Н.Назарбаев десе заң жүрмейді, Е.Сайрамбаев десе заң жүреді.
Н.Назарбаев десе заң жүрмейді, Е.Сайрамбаев десе заң жүреді.
06.11.2020 16:09
453
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа
Құзырлы органдармен жергілікті билікке:
«Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевқа
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асановқа
ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовқа   ҚР ҰҚК төрағасы К.Мәсімовке
ҚР Ішкі істер министрі  Е.Тұрғымбаевқа
Түркістан обылысы әкімі  Ө.Шөкеевке
Түркістан обылысы Бас прокуроры Н.Әбдіровқа   

 

  Н.Ә.Назарбаевқа қала, көше атауын беретін кезде ҚР ономастикалық мараторий заңы жүрмейді ал, қарапайым отбасынан шыққан бүгінгі күннің батырына келгенде заң жүреді.

  Оқырмандарымыздың естерінде болса, газетімізде бірнеше мәрте Түркістан обылысы, Түлкібас ауданында бір көшеге Сайрамбаев Ержан Құрманәліұлының атын беруге жергілікті биліктің дәрменсіздік танытып отырғанын сынға алған болатынбыз. Мәселен, 2018 жылғы қараша айының 30-ы күні «Түлкібаста Отан үшін от кешкен батырға бір көшенің атауын көп көріп отыр», осы жылғы сәуірдің 23-і күні «Мықтыбек «мықтылығын» көрсетсе, Тұрашбеков неге «тәйт» демейді?» деген мақалаларда Ауған соғысының ардагері, бірнеше мемлекеттік наградалардың иегері, бейбіт заманда ел үшін еңбек етіп, «Казахстанская правда» газетінде бөлім меңгерушісі болған жерлесіміз Сайрамбаев Ержан соғыста алған жарақаты салдарынан қайтыс болуына байланысты өзі туып-өскен елдімекен неге бір көшеге атын беруді ауырсынып жүргенін жазған едік.

  Батыр жерлесімізге көше берілмеді емес, 2012 жылы Азаттық ауылындағы атауы жоқ бір көшеге Сайрамбаев Ержанның аты беріліп, ағайын-туыс, қарулас достары, көше тұрғындары «Ер есімі – ел есінде» деп, оның рухына Құран бағыштап, құдайы тамақ та берген. Маңдайша тақталар қағылып, көше атауы Сайрамбаев Ержанның аты-жөнін иемденген болатын. Алайда жергілікті әкімдіктің  шала тірлігінің арқасында көшеге атау беру жөніндегі шешім тіркелмеген болып шықты. Осы жағдай бойынша тұрғындар сотқа шағымданды, Парламент депутаттарына шықты, облыс әкіміне кірді. Ешбір нәтиже бола қоймады. Амалы таусылған тұрғындар «Саясат-ақпарат» газетінен көмек сұрады. Қолымыздан келгенше тиісті мекемелерге шығып, мақалалар беріп тұрдық.

  Нәтиже болмады. Биліктің сылтауы еш бітпеді. Азаттық ауылындағы  «Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Түркібасы» жалпы орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде Ержан Сайрамбаевтың атына Алғашқы  әскери даярлықжәне технологиялық дайындық сыныбы ашылды. Сыныптың ашылу салтанаты өтіп, Ержан Сайрамбаевты еске алу шаралары, құран бағыштау рәсімі өтті. Туған-туыстары, дос-жарандары, Ауған соғысының ардагерлері қатысқан салтанатты кештен соң қайрымдылық пен қамқорлықтың үлгісін көрсеткен Сайрамбаевтар отбасына көпшіліктің білдірген ыстық ілтипаттары мен айтқан алғыстарында шек болмады.

  Алдағы уақытта көше атауы да беріледі деген үміттеміз. Саясат-ақпарат газетінің назарында Түлкібас ауданы Азаттық ауылындағы көшеге Ержан Сайрамбаевтың аты берілмейінше «Саясат-ақпарат» газеті осы мәселе бойынша мақалалар жазуын тоқтатпайды.

«Саясат – ақпарат»  газетінің редакциясы


Осыған ұқсастар:
1. Орынбасар Лештаев «Қызыл жұлдыз» орденін тауып алды ма, әлде мүрдеден «ұрлап» алды ма?
2. Қызыл жұлдыз орденінің «иегері», «қаһарман» О. Лештаев сотқа беремін деп «отқа» түсті
3. Киелі кесенені табыс көзіне айналдырған Орынбасар Лештаев
4. Саясатпен «ойнаған» Орынбасар «орынтақтан» айырылды 
5. Ескі Иқанның «шиқаны» жарылмай тұр

0 пікір