ҚР қаржы министрлігі: 2,7 млн. астам декларация өңделді
ҚР қаржы министрлігі: 2,7 млн. астам декларация өңделді
18.11.2020 13:12
248
0

  Іс-шаралар кешені көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға, қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға, сондай-ақ бюджеттің қосымша кірістерін қамтамасыз етуге бағытталған.

  Министрлік басшысы қадағаланудың бастапқы буыны «АСТАНА-1» жүйесі екенін айтты.

  Бүгінгі күні жүйеде 2,7 млн. астам декларация өңделді, оның ішінде 2,2 млн. астам декларация 1 минут ішінде инспектормен қандай да бір байланыссыз автоматты режимде шығарылды.

  Сонымен бірге, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы іске қосылды. Оның жұмысы кедендік рәсімдеу процедураларына дейін туындайтын әртүрлі сертификаттар, рұқсаттар, тауарларды жіктеу бойынша алдын-ала шешімдер алу мәселелерін реттеуге бағытталған, деп атап өтті Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.

  Келесі кезең - тауарлардың физикалық таңбалау болып табылады. «Таңбалау» АЖ тұтынушының контрафактілік өнімінен қорғау және адал бәсекелестік жағдайын жасау үшін енгізілген.

  Тауарларды құжаттық қадағалау «Электрондық шот-фактуралар» жүйесінде жүзеге асырылады.

  Онда барлық қосылған құн салығын төлеушілер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шот-фактураларды электрондық түрде жазып береді. Бұл тауарлар ағындарының ашықтығына қол жеткізуге, бақылау және қосылған құн салығын қайтару рәсімдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

  Бұдан бөлек, «Электронды Шот Фактуралар» АЖ салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін орындалған жұмыстардың актілері, электрондық шарттар, сондай-ақ «Виртуалды қойма» модулі іске асырылды.

  Онда тауардың виртуалды белгілер бойынша қозғалысын қадағалау жүргізіледі. Модульдің ерекшелігі тауарларды қоймаға кірмей-ақ жүйеде одан әрі сатудың мүмкін еместігі болып табылады, деді Е.Жамаубаев.

  Қадағаланатын тауарлар жүйесіндегі соңғы буын сауда түсімінің мәліметтерін тіркейтін және оларды мемлекеттік кірістер органдарының серверіне онлайн режимде беретін онлайн бақылау кассалық машинаны қолдану болып табылады.

  Барлық аталған ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер тәуекелдерді басқару жүйесінде талданады.

 Дереккөз: ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайты

0 пікір