Аластау
Аластау
24.09.2020 11:44
853
0

      

    Жас отау босағасын,бесікті, жаңа қосылғандардың төсек орнын т.б.жаңаданмқолданылатын дүние,бұйымдарды отпен аластайтын ғұрып бар. Бұл аталған орындардағы пәле-жала, ауру-сырқау, жын –шайтан, тіл- көз болса кетсін деген наным-сеніммен жасалады. Аластау ғұрпы от тұтатып онымен бесікті, босағаны тағы басқа жерлерді аралата дұғалап, «алас, алас, ауру-сырқаудан алас»,   «тіл мен көзден алас» деген сияқты тілек сөздермен жасалады.Мұны жөн білетін, ем-домнан да хабары бар ана, әжелер атқарады.Аластау сонымен бірге тазалық пен амандықтың да кепілі ретінде қолданылады.

Дереккөз: Кенжеахметұлы С. "Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары" кітабынан

0 пікір