Түркістан облысында прокурор «киллер», ал соттар «исполнитель» болған ба???
Түркістан облысында прокурор «киллер», ал соттар «исполнитель» болған ба???
23.10.2020 14:07
1277
0

ЖАНАЙҚАЙ.....ЖАНАЙҚАЙ.....ЖАНАЙҚАЙ.....
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың,
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры  Ғ.Д.Нұрдаулетовтың, Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Қ.Асановтың назарына!!!

  Редакциямызға тағыда арыз түсті. Арыз емес, ызаға толы көпбалалы ананың  жанайқайы  десе де болады. Соңғы кездері, тергеу, прокуратура, сот органдары тарапынан әділетсіздік көрген жандар күннен-күнге көбею үстінде. Бұған не себеп? Заман өзгерді ма, әлде адам өзгерді ма? Қайда барсаң  да зарлаған қарапайым халық. Міне, редакциямызға түскен  арыздардың дені осындай....

 «Саясат-ақпарат» Республикалық  газетінің бас редакторы Назипа Мамыковаға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 2-бөлігі 7) тармақшасымен айыпты танылып, 8-жылға сотталған,  1995 жылы туылған  Рахманбеді Мустафаның анасы, Қазығұрт ауданының  тұрғыны, 5 баланың анасы Тонашева Ляззаттан АРЫЗ

Құрметті Назипа Дарханбайқызы!

    Мен,  ұлым Рахманбеді Мустафаны Түркістан облысы,  Қазығұрт АПБ-нің басшысы, полиция полковнигі   А.Ақшораев пен  тергеуші Жандос Сапаралы, Қазығұрт аудандық прокуратурасының «тапсырысымен» , яғни «ауызша айтуымен»  оны аса ауыр, атап айтқанда  «адам өлтіруге оқталу» бабымен, яғни 24-б. 99-б. 1-тармағымен негізсіз  айыптап, қылмыстық істі көптеген заңбұзушылықтарымен асығыс түрде  прокурорға  заңсыз жолдап, баламның  Конституциялық құқығын бұзды...

 Заңсыз деуіме төмендегі себептер  негіз болып отыр.

1. Менің ұлым,  М.Рахманберді  «қорғану шегінен асып», Т.Умирбековтың денсаулығына  «ауыр» дәрежеде  жарақат салғандығын  толық мойындап, Қазығұрт аудандық  полиция бөліміне өзі келген.  Ұлым, сол кезде-ақ шынайы өкініп, өз кінәсін  толығымен мойындаған.  Жәбірленуші Т.Умирбековты оқиға орнында тастап қашып кетпей, ауруханаға  әкелген.  Негізінде, бұл мән-жайлардың барлығы жазаны жеңілдетуге жататыны Қылмыстық Кодекстің түсіндірмесінде жазылған.

2.  Алайда, тергеуші Жандос Сапаралы, менің ұлымды  РОВД-ға түнгі он екіде кіргеннен бастап, «сезіктінің»  құқықтарын  өрескел бұзып,  оған  туыстарына телефон шалуға,  адвокат шақыртуға,  онымен оңаша сөйлесуге мүмкіндік берместен, сотқа дейінгі тергеп тексеруді  адвокатсыз жүргізіп, өз қызмет өкілеттіктерін асыра пайдаланып, сағат 01:40 минут өткенге дейін заңсыз, тергеудін рұқсат етілмеген әдіс- амалдарын  қолдану арқылы жауап алуды (алдап, арбау, қорқыту...)жүргізіп, мемлекет тарапынан адвокат Жұман Таспалтаевты қатысты деп, көпе-көрінеу  заңсыз хаттамалар түзіп,   тергеу құжаттарының барлығына «тергеу барысында қатыстым» деп жаздыртып, қолын ертесіне қойдыртып, баламды адам өлтіруге оқталу бойынша, яғни  аса ауыр баппен айыптап, тергеу амалдарын біржақты, тек айыптау бағытында жүргізіп,   қылмыстық істі облыстық прокуратураға жолдаған.

Аса ауыр айыппен күдіктелген адамды, адвокатсыз тергеу амалдарын жасауға Заңмен қатаң  тыйым салынған.

3.  Алайда, Түркістан облыстық прокурорының орынбасары А.Битимбаев қылмыстық іс материалдарды өзіне түскен кезден бастап,  заңда көзделген 10 күн мерзім ішінде тексерместен, егжей-тегжейлі   зерделеместен қылмыстық істі  бір  күннің ішінде сотқа,  асығыс түрде жолдап жіберген.

4. Облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы К.С.Калмагамбетовке   облыс прокурорының орынбасары   А.Битимбаевтың   «айыптау актісін» сотталушыға табыстамағаны және айыптау актісіне негізсіз М.Рахманбердінің бұрын сотты болған деген деген жалған мәлімет еңгізгені үшін оған Жекеше Қаулы шығарды.

Сонда, заңдылықты қамтамасыз ететін, қылмыстық процестік  заң нормаларының  орындалуына қадағалау жасайтын білдей облыс прокурорының орынбасары А.Битимбаевқа  адам тағдыры ойыншық болғаны ма?  Әлде, прокуратура органдары кез-келген  адамдарды, осындай тәсілменен, орташа қылмыс жасаған азаматтарға  аса ауыр баптарды «іліп», онсыз да   «ауыз-мұрыны» сыртына шығып тұрған түрмеге тоғытуды,  мақсат тұтқан ба

Жоқ, әлде бұл жерде сотталушының туыстары жазаны жеңілдетуге «жүгірсін» деген оймен тапқан «сұрқия»  амалы болды ма екен?

5.  Адвокат Жұман Таспалтаев баламды қорғау міндетін мүлдем атқармастан, мемлекет тарапынан тағайындалған тегін адвокат бола тұра, әкесінен тек ақша сұраумен болған. Адвокат Ж.Таспалтаев  бастапқы тергеу әрекеттеріне қатыспағандығын толық мойындап, бірінші сатылы сотқа жазбаша түрде Арыз түсірсе де, бірінші және апелляциялық сатыдағы сот, адвокаттың заңсыз бұл әрекеттеріне «ләм-мим» деп жақтарын ашпаған. Оған тиісті құқықтық бағасын бермеген.(апелляциялық сот алқасына да  27.08.2020 жылы екінші рет жазып берді.)

   Бұл жерде, Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Процестік Кодексінің 67-бабы толығымен бұзылған. Яғни, қорғаушының қылмыстық іске міндетті қатысу қағиғаттары өрескел бұзылған. Өйткені, бұл жерде менің ұлымды тергеу органдары аса ауыр баппен айыптаған. Мұндай тұрғыда, адвокат міндетті түрде қатысуы тиіс. Ал, егер де  заң бойынша (9-бап ҚР ҚПК) қылмыстық  процестік қағидаттарын бұзу,  оның сипаты мен елеулі болуына қарай,  процестік әрекетті  я  болмаса шешімді заңсыз деп тануға, оның күшін жоюға, немесе, іс бойынша болып өткен іс жүргізуді жарамсыз деп танып,  прокурор мен судья істі қайта тергеуге жолдауы тиіс болатын.

6.  Алайда,  баламның қорғаушысы А.Қуатбаев құқық қорғау органдарының заң нормаларын өрескел бұзып жатқандығы туралы прокуратураға, сотқа қаншама арыз түсірсе де, прокуратура сотқа дейінгі тергеп тексеру органдарының жіберген осыншама заңсыздықтарды көріп-білсе де,   сот пен прокуратура істі біржақты тек айыптау бағытымен жүргізіп, қылмыстық істі, заңның талаптары бойынша кері, қайта тергеуге жолдамады.

7. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Бюллетендерін, жылдық есеп-мәліметтерін  оқып шықсан бәрі керемет. Адвокатсыз тергеу әрекеттері жүргізбек былай тұрсын, сот жүргізу тілін бұзғандығы үшін, яғни  тілді білмеу себептерімен  қаншама қылмыстық істер кері, қайта тергеуге жолданғаның көріп,  біліп отырмыз.   Ал, бұл жерде,    аса ауыр баппен күдіктелген адамды адвокатысыз тергеп  сотталушының Конституциялық  құқықтары өрескел бұзылып жатса да, прокурорға да, сотқа да «Бес қойың, бір тиын» болып тұр!

8.  Жәбірленуші Т.Умирбеков түңгі мезгілде, өзінің үйінен масаң күйде  шығып, 100 метрге жуық алыс орналасқан оқиға орнына өзі келіп, М.  Рахманбердінің шешесінен боқтап-балағаттап,  оны  себепсіз ұрып-соғып, денесіне «жеңіл» дәрежедегі жарақат салып (сот-медициналық сараптама қорытындысы іске тігілген ,  баламның өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеннен соң, ол өзін қорғау мақсатында  жерден тас-кесек іздеген. Сол арада  оның қолына  міштарға ұқсас үшкір темір зат іліккен бойда  Т.Умирбековке қарай кенеттен бірнеше рет сілтеп жібергендігін өзі толық мойындаған.

Бүгінгі танда бұзақылыққа бір табан жақын «жәбірленуші» Т.Умирбековтың денсаулығы  жақсы,  сот барысында М.Рахманбердіге жазбаша түрде  кешірім берген. Алайда, судья К.С.Калмагамбетов  кешірімді  қабылдамай тастайды.

9. Жәбірленуші     Т.Умирбеков, бұрыннан төбелес-жанжалға бейім екендігі, мінезі нашарлығымен көзге түскені туралы Қазығұрт АПБ-нің жауап хаты  мен Т.Умирбековтың  өз әйелін ұрып-соғып ауруханаға ауыр хәлде түсіріп, кейіннен татуласқаны жөнінде,  сот Қаулысымен дәлелденіп жатса да, прокурор да, сот та оған назар аудармады,  тиісті құқықтық  бағасын бермеді.

10.  Судья  К.С.Калмагамбетов айыптау Үкімін шығарар кезде, істегі жинақталған дәледемелерге, яғни жәбірленуші Т.Умирбековтың өзі келгені, М.Рахманбердіге намысына тиерлік сөздермен балағаттап,  арандату үшін қорлағаны, оған дене жарақатын салғаны,  қайта-қайта сен неге түн ішінде айқайлап жүрсің  деп ұрып-соғу арқылы арандатқаны, тергеу амалдарын адвокатсыз жүргізгені, куәлардың жауаптарына,  сотталушы М.Рахманбердінің  ауыл биі, ауыл әкімі, ауыл тұрғындары тарапынан жақсы жағынан мінезделгені,  бұрын-сонды ешкіммен жанжалдасып ұрыспағаны, әкімшілік жауапқа  бұрын-соңды тартылмағаны,  жәбірленуші кеш те болса түсініп М.Рахманбердіге кешірім бергендігі осылардың барлығын қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар қатарына жататтындығын ескермеді, осы фактілерге өзінің құқықтық бағасын бермеді.

Тергеуші, прокурор және бірінші сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзейді деген ниет, үмітпенен, баламның қорғаушысы да, баламның өзі де апелляциялық шағымды келтірді.

Алайда, апелляциялық алқа судьялары Б. Байдуллаев, Т.Кадырбаев пен А.Кульчиковалар:  - «Сонымен қатар, М.Рахманбердіні күдікті деп тану, құқықтарын түсіндіру, іс жүргізу тілін таңдау, адвокат шақыру, күдіктіні ұстап әкелу(?), жеке басын қарауға АДВОКАТ ҚАТЫСЫП,  хаттамалар М.Рахманберді мен адвокаттың қолымен куәландырылған. Ал, Қазығұрт АПБ-нің тергеушісі Жандос Сапарәлі тарапынан сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталмаған»-деп  апелляциялық сот Қаулысында жалған сөздерді жазып, айды аспанға бірақ шығарды!

«Қарға, қарғаның көзін шұқымайды» дегеннің нақ өзі болып, апелляциялық алқа судьялары  Б. Байдуллаев, Т.Кадырбаев пен А.Кульчиковалар, бірінші сатыдағы сотында «төрелік» еткен «СПЕЦСОТТЫҢ» төрағасы К.С.Калмагамбетовтың шығарған Үкімін заңды деп тауып, Үкімді күшінде қалдырды.

Құрметті «Саясат-ақпарат» газетінің бас редакторы  Н.Мамыкова! 

  Тергеу, прокуратура және сот органдарына -халықтың өкпесі қара қазандай болатыны, осындай заңсыз шыққан сот үкімдері кесірінен болып жатыр! Құқық қорғау органдары, онсыз да  елдегі, соттағы коррупциядан мезі болған халықты қасақана ашындырып, Президент Қ.Тоқаевтың саясатына қарсы қойып, жаман атты еткісі келіп, өзге елдердегідей алаңға митингіге шығуға әдейі итермелеп отыр ма сонда?

 Еліміздің қолданыстағы заңдардың заңды түрде орындалуына қадағалау жүргізетін орган ПРОКУРАТУРА,  тергеу органдарына «мына баппен айыптайсың» - деп тоқпақпен ұрғандай етіп тапсырма берсе,  тергеу органдары «ләббай тақсыр» деп, оны көз жұма отырып орындаса, сот нақты мән-жайды анықтамай соттай берсе, ХАЛЫҚ  АЛАҢҒА ШЫҚПАҒАНДА БАСҚА НЕ ІСТЕЙДІ?  Прокуратура  заңды өздері бұзып қылмыстық істі сотқа «шикі материал»  күйінде  жіберсе, ал, сот басты сот талқылауын бастамас алдын, істегі кемшіліктерді анықтамастан, істі «шикі» күйінде «жеп-асап жатса», істі  қабылдап,  сот отырыстарын обьектівті, жан-жақты, толыққанды жүргізбесе,  сотталушының Конституциялық құқықтарын өрескел бұзып жатса, қарапайым ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРЫНА ДЕГЕН СЕНІМІ АРТА ҚОЙМАСЫ АНЫҚ.....  

Менің, ұлым М.Рахманбердіге тым ауыр жаза қолданды деп санаймын! Жас өміріне балта шапты! Оның  бұзақылық   жасау әрекеттері негізсіз тағылды, сотқа дейінгі тергеуде де, сот тергеуінде де өз дәлелін таппады! «Қара қылды қақ жаратын, әділ төрелік жасайтын судьялар, еш болмаса, Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігін қолданып  баламды шартты түрде соттауға да болар еді ғой...

 Бұзақылық жасап, баламды өзі болып бірінші болып  боқтап, ұрған жәбірленуші Т.Умирбековтың денсаулығы жақсы, болғандықтан, моральдық-материалдық залалын толық өтеп қойғандықтан, ол жазбаша кешірім хат беріп, М.Рахманбердіге бас бостандығынан айырмайтын жеңіл жаза тағайындауды соттан сұранды. Бірақ Түркістан облысының судьялары менің балам М.Рахманбердіні негізсіз   8-жылға соттады!

 Сондықтан, сізден сұранарым, тергеу, прокуратура және сот органдарына халықтың өкпесі қаншалықты өкпелі екендігін  анықтау мақсатында, сондай-ақ, менің берген арызым бойынша,  Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Қ.Асанов, Ішкі істер министрі Е.Тұрғынбаевтың және Ғ.Нұрдаулетовтың назарына жеткіздіру үшін, Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс жасап жүрген барлық теле-арналарды, бұқаралық ақпарат өкілдерінің бастарын қосып,  тергеу, прокуратура және сот орган басшыларының қатысуымен жоғарыда аталған мәселерді анықтап, нәтижелі шешім шығару үшін оны қоғамдық талқыға салып  БАСПАСӨЗ-МӘСЛИХАТЫН өткізіп беруінізді сұранамын.

Құрметпен көп балалы ана Ляззат Тонашева.

0 пікір