Ренжіткен адамға қалай жауап беру керек?
Ренжіткен адамға қалай жауап беру керек?
21.09.2017 15:04
2136
0

Бірде бір жігіт сол ауылдың данагөй қариясына келіп:

 - Ата, біреу маған ауыр сөздер айтып, балағаттап, ренжітсе ол адамға қалай жауап қатуым керек? Кейде өзімді-өзім ұстай алмайтындай жағдайлар болып қалады. Ең дұрыс жауап қандай болады? деп сұрайды. Қария:
- Сен бір ағаштың түбінде отырсың. Егер сенің үстіңе сол ағаштың бір шыбығы түссе, сен не істейсің? дейді. Жігіт:
- Не істеймін? Ол жәй ғана шыбық қой. Оның сынып, менің үстіме түскені сәйкестік қана.
- Сені ренжіткендерді де дәл солай қабылда. Біреу ашуланып, саған ауыр сөздер айтты, сені ренжітті. Ол – үстіңе бір шыбық түскенмен тең. Елемей, өз жолыңмен кете бер.

0 пікір