Сарыағашта қылмысты қинап мойындататын «Оперлерге» бір тоқтам бола ма?
Сарыағашта  қылмысты қинап  мойындататын «Оперлерге» бір тоқтам  бола ма?
17.11.2020 13:01
281
0

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ, БАС ПРОКУРОР Ғ.Д.НҰРДАУЛЕТОВТЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ Е.З.ТҰРҒЫНБАЕВТЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРІ  ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Ө.Е.ШӨКЕЕВТІҢ НАЗАРЫНА!!!



«Сарыағашта  әділдік жоқ! Полицейлері де бандит боп кеткен бе? Баламды ұрып-соғып, аяғын  екі жаққа керіп қойып сандарына аяқ киімдерімен секіріп,  қара ниеттерін жүзеге асыру мақсатында басына полиэтилен пакетті 7 рет кигізіп тұншықтырып азаптаған полицейлер ақыры жасамаған  қылмысты балама  іліп жіберді. Баспаған тауым, аттамаған табалдырық қалм
ады»-деп, Сарыағаштан арнайы келген сексенге таяп келген қария, редакцяға мұның шағып, арызданды.

АРЫЗ.

Мен Мусабеков Абылай жазықсыз 4 жыл 6 айға сотталған Мусабеков Мадидің әкесі боламын.  Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері озбырлық, адами қасиеттердің барлығын сырып тастап жасаған «айуандық» іс-әрекеттердің кесірінен, балам  байғұс темір торда телміріп  әділдік күтіп жатыр.

  Балама қатысты болған мән-жайлар былай болған.

   Менің ұлым Мади Мусабеков,  Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы аулындағы орналасқан ақша алмастыру  пунктінің бірінде жұмыс жасап жүрген.  Оның тоққа түсіп қолын күйдіріп алғанын  білген соң, екінші ұлым Нұрғалиға «Сен қалаға барып кел, аған Мади сол жақтағы ауруханада. Хабарын алшы» деп оны сол жаққа жібердім.

  Балам  өзінің досы Саматты ертіп  қалаға барады. Сол кезде Нұрғалиға белгісіз номермен бір адам қоңырау  шалып:  « Мен полиция боламын, сен  Шымкент қаласының Еңбекші АПБ-не  қарай кел,  бір әнгіме бар, тез кел, бұл өзің  үшін дұрыс болады»-деп айтқан соң,  балам маған хабар беріп  Шымкеннтегі полиция бөліміне  барған.

 Нұрғали балам сол жаққа барған кезде алдынан өзін Мухан деп таныстырған жігіт оған «Сен Мадисің  ба? Сені тез арада Сарыағаш АПБ-не жеткізуіміз керек»,  -деп айтты. Нұрғали  оған:  «Мен Мади емеспін, тыныштық па? Мен соның інісі боламын»- деп айтқан кезде  Мухан оған «Сарыағашқа барған кезде айтамын»  деп жауап берген. Содан,  балам Нұрғали мен досы Самат Сарыағаш АПБ-не барды. РОВД-ға барған кезінде алдынан өзін  жедел өкіл Турсынбеков Азиз боламын деп таныстырған жігіт  «Мади қайда, ол неге бізден қашып жүр. Базарком Сейілбектен 3 000 000 теңгесін алып бермей алдап қашып жүр, айт шыныңды ол қайда?» деп сұрады.  Балам оған «Мади ешқайда қашып жүрген жоқ, ол қалада емделіп жүр, керек болса қазір- ақ шақыртып беремін»-деп, сол полицейлердің көздерінше Мадиге телефон шалып,  болып жатқан жайтты айтқан.

   Мади баламның айтуына қарағанда,  ол сол күні, яғни 13.11.2019 жылы  сағат 20:25  Сарыағаш аудандық полиция бөліміне өз аяғымен барған. Оны ешкім күштеп, «задержания» қылып ұстап әкелмеген. Ол өзі келген.

  Содан кейін Мадиді, Нұрғалиді және досы Саматты РОВД-ның екінші  қабатына ертіп барған полицейлер, Нұрғали мен Саматқа сендер осында тұра тұрындар деп оларды сол жерде қалдырып Мадиді Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары  Куатов Бауржанның қызметтік бөлмесіне кіргізпі әкеткен Турсынбеков Азиз бен Мухан еді. Сәлден кейін «замначальниктің» кабинетінен Мадидің « Жіберіндер  мені, тұншықтырмасаңдыршы, ойбай аяғым,  не істедім сендерге үстіме секірмендер» деп қатты айқайлап жатқан жан дауысы шығып жатты. Сол жерде тұрған балам Нұрғали айқайлаған дауыс кемінде 15 минуттай шығып жатты. Көмекке бармақ болған кезде кабинеттен білегі сыбанып шыққан   Бауыржан Куатовты көрген  Нұрғали мен Саматты ғимараттың  төменгі қабатына  полицейлер түсіріп жіберді.

  Содан балам Нұрғали мен Самат түнгі сағат 24:30-ға дейін сол жерде  Мадидің шығуын күтіп отырған.  Турсынбеков Азиз оларға сендер қайта беріндер, Мади осында қалатын болды деп екеуін де қайтарып жіберген.

  Ертеніңе, яғни 14.11.2019 жылы сағат 09:30 шамасында балам Нұрғали мен Самат Сарыағаш АПБ-не келген. Нұрғалиді  ішке кіргізбеді, бірақ Самат амалдап ішке кіріп 1 сағаттан соң шықты. Сағат 11:30 шамасында Азиз соларға жолығып Мадиге түстік ас әкеліп беріңдер деп өзі кетіп қалды.

Олар дүкенге барып ішіп-жейтін заттарды әкеліп беген кезде алдарынан Мухан күтіп алды да Мадиге алып кетті. Кешкі сағат 17:40 шамасында Нұрғали әкеліп берген тамақ пен керекті заттарды  Турсынбеков Азиз алып қалды.

Бұның бәрін тәптіштеп не үшін айтып-жазып отырмын, өйткені сол күні сағат 24:00 ғана өзін Мадидің қорғаушысы боламын деген бір кісі істің мән-жайын түсіндірместен «Мади қамауға алынды, енді оған келмей ақ қойындар», -                                                                     деді де кетіп қалды.

Содан кейін ұлым Нұрғали мен Самат қалаға адвокат жалдауға Шымкентке кетті.

 Бұл жерде айта кететін манызды фактінің бірі ол, Мадидің қолында жүрген, 13.11.2019 жылы сағат 20:25 Сарыағаш АПБ-не алып кірген маркасы «SAMSUNG –J5» ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ   ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛЫП КЕТУІ БОЛЫП ОТЫР. Бұл телефонды Мадиге балам Нұрғали сыйлаған болатын.

 Менің ойымша полицейлер бұл телефонды алып бізге қасақана қайтармай отыр. Егер де телефон айғақты зат деп танылса, онда ол туралы міндетті түрде хаттама толтыратын еді. Ал ол телефонды тәркілеу туралы ешқандай хаттама түзілмегендігі Мадиге қатысты шығарылған Үкімнен білуге болады.

 15.11.2019 жылы түнгі сағат 24:30 Мадиді қамауға санкция берліді. Ал 16 қарашада оны Шымкент қаласындағы ИЧ-167/11 тергеу изоляторына апарып қамап тастады.  19.11.2019 жылы қорғаушы оны кепілдікпен сыртқа алып шықты.  Содан Мади өзін азаптап қинаған полицейлердің заңсыз іс-әрекеттерін дәлелдеуі үшін 21.11.2019 жылы Шымкент қаласының сот-медициналық сараптама Институтына келіп сраптамадан өтеді. Сот-медециналық сарапшы мамандар Мадидің денесіндегі жарақаттарды мұқият тексеріп, дене жарақаттарды анықтап Қорытынды береді.

 Ал, 14.11.2019 жылы Сарыағаштағы уақытша устау изоляторында (ИВС) қызмет ететін полицейлер,  Мадидің үстінде ешқандай дене жарақатын анықтамаған. Сыбайластық па?! Әрине сыбайластық!!!

  Болмаса неге, 16 қараша күні Мадиді тексерген  Шымкент қаласындағы ИЧ-167/11 тергеу изоляторының қызметкерлері оның денесінде жарақаттар орын алған деп көрсетіп отыр. Өйткені, сарыағаштық полицейлер Турсынов Азиз, Мухан өздерінің бастығы  Бауыржан Куатовтың таныстары көп мұрнымызды балта шаппайды деп білгендерін жасап жүрген де болар?  Бауыржан Куатовтың бір әпкесі облыстық адвокаттар алқасының беделді мүшесі. Департаментте де «көке-жәкелері» жеткілікті шығар? Бірақ біз бұл істің аяғына дейін жеткіздірмей қоймаймыз.

Сондықтан, құрметті Назипа Дарханбайқызы менің берген арызыма сәйкес журналистік зерттеу жүргіздіріп, менің ұлым Мусабеков Мадидің  жазықсыз сотталып кетуіне ықпал еткендердің бірі, жоғарыда аталған Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты, олардың жасаған құйтырқы әрекеттерін әшкерелеп, маған ақпараттық қолдау білдіріп, ашы зарым мен жанайқайымды жоғары жаққа жеткізідіруге көмектесуінізді сұраймын.

Құрметпен А.Мұсабеков.

  Ия, өкінішті жағдай екен. Тұған баласы шырылдап жүрген Абылай Мусабековтың жай-күйін түсінуге болады. Қаншама ұл-қыздарымыз жазықсыз сотталып жатқаны да, осы заңсыз тергеу амалдарын жасаған  полицейлердің  кесірі. Жасамаған қылмысты дәлелдеу үшін «пакет» кигізіп тұншықтырады, «дубинка» тығамын деп қорқытады дегенді интернет желісінен оқып та, біліп те жүрміз. Алайда, Абылай ақсақалдың айтып жатқаны рас болса, әрине бұл ішкі істер органдарына жақсы атақ әпере қоймасы анық!

  Арызданушының сөздері қаншалықты заңды екендігіне көзімізді жеткіздіру үшін,  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ « РМҚК  Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалар институтының маманы К.Н.Бекмуратовтың  21.11.2019 жылы берген №110 санды СОТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ КУӘЛАНДЫРУ АКТІСІне назар аударайық.

 

СО СЛОВ  М.А.Мусабекова:

13.11.2019 году вечером в кабинете на 2 этаже Сарыагашского РОВД был избит сотрудниками полиции, били по бедрам, уложили на пол, связали руки за спиной, душили пакетом, перекрыв воздух. Сознание терял. За медецинской помощью не обращался. До этго несколько дней назад взял в руки оголенный провод, получил удар электротоком, вследствие чего на руках образовались раны. Проходил лечение по поводу удара электротоком верхних конечностей.

Жалобы:   на головные боли, тошнота, рвота.

ВЫВОДЫ:

  На момент судебно-медицинскогой экспертизы гр-на  М.А.Мусабекова имели место, кровоподтеки обеих бедер,  на внутренней поверхности трети правого бедра имеется анологичный кровоподтек багрово-желтого цвета, которая  образовалась от воздействии твердого тупого предмета и получены за 8-12 дней до прохождения судебно-медицинского освидетельствования и оцениваются «ЛЕГКИЙ» вред здоровья. Имеются ожоговые раны.

  Мінекей, құрметті Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев пен  бас прокурор Ғ.Нұрдаулетов мырза!!! Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы орынбасары Бауыржан Куатовтың, Турсынов Азиз бен Мухан есімді лауазымды мемлекеттік қызметкерлерініздің жасап жатқан іс-әрекеттеріҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ « РМҚК  Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалар институтының маманы К.Н.Бекмуратовтың  21.11.2019 жылы берген №110 санды СОТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ КУӘЛАНДЫРУ АКТІСІМЕН АҚ ӨЗ ДӘЛЕЛІН ТАУЫП ТҰР !!!  Ал    Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы орынбасары Бауыржан Куатовтың, Турсынов Азиз бен Мухандарға  адамды осылай қорлап азаптауға   рұқсатты  кім берді?

  Құрметті министр мен прокурор мырза, осы фактілерге қатысты қызметтік тексеру жүргіздірп, Абылай ақсақалдың әділдікке жетуіне ықпал жасайды деп үміттенеміз....

  Өйткені ЗАҢ  ХАНҒА ДА, ҚАРАҒА ДА ОРТАҚ!!! Ол жағын сіздер де жақсы біледі деген ойдамыз!  Жоғарыда аталған Сарыағаштық полицейлер өз жазасын алады ма, алмайда ма???

Құрметті Ерлан Заманбекұлы және  Ғизат Дәуренбекұлы, сауал бізден, жауап сіздерден...

 

Н.Д.Мамыкова

P.S.

  Арызданушы Абылай Мусабековтың арызы өз нәтижесін көргенге дейін «Саясат-ақпарат» газеті бұл мәселені өз бақылауына алатындығын ескертеді.

0 пікір