Баланы сылау
Баланы сылау
13.09.2017 15:14
830
0

 «Баланы – сылау, қарды – қылау өсіреді» деп, бала өздігінен
талпынып жүргенге дейін ауық-ауық қойдың құйрық майымен сылап,
қол-аяғын керіп-созып: «өс, өс, өс!» деп ақырын-ақырын созғылап
отырады. Əрі:
 – Өс-өс, өс!
 Үйден пəле көш!
 Тəу-тəу, тəу!
 Сыламақ менен,
 Ширамақ сенен!
 Менің қолым емес,
 Би бəтимə пірімнің қолы!
 Тастай мықты бол!
 Темірдей төзімді бол!
 Сүттен ақ бол!
 Судан пəк бол!
 Дерт атаулы кірмесін!
 Ақ бөпеме тимесін!
 Өс-өс, өс!
 Үйден пəле көш! –
деп қанатты сөздермен игі тілектерін білдіреді.
Баланы қойдың құйрық майымен майлап сыласа, баланың терісі
жұмсап, сезім-түйсіктеріне əсер етіп, қан айналысы жақсарады. «Өс,
өс» деп баланың қол-аяғын жазып, керіп-созса, буын-буындары тегіс
жазылып, бала денесі шынығып, шыңдалып, сау денелі, сымбатты болып өседі.

0 пікір