Сотқа жеткен бала дауы, медиациямен аяқталды.
Сотқа жеткен бала дауы, медиациямен  аяқталды.
23.10.2020 13:22
285
0

«Саясат-ақпарат» Республикалық, қоғамдық-саяси газетінің 21.08.2020 жылғы № 17-18 саныңда «ҮШ БАЛАСЫНАН ТІРІДЕЙ АЙЫРЫЛЫП ОТЫР» тақырыбымен мақала жарияланған болатын.

Редакциямыздың заңгері Рахманбердиев Хабидин, Шардара ауданы, Ұзын Ата аулынан, редакциядан көмек сұрап  келген  Абдукаримова Жанардың арызға тіркелген құжаттарымен толық танысып, заңгерлік көмегін көрсетті. Білікті заңгерлік көмектің нәтижесі  көп ұзамай өз нәтижесін берді. Тиісті құжаттар рәсімделіп,сотқа талап-арыз келтірілді.

  Түркістан облысының  кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Саттарова Ж.Б.Абдукаримованың «ортақ балалардың тұрғылықты жерін айқындау және жауапкерден үш қызын мәжбүрлеп алу» туралы талап қою арызын, өз өндірісіне алды. Қарсы тарап, яғни Ж.Абдукаримованың бұрыңғы жұбайы, жауапкер Момбеков Құдайберген талап арызға, қарсы пікірін де жазды. Қарап отырсақ, әр тарап өзінің уәждерін дұрыс деп, дау-жанжал ары қарай  ұласып кететін түрі бар.   Сот отырысы өтті. Бірақ та, судья Г.Саттарова  сот отырысын  кейінге қалдырды. Заң талабы солай.

 Бұл жерде  ана мен бала құқықтары өрескел бұзылуда.  Өйткені, бір жағынан  анасы өзінің үш қызына жете алмай  ішқұса болып, зар илеп, жылап  жүрсе, ал  екіншіден, анасынан тірідей айырылған үш сәби  анасын күнде  іздеп, аландап,   үйінде тыныш отырмайтынға  ұқсайды....

    Сотта екі тараптың біреуі ұтылатыны сөзсіз болуы себепті және бұл дау ұзаққа созылып кету қаупі болғандықтан,  редакциямыздың заңгері бұл дауды, медиация тәртібімен шешуге барынша әрекет жасады. 

Келесі сот отырысына заңгеріміз екі тарапқа  да,  дауды бітіммен аяқтау жолдарын түсіндірді. Екі  тараптан келген ата-анасы бар, жеңге, абысындары бар  бұл дауды сотпен аяғына дейін жеткіздіреміз, бізге ешқандай бітімгершіліктің керегі жоқ деп, сотта айқай-шу  шығарып, сотты да, медиаторды да тындағысы келмеді....

Алайда, бұрын-сонды бұндай дау дамайларды шешіп жүрген  Х.Рахманбердиевтің нәтижелі жұмыстарының арқасында  дауды бітімгершілікпен реттеу туралы  ұсынысына  талап қоюшы  Ж.Абдукаримова да, жауапкер Қ.Момбеков те  қолдауға мәжбүр болды....

Сонымен, бала дауы медиациялық келісіммен аяқталып, кәмелетке толмаған үш қыздың  қуаныштары қойындарына сыймастан, барлығы өз  анасымен Шардараға кетті,  ал жауапкер Қ.Момбеков бір апта ішінде бұрыңғы әйелі Ж.Абдукаримованың отбасына ағайындарын ертіп апаратын болып,  Ж.Абдукаримовадан кешірімін алғаннаң соң,  өзіммен бірге Жетісай қаласына бала-шағасымен алып қайтып, бірге өмір сүретін болып шешілді....

  Ия, қазақта айтады ғой,  «Екі аяқты адам түгілі, төрт аяқты жылқы да сүрінеді» . Жастықтың  буымен қаншама отбасының шаңырақтары шайқалып, жас жұбайлар болмашы нәрсеге бола ажырасып жатқандығы күнделікті өмірден көріп жүрміз.

Ал, екі ортада,  ортақ  некеден туылған балалар қатты зардап көреді. Жан күйзелісіне ұшырайды, тіпті кей кездері суицидке де баруы мүмкін.

Әрине, ел арасында  «Еркекке, бір шүйке бас табылар, тесік моншақ та жерде қалмас» деген сөз бар.  Бірақ, еш күнәсі жоқ,  періштедей аппақ балаларға әке мен шеше  ешқашан табылмасы анық.

Сондықтан да, болашақ отбасы құратындарға да, үй болып отбасы құрған жастарға да айтарым, оқыс қадамға бармай тұрып, әуелі жақсылап ойланып алыңыздар. Бір сәтке көз  алдарыңа балаларыңды елестетіңдер! Өйткені  екі жұп ажырасқан жағдайда  қай жерде жүрсе де, балалардың психологиялық  халі  әке-шешесіз мүшкіл болатындығын,келешекте олар мектепке баратындығын, бой жетіп үйлі баранды болатындығын да ойланыңыздар  демекпін...

Ж .Өмірзақ

0 пікір