Құрбан айт құтты болсын!
Құрбан айт құтты болсын!
31.08.2017 12:26
468
0

Құрбан айт — барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. Ол Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндері ұлы Меккеге қажылық аяқталады. Айт күндері құрбандық шалынады.
Құрбан шалу мейрамы Жаратқанға құлшылық етудің белгісі болып табылады. Мұсылман қауымы Аллаға ет немесе қан емес, құлдарының тақуалық етуі маңызды.
Құрбан айт мерекесі (Зилхиж-жаның 10-ыншы күні) таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазын оқудан басталады. Мұсылманның намазды мешітте оқуға мүмкіндігі болмаса, ол құлшылықты өз үйінде жасай алады. Аллаға құлшылық жасап, имам уағызын тыңдаған соң мұсылмандар өмірден өткен адамдарға Құран бағыштау үшін зейіт басына барады.
Бұл айтулы мерекенің ең маңызды амалы – құрбандық шалу. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылман жамағатын, жоқ-жітік, әлсіз, жетім-жесірлерді етпен тамақтандырған сауапты іске жатады.
Айттың бірінші күнінде мерекемен құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Әйелдер қауымы Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіріп, дастарқан мәзірін дайындайды.
Құрбан айтта әр адам өзінің отбасына көбірек көңіл бөліп, мүмкіндігінше мұқтаж жандарға көмектесуі тиіс.

0 пікір