Киелі кесенені табыс көзіне айналдырған Орынбасар Лештаев
Киелі кесенені табыс көзіне айналдырған Орынбасар Лештаев
31.10.2020 12:51
850
0

  Ақша билеген бүгінгі заманда қу құлқынның құлына айналу оп-оңай екен. Оған отан да, ағайын-туыс ауылдас та керек емес, тек дүние ғана көкейін тесіп бара жатқан. Неден болса да тайынбайтын тоғышар жан елдің мүддесін де,  тарихын да тәрк етіп, бас пайдасын  үшін  басын  бәйгеге де тігіп жібереді. Әруақ сыйлап өскен  қазақ халққы  қашанда «өлі риза болмай, тірі байымайтыны»  көп айтады. Оғанда түкріп  қойып, тәубесін ұмытқан жандар көбеймесе, азаяр түрлері жоқ. О заман да, бұл заман әруақтар арасында байып, байлыққа  белшеден батып  жатқандардың бірі  жөнінде  көрген-білгенімізді, естігенімізді айтқалы отырмыз. Одан бұрын әңгіме арқауы болып отыған  «Домалақ ана» кесенесі жайлы бірер сөз.

  Қазақ тарихында ойып тұрып орын алатын тұлғаларымыздың бірі- Бәйдібек би. Оның үрме-бұтағының өзі бүгінде қазақ халқының елеулі бір бөлігін құрап отыр. Бабамыздың үшінші әйелі Нүила, «Домалақ анадан» Албан, Суан, Дулат, Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс сияқты халқымыздың белді де, салмақты ру басылары өріп, бүгінде еліміздің әр аймағында тарыдай шашылып, өсіп-өніп отырған жоқ па? Бүгінде сол рулардың игі жақсылары мен жайсаңдары, бүкіл халық болып  «Домалақ ананы»  төбелеріне көтереді, кесене тұрғызып, рухына тәу етеді. Әрине, бұл құптарлық та, қуантарлық тірлік. Еліміздің түпір-түкпірінен  киелі  орынға ағылған халықта есеп  жоқ.  Кесене де соған  лайық  жарақтанып,  келушілерге  жағдай туғызу үшін  бірнеше мәрте  қайта жөндеулерден  өтті. Қоғамдық  қор  болған соң жүздеген  адамдар  қоға қаражат  құяды,  зиярат етіп келушілерден  түседі. Ал енді, көкейдегі сұрақ , сол жиылған қаржылар қандай  мақсатқа жұмсалады, жетім- жесір, кембағал  жандардың  мүддесіне  жаратыла ма, әлде...

  Міне, осы сұраққа келгенде  тіліміз күрмеліп-ақ  қалады. Неге?  Жазбамыздың басында айтқан тоғышар  бұл  жерде де болуы мүмкін  деген тұжырымға тоқталғандаймыз.

  «Домалақ ана»  кесенесіне  келушілер мен  қоға түсіп  жатқан  қаржының қайда екенің бір білсе  Орынбасар Лештаев біледі. Кесенені қорып, өзінше шырақшы болып жүрген ол бұрын сот саласында жоғары лауызым атқарған.  Кесенеге  құйылып  жатқан  қыруар қаржының кірісі мен шығысы  соның құзырында. Сондықтан,  «халықтан жиналған қаржы қайда,  Лештаев мырза?» деп сұрауға толық хақымыз бар.  2017жылы  Бәйдібек баба мен  Домалақ ана екеуінен  тараған ұрпақтар  бас қосып , қаржы жинап, кесенеге зиярат етіп келушілер үшін  қонақ үй  салуға  пәтуаласады.  Бір қызығы , садақадан  жиналған қаражат тек қонақ үй салуға ғана жұмсалмай, Орынбасар Лештаевқа да қос қабатты үй тұрғызуға  арналғанын естіген жұрт  жағасын  ұстайды.  Жеке басаның қамы үшін әруақ  аттап  жүрген  Лештаевтын  араны тым үлкен екен. Кейбір зиярат етушілердің  сөздеріне қарағанда осында құрбандыққа деп  шалынған малдан қан шыққан соң, «парызын өтелді» деп,  малды  базарға шығарып, етке өткізетінің  айтқанда айтарға  сөз  таппадық.  Ол-ол ма, тіпті қайсы бір малдың  құлағын  ғана кесіп, «қан шықса болды, құрбандық  өтеледі» дейді  екен де, өзінің  бағымындағы  малдарға  апарып  қосады  дейді.  Мұндай  да  сұмдық  болады  екен-ау!  Мұны біз емес,  кесенеге үлкен  үмітпен  келетін зиярат  етушілер  айтады. «Ашыққаннан  құныққан жаман» демекші, киелі  кесенені табыс көзіне  айналдырып алған  Орынбасар Лештаевты  кешегі  сот  саласының  биік  сатысында  қызмет  атқарған  дегенге; «япыр-ай, істеп  жүрген тірлігі  мынау, қалай  әділқазылық  еткен», дейміз. Егер, ішер ас, киер киімге  жарымай жүрсе оны  түсінуге болар еді...  Бір емес, екі емес, қайта-қайта  елдің  есебінен  жиналған  садақа  қаражатына қол сала  бергендіктен, оның пиғылы белгілі болады.

  Халқымызда: «Құдай ұрған оңалар, әруақ  аттаған  оңалмас» деген  сөз  бар. Әруақтардың  ризашылығы  үшін  жиналған қаржыға  қол салған  адам  түбінде  оңбас. Оның  өзі  ғана емес, жеті ұрпағы қарғыс  арқалайды  дегенді  дін  өкілдері-ақ  айтып  береді.  Осыны  Орынбасар  Лештаев  ойланып, қаперіне алар ма, екен?  Әй, қайдам...

  -Мен Қырғызстаннан көшіп  келген  орлман  ретінде Ақбастаудан жер алып, үй салдым. Ауыл  ақсақалдары  менің  жалғыздығымды ескеріп, «Домалақ ана» кесенесіне шырақшы етіп  қойды. Кесененің төңірегін  тазартамын, көгалдандыру  жұмыстарын  жүргізіп келушілерге  қызмет жасап жүргіздім. Негізі кесенені 1996 жылы  Алтынбек  ашты.  Орынбасар екеуінің  аралары жақсы болмай, соттасуға дейін барды. Сотқа мені де  шақыртты. Айналып келген де,  дау кесене салуға  жиылған қаржы мен зиярат етушілерден  түсетін ақшаның қайда  жұмсалып  жатқаны мен оған  кім иелік ететіні болса керек.  Қор Алтынбектің атында болғанымен  көп келе бермейді, қаржы мәселесіне араласпайды. Қаржыны  О.Лештаев алады.  Оны қайда жұмсайды  өзі біледі, маған айтпайды. Қаржыны алып кетуге 2 жіггіт келеді, Лештаевтың  адамдары  солар жинайды. Негізі  қаржы  санауға 5-6 адамнан  құрылған  комиссия бар, солардан  сұрау керек  шығар  мүмкін. Мені  қаржға араластырмайды. Керек  болса, мені  бұл жерден  қуып  шықпақшы  да  болды, дейді  осы  кесененің  шырақшысы Дәулетов Сәттігүл Молдабекқызы.

  Мінеки, ағайын! «Домалақ ана» кесене  төңірегіндегі  келеңсіздік  осы.  Оны  тудырып  отырған  да, ушықтырған да, Орынбасар  Лештаев десек, қателесе қоймаймыз. Киелі орынды «май  шелпек»  көзіне айналдырып алған  бұл адам  бізден  қашып  жауап  бермесе де, ар алдында жауап  берер кезі келер деп ойлаймыз. 

 Назипа   Мамықова.

Осыған ұқсастар: 
1. Орынбасар Лештаев «Қызыл жұлдыз» орденін тауып алды ма, әлде мүрдеден «ұрлап» алды ма?
2. Қызыл жұлдыз орденінің «иегері», «қаһарман» О. Лештаев сотқа беремін деп «отқа» түсті
3. Саясатпен «ойнаған» Орынбасар «орынтақтан» айырылды 
4. Н.Назарбаев десе заң жүрмейді, Е.Сайрамбаев десе заң жүреді. 
5. Ескі Иқанның «шиқаны» жарылмай тұр

0 пікір