Шенеуніктер Шымкенттің экологиясын қорғауға неге дәрменсіз?
Шенеуніктер Шымкенттің экологиясын қорғауға  неге дәрменсіз?
31.10.2020 13:26
336
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа

Құзырлы органдармен жергілікті билікке:
«Нұр Отан» партиясы Төрағасы
Н.Ә.Назарбаевқа
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асановқа
ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовқа 
ҚР ҰҚК төрағасы К.Мәсімовке ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа

  Әлде жауапты адамдар  арасында «бармақ басты, көз қысты» әрекет орын алған ба?

  Қазір экология мәселесі дүние жүзі мемлекеттерінің бас ауруына айналып тұрғаны өтірік емес. Ауаның ластануы арқылы түрлі ауру түрлері көбейді, тұтынып жүрген күнделікті ас-суымыздың өзі талапқа сай болмай шығуда. Экологиялық апаттың зардабы мұнымен де бітпейді. Сәбилердің кеміс туылуы, ақыл-естің нашарлығы, айтуға ауыз бармайтын қаптаған кесел, түрлі ауытқушылықтар. Дүние астаң – кестең болмай тұрғанда адамдар өз қолдарымен жасап жатқан апатты өз қолдарымен ауыздықтамаса, зардабы орасаң екендігін бәріміз білеміз.

 Шымкент қаласы – миллионнан аса адамның тағдыры. Мұнда да экологиялық ахуал оңып тұрған жоқ. Түрлі өндірістік орындардың қолқаны қабар ащы түтіні, ауыз суға қосылып жатқан қалдықтары, химиялық қоспалары, мыңдаған көліктерден шығатын улы газдар, жеке тұрғын үй мұржаларынан шығатын көк түтін қаланың үстін торлап, сізбен бізге білінбей денемізге сіңіп жатыр. Оның зардабын бүгін сезбегенмен, ертең алдымыздан шығары анық. Газетіміздің өткен санында Шымкент қаласы, Адырбеков өткелі тұрғындарының жанайқайын жаздық. Онда құрылыс материалдарын шығаратын цехтың төңірегіндегі тұрғындарды химиялық қоспалармен тұншықтырып жатқандығы, цехтың иесі Сансызбаев Мұхтарханға осы мәселені жеткізсе де тұрғындар талабымен санаспайтындығы, халықтың еркін тыныс алудан қалып бара жатқандығы айтылып, тиісті құзырлы органдардың мәселеге бей-жай қарамай, қатаң назарға алуын өтінген едік.

 Алайда, үмітіміз ақталмады. Газет жарық көргелі айға жуықтаса да, мәселе елестей көрінер, бірақ соңы өкініш әкелерін сезбейтіндей. Ең болмағанда тұрғындар талабының жауабын бермейтін неткен жайбасар билік бұл! Алдағы күндері Шымкент қаласының әкімі – Мұрат Әйтенов мырза осы мәселені жеке назарына алып, бізге оң жауабын береді деген сенімдеміз.

Н.Мамықова 

0 пікір