Салбұрын
Салбұрын
26.09.2017 11:16
1128
0

Қыс түскен соң қыран құсы бар аңшы жігіттер аңға шығады. Аңшы құсымен өзінің жүректілігін, ептілігін, құсының алғырлығын көрсету үшін сонарды асыға күтеді. Ұлы Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанда» деген өлең жолдары осы жайлы.
Ең қызығы қыстың мұндай күнінде түлкі, қасқыр өз індерінен шықпай отырады. Олардың бұл әдісін білетін аңшы айқайлап, шулап оларды інінен шығарады. Енді оны ұстау үшін құсын жібереді. Алынған аң тең бөліске түседі. Ақсақалдар сыбағасы өз алдына ауылға келген соң салтанатты түрде табыстайды. Бұл үрдістің тәрбиелік мәні зор. Өзара татулық, үлкенге құрмет.

0 пікір