Құтқарушылар 50-ден астам адамды эвакуациялады
Құтқарушылар 50-ден астам адамды эвакуациялады
18.11.2020 13:26
276
0

 

  17 қарашада сағат 3:11-де құтқарушылар Балқаш қаласынан 4 шақырым жердегі «Саяқ кенті – Балқаш қаласы» автожолында техникалық ақауы бар вахталық автобустан 51 адамды эвакуациялап, Балқаш қаласына жеткізді. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмады.

  Қарағанды облысының ТЖ департаменті ауа райының бұзылуына байланысты уақытша алыс жолға шықпауды, жолға шығар алдында көліктердің техникалық жағдайын тексеруді, ауа райы, дауылды ескетулер туралы ақпаратты қарау керектігін ескертеді.

 Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты

0 пікір