Қазақстан мен Иран COVID-19 бойынша ақпарат алмасты
Қазақстан мен Иран COVID-19 бойынша ақпарат алмасты
18.11.2020 14:18
226
0

  Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маджид Самадзадэ Сабер мырзамен және Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрінің орынбасары Мохсен Асади Ларимен онлайн-кездесу өткізді. Тараптар бір-бірін коронавирус инфекциясына қатысты жағдай туралы хабардар етті, сондай-ақ тәжірибе алмасты.

  "Covid-19 коронавирус инфекциясына қарсы күресте мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен бірлік сынға түсті. Осы орайда екі елдің денсаулық сақтау жүйесінде қалыптасқан жоғары деңгейдегі сенім мен әріптестікті атап өткім келеді, бүкіл әлемге тараған пандемияны тек біріккенде ғана жеңуге болатынына көз жеткіздік", - деді М.Шоранов.

  Кездесу барысында М.Шоранов пен Маджид Самадзадэ Сабер дәрілік заттар, диагностикалау, емдеу, қолдану, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина бойынша ынтымақтастықты талқылады, сондай-ақ болжау және қолданыстағы стратегиялар бойынша тәжірибе алмасты.

  Бірінші вице-министр өзара құрмет пен сенімге негізделген денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Иран ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

  Кездесуді қорытындылай келе, ол Қазақстан эпидемияға қарсы іс-шараларда екі мемлекет арасындағы денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылға зор серпін беруге бағытталғанын айтты.

 

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты

0 пікір