Қызыл жұлдыз орденінің «иегері», «қаһарман» О. Лештаев сотқа беремін деп «отқа» түсті
Қызыл жұлдыз орденінің «иегері», «қаһарман»  О. Лештаев сотқа беремін деп «отқа» түсті
31.10.2020 11:31
853
0

Қазақстан Республикасының  Президенті Қ.К.Тоқаевтың,
Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сотының  төрағасы Ж.Қ.Асановтың,
Қазақстан Республикасының  Бас прокуроры Ғ.Д.Нұрдәулетовтың назарына!

саяси газетінің 2020 жылғы 30 қантарындағы №01-02(284) санында жарияланған ««Орынбасар Лештаев «Қызыл жұлдыз»  ордендерің тауып алған ба,  әлде мүрдеден «ұрлап» алды ма?»  атты мақала мәтінінде Орынбасар Лесбаевич Лештаевтың «ар-намысын және қадір-қасиетін әдепсіз түрде қорлау сипатындағы сөздер жоқ және зерттеуге  ұсынылған обьекті мәтініде О.Лештаевтың  «ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер жоқ»»- деп, 2005 жылдан бері сарапшылық өтілі бар,  сарапшы маман Мырзаева Майра Қорытынды шығарып берді.

Сот  отырыстары онлайн форматта өтті. Талапкер О.Л.Лештаев сотқа өзі қатыспады,  десек те, орнына сенімді өкілі Е.С.Битемиров қатысты.

Талапкер О.Л.Лештаев  өзінің жазған талап-арызында,    Бұқаралық Ақпарат Құралдары арқылы таратылған ақпараттың нақты,   қай сөйлемдері мен қай  сөз тіркестерінің  шындыққа жатпайтындығы туралы   ашып жазбағанына тан қаласын.  Өзі білдей «заңгер»,  өзі сот саласының білдей лауазымды  тұлғасы,  өзі  қанша дегенмен «ЕЛІНІҢ БАТЫР ҰЛЫ- ОРЫНБАСАР» болса да, соттан не сұрап, не қойып  жатқандығын өзі де білмейтін секілді.  Мақаладағы мәліметтердің  шындыққа жатпайтынын,  оның «ар-намысына және абыройына немен  кір келтіретіні,  немесе іскерлік беделіне қалай әсер еткендігі туралы  нақты әрі дәйекті дәлелдемелерді сотқа ұсына алмай  және мақаладағы қай сөйлемдер оған  қалай  нұқсан келтіргендігін сот барысында ашып  көрсете алмай, шатып-бұтып әбден састы ау....

 «Сот тәжірібесінде жеке және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделдігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы»   Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сотының  1992 ж.  18 желтоқсандағы   № 6 санды  Нормативтік Қаулысының  1-бөлігінде  көзделген  талаптарға сәйкес, О.Лештаев сотқа  бірде-бір уәж, немесе мән-жайларды нақты айқындайтын бірде-бір дәлелдемелермен  бекіте алмады.

     Апырай а,  білдей «БАТЫР», әрі  заңгер О.Лештаев «Саясат-Ақпарат» газетінің  30.01.2020 жылғы  № 01-02(284) санында жарияланған  «Орынбасар Лештаев  «ҚЫЗЫЛ   ЖҰЛДЫЗ»  орденің тауып алды ма, әлде мүрдеден «ұрлап» алды ма?» атты мақаласының тақырыбысұраулы сөйлеммен  жарияланған, яғни нақты,  тұжырымды форматта жазылмағандығын қалай білмеген, ә?  Жоқ, әлде өзін сот саласында лауазымды  қызмет еткеннең соң, «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса»-деп,  өз білермендігімен  сотқа «атойлап» жүгіре берген бе?

   Ал, енді  жауынгерлік «Қызыл  Жұлдыз» ордендері жайлы сөздерге келсек. Орекеннің «ауған-душмандарының» қақ ортасында  қорықпай жүріп, жауынгерлік ерлік  көрсетіп,  Герат провинциясында  жауынгерлік тапсырмаларды жүзеге асырып, жанқиярлықпен көрсеткен ерлігінің арқасында екі мәрте «ЖАУЫНГЕРЛІК ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ ОРДЕНДЕРІМЕН»  марапатталған туралы «ертегісіне» сенбей ақ қояйын десек,  1994 жылы құрылған «Заң» медиа-корпорациясы аясында шығатын «ӘДІЛ СОТ» ғылыми-құқықтық журналында «тасқа таңба басылғандай»  болып басылып тұрғаны....    Қарап тұрсақ, осы журналдың  тілшісі Нұрлыбай Омаровқа,   «ер-ТҰЛҒАмыз -Орекен», кешіріңіздер  О.Лештаевтың өзі  мақтанып,  сұхбат бергені «көзге шыққан сүйелдей» анық көрініп тұр.  Астанадан басылып шығатын  «Әділ сот» журналының   № 1 санында жарияланған -« Елінің батыр ұлы –ОРЫНБАСАР» деген  мақаланы оқып таусып бітіре  алмайсын.   Орекен жайлы «МАДАҚ» мақала,  түгел бір журналдың 1-ші бетінен бастап, 33-бетіне дейін қамтылыпты.    Журналдың 30-бетінде  О.Лештаевтың жауынгерлік «Қызыл  Жұлдыз» ордендерін қандай ерлікпен алғандығы жайлы, жазуға «тайсалып» тұрмыз.

  Өйткені, Орекен-нағыз «батыр ер» екенің сот барысында білдік. Бұл «батырымыз»   газетті  қайтадан  сотқа   беріп, өзінің де, соттың да, біздің де  алтын уақытымызды сарп етіп, әуре-сарсанға  салады ма деп «қорқасын». Сондықтан,  «Әділ сот» журналының 30-бетіндегі  О.Лештаевтың «қиянпұрыс қаһарман жолы» жайындағы қан майдандағы  оқиғасын, орекендер айтқандай «цитировать» етіп тыныш отырғанымыз абзал...

-Орынбасар Лештаев бұған дейін де бірнеше ордендер мен медальдардың иегері атанып құрметке бөленген азамат. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградамен марапаттауының өзі сот саласы   қызметкерлерінің қоғамдағы беделін көтеруі деп қабылдауымыз керек. Орынбасар Лештаев өзінің ең алғашқы  еңбек жолын 1983-1985 жылдары ОҚО Түлкібас ауданы «Қызыл Жұлдыз» (опять  «Қызыл Жұлдыз ?)қолхозында қатардағы колхозшы болып бастаған. Ал 1985-1987 жылдары Ауған соғысына Ауған Демократиялық Республикасының Герат провинциясында қатысып, Кеңес дәуірі кезеңіндегі жауынгерлік тапсырмаларды жүзеге асыруда жанқиярлықпен көрсеткен ерлігінің арқасында екі мәрте (приравнивается к категориям Героям Советского Союза) «Жауынгерлік Қызыл Жұлдыз» ордендері және бірнеше медальдарымен марапатталған-деп, жазады «Әділ сот» журналы.

 «Ауғаныстан және жергілікті соғыс ардагерлер одағының» төрағасы Ғ.Майханов,  өзінің  Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот Департаментінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдың алу бөлімі сот приставтары секторының сарапшысы А.Бекбосыновқа берген жауап хатында, О.Лештаевты  «Әділ сот» журналының тілшісінен де (кім біліп бара жатыр деген принципті ұстанып) асыра көп мақтап жібергені байқалып қалды.

-Ауған соғысының ардагері Лештаев Орынбасар (1986-1987 жылдар, «Әділ сот» журналында 1985 ж. деп көрсетілген) ауған жеріндегі майдан даласында жанқиярлық қаһармандығымен ерекше көзге түскен азамат. Қатардағы жауынгер бола тұра Отанға деген сүйіспеншілігіме, адалдығымен, антқа берік ұстамдылығымен, ұрыстағы табандылығымен ерекшеленген жауынгер.(Түхх...) Осындай азаматтық қасиеттерін көрген командирлері бірден «старшина» шеніне  тағайындап, ротаға басшылық етуді жүктеген. Ол өзіне артылған жүктің  маныздылығын сезініп, сұрапыл(?) соғыстың бірнеше (есте қаларлық нәрсе екен) қақтығыстарында қайсарлығымен біліктілігін іске асырған, интернационалдық борышын адал атқарып, командирлері мен сарбаздарын от пен оқтан бірнеше рет аман алып  қалған жауынгер.  Әлі күнге дейін командирлері мен сарбаздары бұл азаматтың ерліктерін (мына жерде тым құып кетті) аңызға айналдырып айтып отырады.Бұл майдангер бірнеше ордендер мен медальдардың иегері. Оның ішінде екі (2) «Қызыл Жұлдыз Ордендері»(орден Красной Звезда-деп, аударып қойыпты) қоғамдық марапатты ауған қауымдастығымен табысталған (?). Жоғарыда аталған ерліктерін ескеріп, Елбасы тікелей өз жарлығымен еліміздің жоғары мемлекеттік наградасы 2-ші дәрежелі «АЙБЫН» орденімен марапаттаған.   Ресей мемлекетіндегі  қарулас генерал шенді командирлері Кеңес Одағының батырлары, Ресей батырлары, О.Лештаевты  Ресей Президенті алдында ең жоғары мемлекеттік наградаға ұсынуда.(«Старшинаға» алданған, қайран анғал «генералдарым ай)

  Бұл батырымыз «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ»-деп, біраз көсіліпті төраға Майханов Ғани мырза.

  Құрметті оқырман қауым өздеріңіз де байқаған боларсыздар, «Әділ сот» журналының тілшісі мен төраға Ғ.Майхановтардың сөздері бір-біріне  қарама қайшы болып, О.Лештаевтың «батырлығына» күмән келтіріп тұр. «Ауғаныстан және жергілікті соғыс ардагерлер одағының» төрағасы Ғ.Майханов «Қызыл Жұлдыз Ордендері»(орден Красной Звезда-деп, аударып қойыпты) қоғамдық марапатты ауған қауымдастығымен табысталған деп жазса, «Әділ сот» журналы «Кеңес дәуірі кезеңіндегі жауынгерлік тапсырмаларды жүзеге асыруда жанқиярлықпен көрсеткен ерлігінің арқасында екі мәрте «Жауынгерлік Қызыл Жұлдыз» ордендері және бірнеше медальдарымен марапатталған»-деп, жазады.

  Ал,бұл жерде  кім ақымақ, кім ақылды?! Негізінде,  екі мәрте жауынгерлік «Қызыл Жұдыз» алған азамат,  ол автоматты түрде Кеңес Одағының батыры (Герой Советского союза)  мәртебесімене ие болады. «Ауғаныстан және жергілікті соғыс ардагерлер одағының» төрағасы Ғ.Майханов өз-өзін ұстап беріп, «Жоғарыда аталған ерліктерін ескеріп, Елбасы тікелей өз жарлығымен еліміздің жоғары мемлекеттік наградасы 2-ші дәрежелі «АЙБЫН» орденімен марапаттаған»-деп жауап береді.  

   Демек, осы екі жауынгерлік «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің арқасында, Елбасыны  ашықтан ашық алдап  2-ші  дәрежелі  «АЙБЫН» орденің алған екен ғой, «жалған батыр» Орынбасар Лештаев.

  Себебебі, 2-ші дәрежелі «АЙБЫН» ордені  Қазақстан Республикасының президентінің 1995 жылғы жарлығымен бекітілген - әскери орден.   Оны әскери қызметтік міндеиін орындауда көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін, төтенше жағдайда қылмысқа қарсы жасаған жанкешті әрекеті үшін, немесе жеке құрам арасындағы тәрбие жұмысындағы жетістіктері үшін марапатталады.

   О.Лештаевтың мұндай жоғары наградаларды омырауына тағып жүргені заңға томпақ екенідігіне,  Ресей Қорғаныс министрлігінің  Орталық архивінің меңгерушісі Т.Кисилеваның 23.07.2012 жылғы «Анықтамасы»  дәлел бола алады.  Бұл анықтамада,  О.Л.Лештаев Ауған Демократиялық Республикасында  қарапайым жүргізуші болғандығын, оның  Герат провинциясы, немесе  Ауғанстанның өзге аумағындағы ешқандай  майдан шебінде ұрыс-қимылдарға  қатыспағандығын,    оны  ешбір жоғары «наградаға» ұсынылмағандығы туралы «тайға таңба басылғандай» анық жазылған. Сондықтан, О.Л.Лештаев 2-ші дәрежелі  «АЙБЫН» орденін де заңсыз алған болып түр.

 Осыдан кейін, талапкер О.Лештаев өзінің арызында, «Қызыл Жұлдыз»-«Красная звезда» орденін  Қазақстан Республикасы Ауғаныстан және жергілікті соғыс ардагерлер Одағының қауымдастығымен, яғни соның төрағасы Ғ.Майхановпен  табысталған, «Красной звезда» - «Қызыл жұлдыз» ордендерінің қоғамдық марапат екенің, тиісті куәліктерімен дәлелдеп беріп отырмын - деп, қалайша ұялмастан  жазған.

  Өйткені,  О.Лештаевтың осы сөздерін теріске шығаратын дәлелі ретінде тұрарлық, ол, сотта белгілі болғандай «Қызыл Жұлдыз»-«Красная Звезда» орден кітапшасында- «Комиссия по общественным медалям и памятниками и памятными знаками» деген «күмәнді» фирманың мөрімен бекітілген жазбасы болып тұр.  Бір қызығы, ондай комиссияның Шымкент  қаласында,  немесе Қазақстанның басқа қалаларында анықталмағандығы бізге мәлім болды. Қазақстанда тек  «Республиқалық Марапаттау Комитеті» ғана бар,  ал  «Комиссия по общественным медалям и памятниками и памятными знаками» деген комиссия еш жерде жоқ болып шықты.

  Бір қызығы, Шымкент қаласы,  3 м.а. №6 үй, № 17 пәтерде орналасқан «ОҚО Ауғаныстандағы соғыс ардагерлер  ҚАУЫМДАСТЫҒЫ»-ның төрағасы С.Рысбековтың  «Айна-Онтүстік» газетіне 17.5.2018 жылы берген жауап хаты бола алады. Осы хатта төраға: «О.Лештаев ОҚО ауғаныстандағы  соғысы ардагерлер қауымдастығының тізімінде жоқ,   яғни ол қауымдастықтың  мүшесі емес»-деп,  жауап берген. 

Осыншама былық-шылықтары бар екендігін бола тура, Орынбасар Лештаев Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының шығарған әділ шешіміне келіспестен, апелляциялық Шағым жазғанына жол болсын?

  Құрметті  Жоғарғы  сотының төрағасы Ж.Қ.Асанов мырза,  газеттегі жарияланған   фактілер бойынша  қызметтік тексеру жүргіздіріп, О.Лештаевтың кеудесіндегі  қос жауынгерлік  ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ  және 2-ші дәрежелі  «АЙБЫН» «ордендеріне» күмәнмен қарап, оны жалғандық жасау жолымен негізсіз атақ-данк алып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевты алдап алғаны себепті, тексеру нәтижесінде оған қатысты Жекеше Қаулы шығарып қылмыстық іс қозғатуға  тиісті органдарға Ұсыныс хатпен шығуыңызды  сұранамын.   

   Қазақстан Республикасы Ауғаныстан және жергілікті соғыс ардагерлер Одағының» қауымдастығымен, яғни соның төрағасы Ғ.Майханов,  Ауған соғысы біткен кезде бір-екі ай ғана жүргізуші болып, Кеңес әскерлерінің техникасын шығарысуға жәрдем берген азамат. Нақтырақ айтсақ, Г.Т.Майханов О.Лештаевпен соғыста бірге болмаған, өзі жазып отырғандай,  О.Лештаевтың «ұрыстағы  табандылығын, рота басшысы болғандығын, «сұрапыл соғыстың» бірнеше қақтығыстарының және от пен оқтың астынан бірнеше рет командирлері мен сарбаздарын аман алып қалғандығын» өз көзімен көрген адам емес. Біздің пайымдауымызша бұл жауап хат,  ешқандай нақты фактілермен көрсетілместен немесе нақты құжаттарменен бекітпестен асығыс түрде,  О.Лештаевтың айтуымен немесе,  төрағаның өзі ойдан құрастырып жазған-деп, толық айтуға болады.  Қазақстан Республикасының  Президенті Қ.К.Тоқаев,  Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Қ.Асанов, Қазақстан Республикасының  Бас прокуроры Ғ.Д.Нұрдәулетов мырза сіздерден нақты жауап күтеміз! Өйткені, «ЗАҢ ХАНҒА ДА, ХАЛЫҚҚА ДА ОРТАҚ!!!»

 

  Оны орындау әр-бір қазақстандық азаматтың парызы.

Н.Дарханбаевна

Осыған ұқсастар:
1. Орынбасар Лештаев «Қызыл жұлдыз» орденін тауып алды ма, әлде мүрдеден «ұрлап» алды ма?
2. Киелі кесенені табыс көзіне айналдырған Орынбасар Лештаев
3. Саясатпен «ойнаған» Орынбасар «орынтақтан» айырылды
4. Н.Назарбаев десе заң жүрмейді, Е.Сайрамбаев десе заң жүреді.
5. Ескі Иқанның «шиқаны» жарылмай тұр

0 пікір