САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫН «ДҮРЛІКТІРІП» ОТЫРҒАН КІМДЕР?
САЛЫҚ  БАСҚАРМАСЫН «ДҮРЛІКТІРІП» ОТЫРҒАН КІМДЕР?
23.10.2020 12:20
878
0

Түркістан облыстық Салық басқармасының басшысы
Нұрмолдин Дулат Нұрахметұлының назарына!   

САЛЫҚ  БАСҚАРМАСЫН «ДҮРЛІКТІРІП» ОТЫРҒАН КІМДЕР?
НЕМЕСЕ  ЖАЛА ЖАПҚАН «САЛЫҚШЫЛАР» СОТТАЛАДЫ МА?

   Үстіміздегі жылдың маусым айында «Саясат-ақпарат» газеті редакциясына Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы атынан   бір бума құжаттарын «арқалап» әкелген Нұрбол  Жұмабеков деген азамат осы басқармаға жаңадан келген басшы Жаңбырбаев Шакеннің үстінен арызданып келіпті. Арыз иесінің шағымын редакция заңгері Х.Рахманбердиев мұқият тыңдап, құжаттарымен танысып, уәждерін тыңдады.   Заңгер Х.Рахманбердиев Н.Жұмабековке: –«Нұреке, бас  редактордың атына  арыз жазуыңыз қажет», -деді.


  - Сонда, Н.Жұмабеков, «Арыз жазбай ақ қойсам болады ма  жұмысымнан өз еркіммен арыз жазып шығып кеткенмін. Әкелген құжаттардың ішінде ұжымның атынан департаменттерге, Комитетке, ішкі істер органдарына жазылған арыздар, сол арыздарға берілген жауаптар бар. Соған қарап мақала жаза берсеңіздер болады»-деп жауап қайтарды.

  - Сонда қалай, арыз жазбаймын дейсіз, ертең соңына дейін өз позицияларыңызда  тұра аласыздар ма, жалпы бұл арыздармен сізді редакцияға жіберген кім, -деп сұрағанымда, Жаңбырбаевтың жұмыстан кетуіне мүдделі болып жүрген бірнеше адамның аты-жөнін айтты.Тіпті, сол орынның арасында тіпті, сол орынға жайғасулы көздеп жүрген бір азаматтың фамилиясы да аталды. Нұрбол өз сөзінде «Осылар ғой арызды ұйымдастырып жүрген. Ұжымға  бұрыңғы бастық болса, жайлы еді, мынау өзінің тәртібін орнатамын деп, «қадалып» алды ғой...Содан болар, ол ешкімге ұнамай қалды»-деген жауабын айтып, асығыс түрде шығып кетті.

   Көп кешікпей, Н.Жұмабековтың сөзі және ұжым  арызындағы мән-жайлар қаншалықты рас екендігін анықтау мақсатында Сарыағашқа бардым. Арызданушылармен жолықтым, алайда ешқайсысы редакция атына арыз жазуға келіспеді. Сарыағаштағы салық басқармасының қызметкерлері Н.Жұмабеков апарған арыздың көшірмелеріне біз қол қойғанбыз, соған қарап мақала жаза беріңіздер дегеннен әрі аса алмады. Бұлар неге бүйтті екен деп, неге арыз жазудан қашады деп мен түсінбей қалдым.  

   Мақала біржақты жазылмасын деп  мен Ш.Жанбырбаевпен де пікір алмастым. Мен бірден: «Ұжымдық арыздан хабарыңыз бар ма?» -деген сауалдан әңгімені бастадым. 

  - Ия, хабардармын. Жан-жаққа жазып жатыр ғой. Мақсаттары мені бұл қызметтен кетіру. Міне құжаттар, міне арыздар, міне жауап хаттар!

   Ш.Жанбырбаев алдыма біраз құжаттарды  қойды. Мен олармен танысып болып, бұл құжаттардың барлығы бізде бар екенін, арызданушы тарап редакцияға әкеліп бергенін айттым.

   Редакцияға келген бойда  Н.Жұмабековтың әкелген  құжаттарын қайта оқып, таныстым.  Мен журналистік зерттеу жүргізіп, мақала әзірлеп жатқанда,  28.08.2020 жылы фейсбук парақшасыда «Салық басқармасын «самодур» басқара ма, әлде әйелі басқарады ма?» атты пост жарияланды. Авторы - Амангелді Батырбеков. Сонда, бізге жазбаша арыздануға шамасы жетпеген экс-салықшы Н.Жұмабеков  арызын Батырбековке барып жазбаша жазып берген бе деген ойға қалдым.  Жоқ әлде сол баяғы бізге әкелген көшірме арызын беріп: «Батеке аямай жаза бер,  айдаладан келген бастықты, Сарыағаштан кері қайтарып берсең болды» - деп өтініш жасаған ба?

   Мақұл арыз бар делік, мейлі ол «көшірме», мейлі ол «оригинал» болсын, бірақ А. Батырбеков өз жазбасын біржақты, тек Жаңбырбаевты қаралау мақсатында жазғаны көрініп-ақ тұр. Әрине, бұл БАҚ туралы заңына да тура келмейді, адами тұрғыдан алғанда да дұрыс болмапты.

  Сарыағаштық Абекеңнің стилі,  өзіне де, жұртқа да белгілі. Сол баяғыша, әзілдегенсіп, сарказммен, кекетіп-мұқату,  жаңадан келген бастық өйтіп қойыпты, бүйтіп қойыпты қызыл сөздер...    Әлқиса,  Н.Жұмабековтың әкеп берген құжаттарын сөйлетейік.

Бірінші ұжымдық арыз Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жазылыпты.

  1.  Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы, Жанбырбаев Шакен Махмутович 20.06.2019 жылы басшы болып тағайындалғаннан бері, қызметкерлерді жұмыс уақыты аяқталса да қайтарғысы келмейді. Таңғы сағат 08:30-да жиналыс және кешкі сағат 19:00-де жиналыс өткізеді. Сол жиналыстың орнына  жұмыста бірнеше шаруа бітіруге болады-депті.
  2.  Басқарма ғимаратын жөндеу үшін қызметкерлер есебінен 40 000-50 000 теңгеден жинайды.
  3. Басшының қызметтік кабинетіне қажетті заттар алдыртады. Тіпті, сол жерге таңғы асын алдыртады.
  4. Әр қызметкерді жеке-жеке шақыртып, жұмыстан тыс тапсырма береді, оларды отбасылық жұмыстарға пайдаланады. Бала-шағасы немесе өзі ауырып қалса дәрі-дәрмектер алдыртады. Үйіне соғым алдырады.
  5. Қызметкерлердің тиісті еңбек демалысын дұрыс бермейді. Берсе де, тура мереке немесе сенбі, жексенбі күндеріне әдейі түсіреді. Іссапар шығындары төлеу кезінде есепке қол қоймай әдейі созып жүреді.
  6. Жаңа жыл мерекесін қызметкерлердің қарсылығына қарамай «Алладин» ресторанына өткізіп, қатыссын-қатыспасын қинап ақша жинайды.
  7. Басқарма басшысының орынбасарының қызметтік бөлмесіне кірсең –«Неге кіресің? Неге ұзақ отырасың?»- деген сұрақтардың астына алады.

Шынымызды айтсақ, біз Жанбырбаев Шакеннен шаршадық! Жеті ай шыдап келдік. Бұл іс-әрекеттері жалғаса берсе, ертеңгі күні Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің біреуі бір нәрсеге ілініп қалмауына кім кепіл?

Бұл бассыздыққа тосқауыл қойып, әділетті шешім қабылдауыңызды сұранамыз! Шыдамның да шегі болады, шыдамымыз таусылды!

Арызданушылар,  Б.Байгозиев, С.Арапбаев, Ә.Тұнғышбай, Ф.Жумадиллаев, А.Усенбаев, Т.Ондасынов, Е.Тойлыбаев, А.Тулеев, А.Токиев, Г.Жумашбекова, К.Жаркинбаев, Н.Бердибаев, Н.Жумабеков, Е.Хайназаров, Б.Бөртебаев, Е.Ережеп, С.Абдурахманова, К.Кудайбергенова, Л.Алимбаева, Г.Баялиева,Н.Курохтина, М.Попова.  Арызданушылардың саны 22 адам, 5 адам қол қоймаған. Сонда 17 адам арызданған болып отыр.

Осы арыз негізінде Департаментке   Ш.Жанбырбаев 05.03.2020 жылы хат жолдап, оған түсініктеме жолдауды талап еткен.  Сол күні Ш.Жанбырбаев, өзінің тікелей басшысы атына түсініктеме және қосымша 3 парақта хат жолдайды.

  Ш.Жанбырбаевтың түсініктемесінен үзінді келтірейін.

   1.  Мен, 20.06.2019 жылы осы басқармаға басшы болып тағайындалдым. Басқарма штат саны 29 адам болғанымен, орынбасарлық лауазым бос болатын. 22.07.2019 жылы бұл бос орынға Қ.Ғ.Заманханов тағайындалды.

  2. 2019 жылдың қыркүйек айында бас мамандар А.Орынбеков пен М.Нұрғалиев қысқарумен босады. Сонымен басқармада 7 әйел, 20 ер азаматтар жұмыс атқарады.

 3.  Алқашқы кезендерде әрбір қызметкер функционалдық міндеттерін жақсы атқарып, 2019 жылдың 9 айының қызметін тиімділігін бағалау индикатолары мен көрсеткіштеріне сәйкес, облыстағы   басқармаларының арасында 8 орынға ие болған. Бұның басты себебі, «басқарманың» біраз қызметкерлері өз міндеттерін тиісті дәрежеде дұрыс атқармағандығынан туындаған.

2019 жылдың қазан айында соңғы 5 жыл көлемінде салық төлеушілерге жіберілген, бірақ орындалмаған жалпы саны 55098 хабарламалар мен хабарландыруларды түзіп, жауапты бөлімдерге әрқайсысы бойынша тиісті жұмыстарды атқару тапсырылған. Алайда, бұл тапсырмалар бүгінгі күнге дейін орындалмады.

  Сол себепті, жылдың соңына қарай, бекітілген жоспарлардың орындалмауы қауіпіне, түсімдердің өсу қарқындарын қамтамасыз ету қауіпті болуына, рейтингтің әрбір тармақтарының көрсеткіштері нашарлауына байланысты жұмыс күндері таңертен және кешкі уақыттарда жұмыс орнында жиналыс жасағаным рас. Ал, қызметкерлердің компьютерлеріне сөндіру бағдарламасын орнату бойынша мамандардың өздері қарсы болған.

  Өз жұмыс орныма ешқандай зат алдыртқан емеспін. Таңғы асты өз отбасыммен үйде ішемін. Отбасымның немесе өз қажеттілігіме қызметкерлерден қаражат жинаған емеспін. Еңбек демалысына өтініш білдірген әрбір қызметкердің өтініштері, толығымен қанағаттандырылған.

  Жаңа жылдық мерекелік жиынға қызметкерлер өз еріктерімен қатысқаны рас. Басқарма орынбасарына «Неге кіресің, неге ұзақ отырасың?» деген сұрақтарды қоймағанмын.  21.02.2020 жылы Басқармада жалпы жиналыс өткізілген. Жалпы жиналыс шешімімен Басқарманың бөлім басшысы А.Токиевке «қатаң сөгіс», маман А.Үсенбаевқа, Б.Бөртебаевқа  «сөгіс», бас маман Қ.Жарқынбаевқа «сөгіс», бөлім басшысы Е.Тойлыбаевқа «қатаң ескерту», маман С.Арапбаевқа, А.Тұнғышбайға «қатаң ескерту»  тәртіптік шара қолданылған. Алайда, А.Токиев, А.Үсенбаев пен Б.Бөртебаев тәртіптік жазаға келіспестен, Департаментке түсінік берген. Содан бастап қызметтік тексеру басталған болатын.

   Осыған орай,  Ш.Жанбырбаев  өзінің тікелей басшысы, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Д.Н.Нұрмолдинге   Басқарманың  экономикалық-бақылау жұмыстарына соңғы кешенді тексеру 2015 жылы 09 шілдеде болғандықтан, 01.04.2015 жылдан бастап осы кезеңге кешенді тексеруді тағайындауыңызды сұраймын. Одан басқа, 2019 жылдың қорытындысы бойынша (бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек, экспорттық бақылау,  шағын бизнес субьектілерін әкімшілендіру, мемлекеттік қызметтер, нөлдік мөлшерлемеде ұсынылған СЕН бақылау) басқарманың  төмен көрсеткіштерге қандай себептермен орын алғандығына тексеру жіберуіңізді сұраймын»-деп,  05.03.2020 жылы өтінішхат жолдаған болатын.

  Міне, осыдан кейін болса керек, «сөгіс», «ескерту» алған «өкпелілер» жаңадан келген тікелей басшылары болған  Ш.Жаңбырбаевқа шүйілігіп жан-жаққа арыздарын оқша боратып, тексеру нәтижесімен өздерінің 5 жылда жасаған-жасамаған «былықтары» ашылып қалмасын деп  нәтижесінде  жұмыстарынан қуылып кетпеу-  ойымен, бастықтарын қалай болса да «тақтан тайдыруға» ифлас іс-әрекеттерін жасап жатыр – деген тұжырымға келдік.

   Осы  мән-жайлардың барлығын анықтамай тұрып, сарыағаштық А.  Батырбеков», Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы» заңына да қарамастан,  көзін тарс жұмып алып, «өкпелілерге» не мақсатпен «ақпараттық  қолдау» көрсетіп отырғаны бізге, әзірге беймәлім.

  Бізге мәлім болғаны, «арыз жазушылар» Д.Н.Нұрмолдинмен шектелмей, ары қарай арыздарын «жоғарыға домалатып» Президент әкімшілігінің басшысы Е.Қошановқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевқа, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің төрайымы А.Жайылғановаға, Мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы М.Сұлтанғазиевке, Мемлекеттік қызмет істері Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы А.А.Шілмановқа, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің басшысы Е.Нураливке дейін  Ш.Жаңбырбаевтың үстерінен астарында үлкен ойын жатқан шағымдарын жаудыру үстінде.

  Нәтижесінде, жазылған арыздардың барлығына тиісті органдармен жауап беріліп, «арызданушылардың» арызда көрсетілген уәждері өз дәлелін таппағандығы көрсетілген.

  Осыған және қосарым,

 1 Өндіріс

  Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жаңбырбаев Шакен Махмутовичтің тәртіптік ісі жөніндегі 12-беттік  № 29 санды ШЕШІМІНІҢ соңғы 12-ші бетіндегі Мемлекеттік қызмет істері Агентігінің облыс бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы А.Шілманов пен Мемлекеттік қызмет істері Агентігінің облыс бойынша Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының   менгерушісі Е.Ермаханбетовтің жазғанын жариялап жіберейін.

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 санды Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыстардағы, Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестері туралы Ереженің 27-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Сарыағаш бойынша МКБ-ның басшысы Ш.М.Жанбырбаевқа қатысты қозғалған тәртіптік іс тоқтатылсын;
  2. Ереженің 7-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының  басшысына және Әдеп жөніндегі уәкіліне, Ш.Жаңбырбаев пен «басқарма» ұжымы арасында Әдеп кодексінің талаптарының бұзуына ықпал ететін тәуекелдер, себептер мен жағдайларына талдау жұмыстарын жүргізіп, ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды дұрыс қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдау ұсынылып, қорытынды ақпаратты дәлелді құжаттарымен бірге ағымдағы жылдың 12 маусымына дейін хатшылыққа жолдансын.
  3. Ереженің 7-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының Еңбек инспекциясы басқармасына өз құзыреті аясында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Сарыағаш бойынша МКБ-ның  мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс күндеріндегі жұмсқа тартылуы жағдайдағы мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төлеудің талаптарын сақталуына құқықтық баға берілуі ұсынылсын, нәтижесі Ұжымдық арыз иелеріне және Хатшылыққа ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жолдансын.

 

Бұдан шығатын қорытынды, өз шағымдарына осындай нақты және ресми жауап алып отырса да,  «арызданушылар» тыныш отырмай, «домалған» арыздарын әуелі біздің редакцияға әкелген, сосын оны әрмен қарай сарыағаштық А. Батырбековке қарай домалатып жіберген.

Ал біз өз кезегімізде Сарыағаштық арыз жазушыларға:

Таяқтың екі ұшы бар-деген сөзге де, баса назар салыңыздар дегіміз келеді.

   Өйткені  Мемлекеттік кірістер басқармасының Сарыағаш бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасының  мемлекеттік қызметшілері, арызданушылар,  атап айтқанда Б.Байгозиев, С.Арапбаев, Ә.Тұнғышбай, Ф.Жумадиллаев, А.Усенбаев, Т.Ондасынов, Е.Тойлыбаев, А.Тулеев, А.Токиев, Г.Жумашбекова, К.Жаркинбаев, Н.Бердибаев, Н.Жумабеков, Е.Хайназаров, Б.Бөртебаев, Е.Ережеп, С.Абдурахманова, К.Кудайбергенова, Л.Алимбаева, Г.Баялиева,Н.Курохтина, М.Поповалардың  жазған арыздарындағы фактілер, өз дәлелін таппағандықтан, олар ертеңгі күні Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 130 және 131-баптарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылып кетуі әбден мүмкін.

  А. Батырбеков,  сарыағаштық жазғыштарға өз ақыл-ойын айтпаған болса керек.

Біреуге ор қазамын деп, сол орға түсіп қалмағайсыздар деген кеңесті біздің ұжым атынан бергіміз келеді.

P.S:

Қазіргі таңда Сарыағаш аудандық салық басқармасының біраз қызметкерлері үстінен қылмыстық іс қозғалған. Газет редакциясы оны  өз назарында ұстайды  және ол бойынша журналистік зерттеу жүргізіп,  тергеу амалдары аяқталғаннан соң арнайы мақала жариялаймыз.

 

 

«Саясат-ақпарат» газетінің бас редакторы: Н.Д.Мамыкова

 

0 пікір