Саясатпен «ойнаған» Орынбасар «орынтақтан» айырылды
Саясатпен «ойнаған» Орынбасар «орынтақтан» айырылды
03.11.2020 19:49
1468
0

  Соңғы кездері Түркістан облыстық сот төнірегіндегі  болып жатқан журналистер мен сот арасындағы  «соттасу» мен ақпарат майданындағы «қарусыз соғыстың» ақыры  өз мәресіне жеткендей болды....

  Түркістан облыстық соттың әкімшісі Орынбасар Лештаев «Саясат-ақпарат» газетінің бетінде жарияланған «О.Лештаев Қызыл Жұлдызды тауып алған ба әлде мүрдеден ұрлап алған ба?» атты сыни  мақалаға өкпелеп, «Саясат ақпарат»  газетінің  редакторы Назипа Мамыкованы сотқа сүйреді.

  Бірінші сатылы   сотта О.Лештаев  «Саясаттан» «7:0» есебімен «ойсырай» ұтылып қалса да, «Жеңілген күреске тоймайды» деген кейіппен Шымкент қалалық сотына  апеляциялық Шағым  түсірді.

  «Аққа құдай жақ» демекші, «қос Қызыл Жұлдызды» ауғандық «батырымыз»  Орынбасар Лештаев  апелляциялық сотында да  масқарасы  шығып  «Саясаттан»  және  ұтылды.

  Ия, сот әкімшісі болса өзіне!!! Заң ханға да, қараға да ортақ!!!

  Бұдан былай «Саясатқа» мүлдем мұрнын тықпайтындай болған Орекең енді қандай қитұрқы амалға көшеді  екен деп  ойланып жүргенімізде  «Саясат-ақпарат» газетінің редакторы Н. Мамыкованың атына Жоғарғы соттан  арнайы  хат  келіп  түсті.

  Бұл хатта былай делінген:

  ҚҰРМЕТТІ  НАЗИПА ДАРХАНБАЙҚЫЗЫ!

  2020 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына келіп түскен Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы О.Л.Лештаевтың әрекеттеріне қатысты жазған сұраныс хатыңызға байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті келесідей хабарлайды.

 Сіздің хатыңыз бойынша Түркістан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Департаментімен тиісті қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген болатын.

   Қызметтік  тергеп- тексеру  нәтижесі бойынша, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агентігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен О.Л.Лештаевқа қатысты қозғалған тәтіптік іс тоқтатылды.  Себебі, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-бабының 1-тармағының 22-тармақшасына,  ҚР «Еңбек Кодексінің» 52-бабының 1-тармағының 20-тармақшасына,  53-бабының 8-тармағына және 54-бабының 1-тармағына сәйкес, 2020 жылғы 6 қазанда   О.Л.Лештаев  Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының лауазымынан босатылды.

 Персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) менгерушісі  Ж.Бекжан

 

ОСЫЛАЙША,  «САЯСАТҚА» ОРЫНСЫЗ ҰРЫНЫП, СОҚТЫҚҚАН СОТТЫҢ ДА, БАСҚАНЫҢ ДА АҚЫРЫ ЖАҚСЫ БОЛМАЙТЫНЫНА ТАҒЫ БІР РЕТ КӨЗІМІЗ ЖЕТТІ...ТӘУБЕ!

 

«Саясат-ақпарат» редакциясы

Осыған ұқсастар: 
1. Орынбасар Лештаев «Қызыл жұлдыз» орденін тауып алды ма, әлде мүрдеден «ұрлап» алды ма?
2. Қызыл жұлдыз орденінің «иегері», «қаһарман» О. Лештаев сотқа беремін деп «отқа» түсті
3. Киелі кесенені табыс көзіне айналдырған Орынбасар Лештаев 
4. Н.Назарбаев десе заң жүрмейді, Е.Сайрамбаев десе заң жүреді.
5. Ескі Иқанның «шиқаны» жарылмай тұр

0 пікір