Неге балам маған қоңырау шалмайды…
Неге балам маған қоңырау шалмайды…
26.09.2017 13:19
922
0

Қаланың қақ ортасында ұялы телефондар жөндейтін дүкен келушілерден ертелі-кеш бір тынбайды. Әдеттегі сондай күндердің бірінде дүкенге бір қария кіріп келді Маңдайындағы тер мен шаршаңқы, жабырқаулы жүзі ұзақ жол жүріп келгенін байқатады. Әлденеге алаңдаулы секілді. Қолында ескі сымтетігі бар. Анадайда алдына ұялы телефондардың түр-түрін жайып тастап, біріне шұқшиып отырған жігітке: «Балам?», - деді. Ол еңкейген басын шұқылап отырған телефоннан жұлып алып: «Ау, ата?! Келіңіз», - деп орнынан тұрды.
- Балам, мына тилұпонымды көріп берші, айналайын. Істемей қалған сияқты.
- Қазір...
Жігіт қарттың қолынан сымтетікті алып, әрлі-берлі қарады да:
- Ата, телефоныңыз бұзылмаған. Ескірген, бірақ жұмыс істеп тұр, - деді дауысын қаттырақ шығарып, мені естімей қалмасын дегендей.
Қария аздап таңырқағандай, сұраулы жүзбен:
- Ә?!...Онда неге балам маған қоңырау шалмайды..., - деді күбірлеп...

0 пікір