Күзгі бет күтімі: ылғалдандыратын маскалар
Күзгі бет күтімі: ылғалдандыратын маскалар
27.09.2017 16:23
890
0

 1. Майлы бетке арналған маска.
Бал-жұмыртқа маскасы бетті жақсы ылғалдандырып, тазартады. Ол үшін екі жұмыртқаның ақуызын 40 гр бал мен жарты шай қасық зәйтүн майымен араластырыңыз. Қоспаға 2 ас қасық сұлы қауызын қосып, бетке жағыңыз. 20 минуттан соң жылы сумен жуып, салқын сумен бетіңізді шайыңыз.
 2. Жұмыртқаның саруызын 1 ас қасық кілегей мен 1 шай қасық сәбіз шырынымен араластырыңыз. Бір тектес қоспа болғанда бетке жағыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл қоспа бет терісін ылғалдандырып қана қоймай, тазартып, жасартады. 3. Құрғақ бетке арналған маска.
 Бетіңіз тым құрғақ болса, 2 ас қасық сұлыны сүтпен қайнатып алыңыз. Оған 1 шай қасық бал қосып, жылы күйінде бетке жағыңыз. 15-20 минуттан соң жылы сумен жуып, тазартыңыз. 4. Сүзбе маскасы терінің тітіркенуін басады. Оны дайындау үшін 2 ас қасық майлы сүзбе мен 1 ас қасық балды араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 15-20 минуттан соң жуып тастаңыз. 5. Шырғанақ маскасы да бет терісін жақсы ылғалдандырады. Оны дайындау үшін дәкені бірнеше рет бүктеп, шырғанақ шырынымен сулаңыз. Бетті алдын ала тазартып алған соң дәкені сығып, бетіңізді сүртіңіз.

0 пікір