Үш баласынан тiрiдей Айырылып отыр
Үш баласынан тiрiдей Айырылып отыр
31.10.2020 10:58
418
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Қ.Асановтың, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ғ.Д.Нұрдәулетовтың назарына!

  «Алдап, ажырасуға арыз берді. Балаларымды келісімімсіз қарамағымнан айырды». Редакциямызға осы негізде арыз келді. Ананың аңғалдығын адвокаттың өзі пайдаланып, адамшылдықтан аттап кеткен бе? Соттың солқылдақ болғаны ма? Өзегін жарып шыққан перзенттерінің амандығын білуге зар болған Жанар Абдукаримова «Саясат – ақпарат» Републикалық қоғамдық-саяси газетінің редакциясынан көмек сұрап келген. Алыстан ат терлетіп, арызын арқалап келген ана базынасын өзі тарқатып айтсын.

Жанар Абдукаримова,
Шардара ауданының тұрғыны:

  Мен, Абдукаримова Жанар Базарбаевна 1986 ж.т. арыз беру себебім күйеуім Момбеков Құдайберген Ашірұлы мені алдап натариусқа алып барып, қағазға қол қойдырған болатын. Біз дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша бір үйді атымызға өткізген едік, 4 жыл алдын. Бірақ, біз ол үйді алмадық. Мемлекеттен ақша алмағандықтан. Ол үй біздің атымызда базада 5 жыл тұрады екен. Сол үйді сот арқылы базадан шығарамын деген. Сол үшін қол қойып бер деп ертіп барған еді. Сен үйде отыра бер мен өзім істеймін деп, адвокатқа сенімхатқа қол қойдырған. Бірақ мен ол адвокатты мүлде көрмегенмін. Енді ол менің атымнан ажырасуға арыз жазып жəне қыздарымды Момбеков Құдайбергеннің жауапкершілігіне өткізуге рұқсат берген. Сот арқылы бəрін шешіп, шешімін шығарып қойған. Бірақ мен бұл жағдайды мүлде білмеймін. Сотқа қатыспағанмын. Маған ешқандай хабар бермеген. 1 ай болды.

  Осыған байланысты барлық əрекеттер заң жүзінде шешілуін қалаймын. Мен өз перзенттерімді қарамағыма алғым келеді. Аталған іске байланысты журналистік зерттеу жүргізіп, сот отырыстарының əділ өтілуін қадағалауыңызды сұраймын.

ƏРБІР АНА, ƏРБІР БАЛА МҰҢАЙМАСЫН, ЖЫЛАМАСЫН!
  Ерлі-зайыптылар заңды түрде бөлінгеннен соң, анасын үйден қуып, «Балаларымды көрсетпей отыр»,- дейді арыз иесі. Бұл жерде бірқатар өрескел заң бұзушылықтар орын алып отыр. Ендігіде адвокат ат-үсті қараған ана мен бала құқығы халықаралық деңгейде қорғалатын болады. Балаларынан тірідей айырылып отырған ана құқығының тапталғанына ашынып отыр. Ең сорақысы ана деген қасиетті ұғым санасына жетпеген қасиетсіздер өз басына осыны тілей ме екен?

Түйін: Ана – үйдің ұйытқысы, бала – үйдің берекесі. Əлемдегі демографиялық саясаттың бастауы да осы екі ұғымға тікелей бағынышты. Аталған жағдайға байланысты алдағы уақытта істің ақ-қарасын анықтайтын боламыз. Осыған қатысты барлық сот отырыстарына қатысып, ана мен бала құқығының тапталмауына ат салысамыз. Бұл жайында толығырақ басылымның алдағы сандарында жариялаймыз.

 Д. ӨМІРЗАҚ

0 пікір