадан, М.М.Ташматовтан, М.О.Турлыбаевтан 235 681 977 теңге және БАЖ салығы 3 793 589 теңге ортақ тәртіппен өндірілуге жатады»-деп, қандай дәлелдемелерге сүйеніп Үкім шығарып  отыр?  Мен,  2014 жылдары Жұмыспен Қамту Орталығында жұмыс жасамадым. Тек «практикант» болдым.  05.02.2016 жылдан бастап «Уақытша жұмыспен қамту» секторының «маман»ретінде жұмысқа қабылдандым. Менің осы аралықта жұмыс атқарғандығым туралы дәлелі ретіндегі құжат, ол Шымкент қаласының «Халықты Жұмыспен Қамту Орталығының» КММ-нің директоры А.Жамалбековтың 15.02.2016 жылғы «сектор маманының лауазымдық Нұсқаулығымен» толық дәлелденеді.  (Іске қосымша тіркеймін) Осы құжат қылмыстық іс материалдарында тіркелсе де,    бірінші сатыдағы сот маған қатысты негізсіз айыптау Үкімін шығарып отыр.

Мемлекет қаржысын жымқырып, өз қылмыстарын толығымен мойындап, процесстік прокурормен келісім жасасқан азаматтар 235 681 977 теңгені және БАЖ салығы 3 793 589 теңгені мелекетке қайтарсын!!! Мен не үшін,  біреулердің жасаған қылмыстары үшін  айыпты болуым тиіс???

Бұл жерде,  «АЙРАН ІШКЕН ҚҰТЫЛАДЫ, ал ШЕЛЕК   ЖАЛАҒАН ТҰТЫЛАДЫ» дегеннің кері болып тұр, ғой!

Құрметті СОТ, мен «айран ішпек» түгілі, сол шелекті де «жалаған емеспін!!!»

Бірінші сатыдағы сот  осыны неге түсінгісі келмеген???

Ия, мен «Жеке кәсіпкерлердің» құжаттарын қабылдап, оларды базаға енгізіп отырдым.  Бірақ тергеуші Қ.Тасов пен бірінші сатыдағы сот өз Үкімінде жазып отырғандай:

1)М.Турлыбаев ҰҚТ-ың бастығы И.Джунусалиевамен сөз байласқан емес,

2)  сотталушы 14 адам: С.Русинова, К.Аймырзаева, Г.Жаркынбай, А.Айдарова, А.Абдиева, Б.Журтанова, А.Мырзалиева, Ә.Тілешов, Б.Сапарова, М.Ташматов,  С.Бейсебаева, А.Жамалбеков, Б.Серікбай, А.Амантаевалардың қатысуымен ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРҒАН да, сол топты БАСҚАРҒАН  да емеспін,

  3) 2012 жылы мен Жұмыспен Қамту Орталығында мен жұмыс жасаған емес,  4) М.Турлыбаев ӨЗ АТЫНАжәне жақын туыстарының сеніміне ҚИЯНАТ   ЖАСАҒАН   емес,  мемлекеттік бағдарлама бойынша мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттарды мақсатсыз игерілуіне ЫҚПАЛЫН тигізген емеспін, ықпал тигізетіндей мен  А.Жамалбеков, С.Бейсебаева, Б.Укшебаев, Е.Балабеков, А.Мырзаханов, А.Барлыбаевалар  секілді бастық боп жұмыс атқарған емеспін!!! 

 5) СЕНІМХАТ арқылы мен ешқашан әрекет еткен емеспін,

 6)ЖАЛҒАН жеке кәсіпкерлік субьектілерінің есеп ШОТЫНА ҚАРЖЫ түсірген емеспін,  ондай билік те, құқық та менде ешқашан болған емес.

 7) Шотқа түскен қаржыларды нақтылап АЛУЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН емеспін, оны ары қарай БАС ПАЙДАМА  ЖАРАТҚАН да емеспін,  алаяқтық жолмен БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ИЕМДЕНГЕН де емеспін. 

  8)қылмыстық жасау СЫЗБАСЫ  мен ЖОСПАРЫ менде болған емес,

 9) Осы сызба мен жоспарға сәйкес, бөтеннің мүлкін сенімге қиянат жасау арқылы ойын нәтижелі жүзеге асыру мақсатында, мен ҰҚТ(ОПГ) құрамына 2013-2017 жылдар аралығында ТАРТЫЛҒАН емеспін,  өйткені мен Жұмыспен Қамту Орталығында 2013 жылдары жұмыс жасаған да емеспін, Мен, бұл орталыққа 2015 жылы «практикант» ТӘЛІМГЕР  болып келгенмін,      

10) Маған,  И.Джунусалиева  ешқандай роль БЕКІТКЕН ЕМЕС.  

 

11)  «М.Турлыбаев адамдар тобы болып, алдын ала И.Джунусалиевамен сөз байласып, оның ұйымдастырған қылмыстық топтың мүшелерімен ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА болған»-деген тергеуші Қ.Тасовтың өтірігін СДТТ кезеңі мен СОТ ТЕРГЕУІНДЕ  жауап берген куәлер мен сотталушылар жоққа шығарса да, айыптау тарабы,  олардың сөздерін жоққа шығаратындай бірде бір дәлелдемені сотқа табыстай алмаса да, бірінші сатыдағы сот осы фактілерге тиісті құқықтық заңды бағасын берместен, айыптау Үкімін негізсіз шығарды.

 Менің іс-әрекетімде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің   190-бабының 4-бөлігінің, 1,2 тармақшаларында көзделген қылмыстың құрамы болмауына байланысты,  мені жазадан босатуды  сұранамын . 

Ал, ҚР ҚК-нің  262-бабы 2-бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша   сот тергеуі тек айыптау бағытымен кетіп, Қылмыстық Процестік Кодексінің заңды талаптары  дәлме-дәл сақтамастан сот отырысын жүргізді. Мен ешқандай Ұйымдасқан Қылмыстық Топтың мүшесі болмасам да, бірінші сатыдағы сот, тергеуші Қ.Тасовтың таққан айыптауларын негізсіз қолдап, соның  ығына жығылып,  заңсыз әрі негізсіз  Үкімін шығарды.        

 Ал,   ҚР ҚК-нің  262-бабы 2-бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша менің іс-әрекетімде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің   190-бабының 4-бөлігінің, 1,2 тармақшаларында көзделген қылмыстың құрамы болмауына байланысты, мені жазадан босату туралы Үкімге өзгеріс енгізіп     маған, яғни М.Турлыбаевқа  қатысты Ақтау Үкімін шығарып, мені сот залынан босатуынызды сұранамын.

(жалғасы бар)

P/S: Мінеки, құрметті оқырман әзірге осы.   

Газетіміздің келесі саныңда, экс-директор А.Ш.Жамалбековтың «сыбайлас-подельниктері»: кластас-досы Б.Укшебаев,С.Бейсебаева, И.Джунсалиева, М.Ташматовтардың және басқа да куәлардың  сотқа дейінгі  және сот  тергеуінде берген жауаптарымен таныс боласыздар....

0 пікір