Аманат
Аманат
24.09.2020 11:49
390
0

 

     Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген бағалы заттары. «Аманат»  – аман деген сөзден шыққан болуы ықтимал. Аманатты сақтау және оны мезгілінде тапсыру зор адамгершілікке жатады. «Аманат – аман сақтайды» дейді халық. Аманатқа қиянат жасамайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі. Аманаттың  бұрын еларалық қатынаста да үлкен мән-маңызы болған. Көбінесе, ол бірлік, татулық,бітім жолына қызмет еткен.Тарихымызда ақ үй аманат алып барған екен деген деректер жиі кездеседі (Ш. Уалиханов).Ерте кезде жауласушы екі ел татуласқан кезде кепілдеме ретінде аманатқа адам да қалдырып кететін болған.

Дереккөз: Кенжеахметұлы С. "Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары" кітабынан.

0 пікір