«Құлдық сана әлі бар. Бәрі бастық болғысы келеді»
«Құлдық сана әлі бар. Бәрі бастық болғысы келеді»
21.08.2020 15:27
494
0

«Құлдық сана әлі бар. Бәрі бастық болғысы келеді»

Асанов Мұхит Қабылбекұлы,  ASEM» ғылыми  өндірістік бірлестігінің бас директоры

 

Әлемді індет дендеген тұста негізгі жүк ақ халаттылар мен вирустан қорғайтын препараттар шығаратын кәсіпорындарға түсіп отыр. Осы абыройлы міндеттің үдесінен «ASEM» ғылыми - өндірістік бірлестігі қалтқысыз шығып отыр. Бүгінде өндіріс ошағы республиканың түкпір-түкпірін антисептик өнімдерімен қамтып отыр. «Антисептик – біз шығаратын, яғни біз өндіретін өнімдердің ішіндегі ең қарапайымы. "Zhusan Diasept", "Zhusan Diasept Forte" деген екі түрі бар. Бұдан бөлек, 12 түрлі күрделі препарат шығарамыз. Обаға қарсы стансаларымыз, өте күрделі инфекцияларға қарсы препараттарымыз бар. Көптеген ауруханада қолданылатын, ота жасау құрал-жабдықтарын залалсыздандыру, қайта отаға дайындау жұмыстарына қолданылатын өте күрделі препараттар шығарамыз» дейді кәсіпорынның бас директоры Асанов Мұхит Қабылбекұлы.  Ел басына күн туғанда уақытпен санаспай қызмет етіп жүрген өндіріс ошағы жайлы мекеме басшысы толығырақ тарқатты.

–Сізді Қазақстанның өндірістік саласына өзіндік үлесін қосып жүрген азамат ретінде танимыз.Нақты қандай шаруамен айналысып жүрсіз?Қандай өнімдер шығарасыздар?

Біз бүгінгі күнде фармацевтика, парафармацевтика, медицина саласында жұмыс жасаймыз. Оның ішінде микробқа қарсы препараттар, дезинфициялау құралдары,  оның ішінде күрделі-күрделі  қоспаларымыз бар. Міне соларды  шығаратын зауыттарымыз бар. Бір – екі айдың ішінде тағы екі  зауытты іске қосқалы отырмыз. Оған қоса  үлкен көп салалы клиниканы  іске қосамыз.

                                                                        Кәсіпкерлік саласына келуіңізге не түрткі болды?

Осыдан 10 жылдай алдын шетелдің компанияларында жұмыс істедік. Солардың  осы жақтағы өкілеттілігін жүргіздік. Сол кезде көп тәжірибе алдық, әлемдік даму тенденцияларында болып жатқан  жағдайлармен таныстық. Сол жерден жинаған, түйген мәселелеріміз бойынша осы ұлттық компанияны ашуға бел буған болатынбыз.

         Оған бірінші себеп, біздің бір досымыз болған,  Индияның азаматы.  Сол кісі  осы Қазақстанға 1миллиард теңгеге тауар жібереді. Ал Қазақстанның компаниясы оған төлемей қояды. Ол енді бізбен жақсы араласқаннан кейін арнайы бізге ұшып келеді. Мен оны әрі-бері  алып жүрдім. Сонда жүгіріп жүріп 200 миллион теңгесін ғана алды,800 миллион теңгесі  қалып кетті. Содан ең соңғы келген кезінде:                                                                                                                                                                               – «Мен енді қайтып келмеймін» -деп ұшып бара жатыр. Мен оны уайымдап тұрмын.Енді бизнесіңіз не болады ана жақта, осыншама шығынмен деп. Сол кезде маған:

          – «Да нет нормально, даже чуть-чуть заработали»-демесі бар ма? Сондағы бір миллиард теңгеге тауар сатып отырып, 200 миллион теңге ғана алып отыр да, содан пайда көріп отыр. Сондағы менің ойланғаным: Бұлар сонда қанша  «накруткамен» бізге сатып отыр? Қазақстан  сонда олар үшін жай әншейін табыстың көзі ма, сондай мемлекет па?- деген ой келді. Бұл бір мәселе.

Екінші мәселе 2011жылы  Шведцарияның компаниясында жұмыс істеп жүргенде «Prarmako vision» деген программа болатын. Оны профессор  Кузденбаева Раиса Салмаганбетовна  деген азаматша басшылыққа алып, өзі жүргізген. Сол жерде үлкен анализ жасалады. Біздің Қазақстанға келіп жатқан «импортный» дәрі –дәрмектерге, соның ішінде 180 түрлі дәрі өз мемлекетінде қолдануға рұқсаты жоқ. Ол өте зиянды заттар,оны өзінің мемлекетінде емес, соның сыбайлас мемлекетттерінде де сатуға рұқсаты жоқ. Бірақ оны Қазақстанға сатып жатыр. Ол тендерденде өтіп жатыр. Бүкіл протоколдарында жүрген дәрі. Осындай маселе болып айқай-шу болғаннан кейін біз тағы ойландық,  бар - жоғы 17 миллион халқымызды біз улай береміз ба, қырып біттік қой деп. Бұл - екінші мәселе.

Үшінші мәселе,  Жалпы «бюджетный план» деген нәрсе бар,соны   шет елдік компанияларға өзіміз жасаймыз. Сонда 900 -1000% пайдамен жасалады ( план) .Соның ішінде 6% бюджет маркетингке бөлінеді,   зарплата бәрін қосқанда 10% шығын болады. Сол кезде ойлайсың біздің Қазақстан «просто выкачивание денег» шетелдік компаниялар үшін енді кішкене  рух ұлттық намыс ойнайды ғой...

Біз оларды кінәлай алмаймыз,себебі олар бізге жұмыс беріп отыр. Істеп жатқан өзіміз, жүгіріп жатқан өзіміз, Тендерге қатысып жатқан өзіміз,заявка дайындатып жатқан өзіміз,министірлікке хат тастап жүгіріп жүрген өзіміз былай қарасаң өзіміз соны істеп жатырмыз.

Тағы бір мәселе, елімізде 600 компания бар, 600 шет елдік компанияның өкілдігі бар. Соның  бастықтарының 95 пайыз «Экспаттар».  Экспат деген сөз өз мемлекетінен алып келген бастық. Оның айлығы 10 -15 000 евро болады. Олармен біз етене жақын жұмыс жасағаннан кейін кешке-кешке отырып, араласып сөйлесетініміз бар.

Олардың Қазақстан келгісі жоқ, бірақ Қазақстанда маман жоқ басқаратын Топ (ТОР) менеджмент өте төмен.  Оларда сондай ой қалыптасқан Қазақстанда бизнесті үлкен дәрежеге жеткізетін топ менеджмент өте төмен. Тек 3-4 стадядағы мамандарды ғана алуға болады қалғандарын шет елден алу керек деген. Оған бір себеп бар. Біздің қазағымыз бір нәрсені біле қалса, мысалы, ағылшын тілін білсе жұлдыз ауруы пайда болады. «Директорт по маркетингу» қызметіне  ол 7-8 мың доллар айлық сұрайды. Шетелдік азамат оған мына Өзбекстаннан 3 мың долларға келеді, ол тек шет тілін ғана емес маркетингті де басқасын да біледі,жұмыс уақытынан кейін қалып істе десе қалып істейді. 3-4 мың доллар төлейді. Біздің мамандарымыздың  сұраныстары  өте жоғары болды. Соның кесірінен де шығар,  2-3ші бастықтар Украина мен Өзбекстаннан келген азаматтар болды. Сол жерде Қазақстаннан келген  біздің  ешкімнен еш жеріміз кем емес, бізде ағылшынша білеміз сөйлейміз. Бірақ бізден неге бастық жоқ, неге осындай болады деген сияқты... Шетелдіктердің ешқайсысының жаны ашымайды ғой  елге, қандай дәріні әкелу керек, оны тендерден өткізеді де, жүре береді. Осы мәселелер бізді ойландырды біраз жігіттерді. Біз бұлай жүре бермеуіміз керек, біз өзіміздің өндірісімізді дамытуымыз керек. Әлгі 180 дәрі қалай өзінің мемлекетінде шектеу қойылып, біздің елімізде ешқандай кедергісіз біздің мемлекетке өтіп кетеді. Оны бізде тексеретін лабороторияларымыз жоқ. Біздің лабороторияларымызда  «регистрационный удостворение» деген нәрсе бар. Оны алу үшін сол жақтың сертификаттарына қарайды.  Соның инструкциясын қазақшаға аударып біздің заңға сәйкестендіріп, тіркеп жібере салады. Осындай мәселелер болғаннан кейін біз өзіміз осының бәрін жасаймыз деп 2012жылы «ASEM» фарм дейтін компания ашып, бөлек кеттік. Бастама осылай болған...

                                                         БІЗДІҢ  ХАЛЫҚТЫ ӨНДІРІСТІК САНА – СЕЗІМГЕ ҚАЛАЙ КӨТЕРЕМІЗ?

 

–Біз  баяғыда бір шет елде жүріп жаңа нәрсе көріп қалсақ, мынаны алу керек екен, мынаны ана жаққа киіп бару керек екен, мынаны мынадай жерге ұстап барсаң күштіғой деген ой келетін. Ал қазір, бір жаңа нарсені көрсек мынаны қалай жасауға болады, неден жасауға болады  екен, мынау жақсы дүние екен тез-тез шығару керек деп суретке түсіріп технологқа жіберіп, интернеттен қарашы деп қызығушылық танытып жатамыз. Біздіңше, халықтың сана - сезімінде көп мәселе бар секілді. Мен енді қателесуім мүмкін, бірақ өзімнің көрген түйгенімді осы. Себебі мен Жопонияда оқыдым. Жопонияның Саитама деген қаласында «Saitama University» университетінде оқыдым. Ол жердегі адамдардың іскерлігі, білімге, ғылымға деген көзқарасы мүлдем бөлек. Еңбекқорлық деген сұмдық бізде жоқ. Бұл жерде айта кететін бір нәрсе бар, Абайдың сол баласы бар ғой Ақылбай деген.  Абай сол баласымен Әйгерімнің үйіне шай ішуге барады. Әйгерім жүгіріп, шай демдеп, дастархан дайындап жүреді сол кезде үсті басы алба-жұлба  бір кісі кіріп келеді. .Абай көріп ұнатпай қалады.

–       Мынау кім?- деп сұрайды.

–       Қойшы ғой –дейді.Сонда Абай ұрсады

–       Сен қойды жақсы көресің бірақ малшыға неге қарамайсың?-дейді.

Ол кездегі байлардың ең үлкен мақтанатын сөзі бар екен «Құлын ұлындай киіндіреді» деген. Біздің қазіргі байлар сияқты ДЖип пен Бентли емес дүниемен, материалдық нәрсемен мақтанбаған. Оның ішкі дүниесімен, жомарттығымен,оның қамқорлығымен, беретін зекеттерімен мақтанған.

Сонда Абай қойшыға дұрыстап қара деп отыр. Әйгерім уайымдап, жүгіріп сандығын ақтарып, дұрыс киімдер берейін деп жан таласып жатқанда Абай қойшымен сөйлеседі. Әңгіме айт деген ғой сонда Қойшы: «Кедейде қандай әңгіме болсын»,- депті. Сонда Абай: «Сені кедей қылған кім»,- десе, «Құдай шығар, осындай қылған»- дейді. Абай ұлына қарап: «Міне, қазіргі қазақтың кешкен күйі осындай. Бұның кедей қылып отқан ой – санасы» деп, төрт нәрсені айтқан екен.

Біріншісі; Жас кезінде жаннан безіп еңбек етпейді.

Екінші; Адаммен тіл табыса алмайды,оған ұмтылмайды.

Үшіншісі; Жақсылармен сұхбаттаспайды. Жақсылар отырған жерге барып әңгімесін тыңдап, сұхбаттасу керек.

Төртінші; Жалқауланады .Бәрін құдайға жабады. Түбінде нәтиже шығады. Ол нәтиженің бәрін құдайға жауып отырады. Бүгінгі  қазақтың кешкен күйі осындай кедейлікке әкеледі-деп айтады ұлына. Жас кезінде жаннан безіп тұрып ешкім жұмыс істемейді. Қазіргі 20 мен 30-35 жас арасы 24 сағат жұмыс істеуге қауқары бар, талпынса жететін азаматтар ғой. Сосын адаммен тіл табысуға кішкене тәкәппарлығы жібермейді. Жақсылармен сұхбаттасуға да өзінің сана-сезіміндегі нәрселер кедергі болып тұрады. Осының бәрі жиналып жалқауланып жатады. Одан кейін одан қандай кәсіпкер шығады.

Енді шет елде аралап жүргенде, көретін жақсы нәрсеміз өте көп. Мынаны әкелсек керемет екен, ананы әкелсек керемет екен, мына технологияны әкелсек керемет екен дейміз. Бірақ оған біздің халқымыз дайын ба дайын емес па...Біз оны алып келеміз, қоямыз нәтиже мүлдем басқаша болады. Бір мысал келтірейін.  Біз демографияны көбейтуіміз керек, ол үшін аналарымызға жағдай жасауымыз керек, қазақтың қыз келіншектеріне жағдай жасауымыз керек деп перинтальный орталықтар салдық қаншама. Ол жерге бүкіл оператцияны жасайтын құралдың бәрін әкелдік. Ой дұрыс болды ғой, ақсақалдың ойы дұрыс. Бірақ біздің халқымыз, хирурогтарымыз оған қалай дайын болды, өзінің рухани сана-сезімі қалай болады?... Ол аралықта 7-8 бала өзі табиғи туалатын адамды әкеліп Кесероваға тықты. Өйткені ақша бөлініп отыр. Хирурогтарға әрбір операция үшін  қаншама миллион ақша бөлінетін болды. Ақшаның бәрін біздің осы аналарымыздың жағдайы болсын деп бөлінді ғой. Олар алады да 5-6 бала туатын адамды 2-3 бала туатын кесероваға салып тастады бәрін. Қаншалықты ақша бөлініп жоғары сапалы құралдарды, технологияларды әкеліп жағдай жасалғанымен біздің сана  мен рух жұмыс жасамаса ол нәтиже бермейді. Дәл осы нәрсе бізді бизнеске тікелей қатысы бар.  Мен Жопонияда оқыған кезде түскі асқа 7 минут уақыт беріледі. «Т үскі асқа бармаймыз ба?» деп жүретін мен ғана ол жерде Ол жерде 6-7 минут түсі ас ішіп алады да, жұмыс істей береді.

Кешке ең соңғы  метроға мінсең бәрі ұйқтап отырады, өйткені бәрі тынбай еңбек етеді. Таңғы сағат 7-де метроға мінсең бәрі оқып отырады. Қолдарында кітап немесе планшет. Өйткені олардың сана – сезімі басқаша. Бізде миллион заң қабылдайық бизнеске байланысты оны сол ойлаған нәтижемен алып шықпайды. Ауыл шаруашылығы деп қаншама программа қабылдады, жылыжайға қаншама программа қабылдады, анаған мынаған субсидирование анау-мынау. Қарап ортсаң тек документ  туралап ақша шығарып алуды ойлап жүр «Мына жерге пәленбай гектар алма бау ектік» деген документ жасау ойларында.  1 гектарға егіп қояды да комиссия келген кезде осыны көрсетеміз деп жаңағы субсидияны алып басқа бір мақсатта қолдануды ойлап жүреді. Сексен пайызы осындай ойда. Біздің халық әлі оған кішкене дайын емес.

Біз қазір мынау рухани жаңғыру деген нәрселерді енді енді түсініп келе жатырмын осылардан кейін. Билік бізге не айтқысы келді рухани жаңғырумен. Жаңағыдай мәселелердің бәрін жаңартуымыз керек екенбіз. Бұл  менің өміріме де тікелей байланысты. Маған да бір кедергісі болған нәрсе. Мен Шведцарияның компаниясында көп жұмыс жасадым. Сол кезде менің бастығым болды.  Ол бастығым 20 жылдан бері сол компанияда замдиректор болып айлыққа жұмыс істейді. Ол сол жақтағы он шақты компанияны басқарады. Біз енді Қазақстан кішкентай мемлекетпіз, біздің мініп жүрген машиналарымыз оның машинасынан жоғары. Қарап отсаң 33 адам шығармыз сатылай қараған кезде бірақ ана кісі өте қарапайым, бүкіл бизнесті өзі жүргізеді. Пәленбай миллиардты құрылтайшыға әкеліп отыр. Біз сұраймыз ғой неге өзіңіздің бизнесіңізді ашып кетпейсіз, бәрібір, сіз істеп отысыз ғой деп. Не үшін дейді біз ойлаймыз бала – шағаға тастап кететін деп бала – шағам осы компанияда істей береді ғой дейді,өзіңізге ше десек өзіме не үшін? дейді. Қызық емес па, өзіңіз бастық болып жүрген жақсы емес па?

– Не үшін ,мен анау құрылтайшымен сондай жақсы қарым -  қатынасымды одан әрі жақсартуға тырыспаймын ба дейді.

Менің айтқаным айтқан. Кез-келген адам ұнамаса мен оны жұмыстан шығара саламын, бір ауыз айта саламын мен мына адамды жұмыстан шығарып жатырмын деп. Сондай дәрежеде сенім бар арасында. Оларда «комплекс неполноценности» деген жоқ. Ол басқаның қарамағында жүрсе де, өзін «полноценный» адам сезінеді.  Балам, немерем  жұмыссыз қалады деген ой жоқ осы компанияға кіре салады,компания өздері оқытып алады,өздері жұмысқа алады дейді.  Бізде сондай бар ма?  Менің екі орынбасарым болды. Екеуін де де өзім үйреттім, бәрін әкеліп  басшы  сен боласың, мен  басқа жобалармен айналысайын деп барлық өкілеттілікті беріп, қойып кеткеннің өзінде өздері өзінің компаниясын ашып бөлек кетті екеуі де. Батамызды беріп шығарып салдық. Не үшін кетіп кетіп жатсыңдар, арғы жақтағы табысың шамамен осы жерде тауып жатқан табысыңмен бірдей ғой деп... Қиналып қазір, ананы жалдап мынаны жалдап...бірге жұмыс істей бермедік па дегенде, екінші болғым келмейді деген сияқты, біреуге жұмыс істеймін ба?-дейді.. Ортақ нәрсе деп қарамайды. Комплекс неполноценности кішкене өзін көрсетіпалу ғой деймін... Сол нәрселер бізді бизнеске кері әсерін тигізеді. Сол себепті маман тапшылығы болады бізде біріге алмаймыз. Қаншама коорпорацияларды білеміз 3-4  құрылтайшы болып бастаған, соңында соттан бір-ақ шыққан. Неге? Себебі руханиятпен жұмыс жасау керек. Ойлау қабілетін өзгерту керек. Құлдық сана әлі бар, мен  оны байқаймын. Бәрі бастық болғысы келеді. Оның әкелетін зардабы үлкен, өкінішке орай. Сол нәрсені қашан түзейміз сол кезде біздің үлкен инвистициясыз-ақ бірақ бизнесіміз жүрер еді...

 

ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ӨЗГЕРТУ

 

Қазақстан экономикасын, өндіріс саласын дұрыс бағытта дамыту үшін біздің үкімет қандай нақты қадамдарға бару керек? Жалпы халықтың бұл жағынан ой – өрісін қайтсек кеңейтеміз?

 

– Біз қазір бәрін мемлекетке іліп қойдық, өкінішке қарай. Әрқайсысымыз құлдық сананы айтамыз, проблемаларды айтамыз бәрін мемлекетке жүктеп қойдық. Мемлекет деген процессті басқаратын мекеме ғой ол. Қоғамда қандай процесс болып жатыр соны басқарып, жөн сілтейді. Қаншама кәсіпкерлерден салықты алады.

Біздің өзіміз оларға процесспіз. Осыған байланысыты әрбір кәсіпкер өзіне жауапкершілікті алу керек.

Мейлі 10 адам, 5 адам, 15 адамды шақырып, ойлау қабілеті басқаша Европаның, Американың кәсіпкерлерімен тіресіп отырып саудаласа алатын, ойлары олардан асып түсетін болу керек. Бай болам деп кәсіппен айналысқан адам ешқашан бай болмайды. Оның артында бірінші еліне деген қызмет, отансүйгіштік тұру керек. Мен еліме қызмет жасауым керек. Мен ұлтыма қызмет жасауым керек деген кезде ғана кәсіпті айту керек. Мен мына кәсіппен  мынадай мекеме салам осыны келешекте мынадай корпароцияға дейін апаратын маман дайындаймын, тәрбиелеймін... Біз бұның бәрін университеттерге артып қоямыз. Содан кейін не болады? Құдай бізді кедей қылып  қойды дейміз.

 

                                                         ӨНДІРІС ПЕН ҒЫЛЫМНЫҢ АРАСЫ ӨТЕ АЛШАҚ НЕМЕСЕ «ИНДЕКС ХИРША» ҮШІН ЖҮГІРУ

 

       Ұлттық мүдде, аманатқа адалдық, ұрпақ келешегі, ата – бабаға құрмет деген ұғымдарға қатысты өз ұстанымдарыңыз қандай?

–       Өндіріске байланысты алатын болсақ, өндіріс саласында даму жолынан төменде тұруымыздың бір себебі бұл Ғылым мен өндірістің арасының  өте алшақтығы.

Ғылым мүлде басқа жолда. Өндіріс басқа жолда. Мен өзім Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде докторантураны бітірдім. Менің байқағаным, көзіммен көріп, көңілге түйгенім, ғылымның бәрі, (ғалымдарымыз ренжімесін, әрине) ғылыми зерттеу институтында жұмыс істеп жүрген, ғылым саласында еңбек етіп жүргеннің бәрі өкінішке қарай «ИНДЕКС ХИРША» үшін жүр. Қаншалықты «индекс хиршаң» жоғары  болса соншалықты жақсы. Мен сол «индекс хирша» дегенді мүлде түсіне алмай қойдым. Өндірістік кәсіпте жүргеннен болар, мен сол «индекс хиршаны» мүлде түсіне алмай қойдым.

Жабайы бәсекелес  бизнесте болғаннан кейін, бір дүниені көріп, бұдан не істей аламыз, не шығарып халыққа не пайда бере аламыз деп ойлап жүреміз. Мұның атын өндіріс дейді.

Қазір ғылым публикация үшін жасалып кетті. Томсонның журналына менің  мақалам  жарық көрді деген  үлкен нәрсе...  Біздің саясаттың бастамасы дұрыс негізі. «Ғылым қоры» деген болады. Ол жерде  ғылыми жобаларға ақша бөлінеді.

Ғылымда жүргендердің бәрінің көздегені сол жобаны жеңіп алсам, қаншама миллионға. Сол жобамен өте жақсы тақырыптарды қуалап...өкінішке қарай кішкентай бір лабороторияда қағаз жүзінде кеткен есептермен сол ақша жабылып кетеді. Бұл шындық. Біздің ғылым соған жұмыс істеп жатыр өкінішке қарай.  Егер  өндіріспен байланыстырсақ, қандай керемет болар еді. Енді өндіріс жағынан қарап көрейік.

Өндіріс неге қиналады? Өндіріске неге шет елден технолог келеді? Өндіріс неге шет елдің жаңа ойлап тапқан технологияларына, жобаларына жүгінеді?  «Индекс хиршасы»  7-8 болып жатқан ғалымдарымыз неге өндіріске өз үлестерін қоспайды? Міне, осындай сауалдар санаға салмақ түсіреді.

 Біздің өндіріс. Бір жақсы дүние жасап шығу үшін мысалы дәрілік шөпті алу үшін, жусаннан немесе дерменеден қаншама қиындық көреміз. Өткен жолы жиналыста осы мәселе қозғалып кеткенде, бір ақсақал жақсы сұрақ қойды:

«Осы бізде Оңтүстік өңірі – Шымкентте дерменені зерттеген үлкен ғалымдар бар. Сол дерменені неге өндіріске қоймайсыңдар, одан  қаншама пайдалы дәрілік шөп шығаруға болады. Соны неге қолға алмайсыңдар», - деп сұрақ қойды. Мен не деймін?

Бізде оны зерттейтін ғалымдарымыз жоқ. Біз ғалымдарымызға мына дерменеден бір нәрсе шығарайық десек, «Бұл туралы мақалалар шығып қойған ғой» дейді.

Біздің ғылымда «НАУЧНАЯ НОВИЗНА» (ғылыми жаңалық)  деген нәрсе бар. Әрбір десертацияның, әрбір ғылыми жұмыстың «научная новизнасы» болу керек. Талап сондай.

Енді біз зерттеліп қойған дерменеден бір нәрсе шығару үшін  ғылыми жаңалығымыз  жоқ қой бұл жерде. Ол туралы бәрі зерттеліп қойған, құрамында мынадай заттар бар, ол адам ағзасына былай  әсер етеді, технологиясы мынадай оны немістер, еврейлер істеп жатыр дейді.

«ЗАМКНУТЫЙ КРУГ» бұл жерде. Бұл нарсе өзіміздің де басымыздан өтті. Бізде технолог іздедік.  Бізде зауыт қойған кезде барлық жоспарларымыз тығырыққа тірелген кездер болды. Жүгіріп Беларусьяға барамыз, Ресейге, Өзбекстанға барамыз. Олар: «Қазақстаннан кәсіпкер келді ма выкачивание денег» деп  қарайды. Тіпті проектілеріміздің атына  дейін біліп алған.  Мендегі жоба десең «Ол жердегі жобаға мынанша миллиард бөліну керек қой»-деп  қарап отырады. Соның «мынаншасын бізге тастайсың, біз барып жасап береміз, комиссиядан күшті өтеді»,- дейді.  Комиссиядан өтуді ғана ойлаймыз ғой біз.  Біздің жаңағы айтып жатқан ұлттық мүддеміз, еліміздің егемендігін ахіретке дейін ұстаумыз керек емес пе?

Бірінші мақсат – экспорт жасамай ақ қояйық, ең болмаса ішкі нарықты қамтамасыз етуге тырысуымыз керек қой. Өзімізді өзіміз қамтамасыз етуге тырысуымыз керек. Мысалы ретінде біздің зауыттың нарығын алайын 15-16миллиард теңгелік нарық бар дәл біздің «дифицирующие средство» бойынша бес қана отандық өндірушіміз бар. Жиырма бес шақты шет елдің зауыттары бар. Сонда қараңыз қай бағытта жұмыс істеуіміз керек... Экспортты ала жүгіреміз, өйткені экспортқа шығаратын болсақ бізге көп көңіл бөлінеді, бізге журналисттер келеді, біз мақтау қағаздарын аламыз.

Өндірісіміз  төменде жатыр, бірақ біз  экспортты ойлаймыз. Ішкі нарығымыздың өзін қамтамасыз ете алмай жатырмыз. Бәсекелес, тіземен тізе бірге қойып, бәсекелесетін зауыттарымыз жоқ. Осыларды ойлағанда, ұйқы беріп, қайғы алатынымыз бар.

– Сұхбатыңызға рахмет! Кәсібіңізге табыс, отбасыңызға амандық тілейміз!

 

 

 

0 пікір