БОЯНАТЫН ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
БОЯНАТЫН ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
22.08.2017 18:45
577
0

Опа-далап, бояулар, жалпы сұлулыққа арналған барлық «материалдар» химикаттардан жасалатынын кез келген әйел адам жақсы біледі. Алайда.... біле тұра күн сайын сол бояуларды қолданады. Сырт келбеті әдемі болғанымен, өз денсаулығына орасан зор зиян келтіріп жатқанына мән бермейді. Тіпті уақыт өте келе косметиканың қатерлі ісік ауруын тудыратынын білмейді. Ал енді жеке-жеке айтып шықсақ:
 1. Шаш түзету.
Шаша түзетуге арналған заттардың құрамында кератин, формальдегид болады. Олар шашыңызды уақытша жұмсақ әрі тегіс еткенімен зияны қалып қояды. Оны ұзақ қолдану қатерлі ісікке алып келеді. Бұл тұжырымдаманы ғалымдар айтып отыр.
 2. Шаш бояулары.
Шашқа арналған түрлі бояулар (әсіресе күңгірт түстер) лейкоздың (қан обыры) пайда болуына себепші. Табиғи өсімдіктерден жасалған бояулар, қына оларды алмастыра алады, әрине, егер денсаулығыңызға зиОян келтіргіңіз келмесе.
 3. Кірпік жабыстыру.
Жасанды кірпіктер мен оны жабыстыруға арналған желім көз терісін тітіркендіріп, құрғатып, аллергия пайда болады. Табиғи кірпіктеріңіз түсіп, соңы соқырлыққа дейін алып баруы мүмкін. Сүрменің (тушь) де зияны аз емес.
 4. Маникюр.
Маникюр жасауға арналған заттардың құрамында формальдегидтер, фталат, ацетон сияқты химикаттар өте көп. Олар теріні, көзді, мұрын мен тыныс алу жолдарын зақымдап, бактериалды инфекция тудырады.
 5. Күн көзінен қорғайтын кремдер.
Оны таңдарда тері қатерлі ісігін болдырмау үшін SPF 30 және одан жоғарғы құрамдысын таңдау керек.
Барлық косметикада (сүрме, далап, опа, ерін бояуға арналған далаптар т.б.) парабен деген химиялық зат болады. Ол әйелдердің омырау безі қатерлі ісігін тудырады.
Сондықтан, денсаулығыңызды және сұлулығыңызды сақтағыңыз келсе, табиғи өнімдерді қолданған жөн.
Әрине, косметиканы мүлде қолдануға болмайды демейміз. Дегенмен, аздап, құрамы табиғиға жақын, едәуір зиянсыздарын таңдаған абзал дегіміз келеді.

0 пікір