Ақжүрек Таңатаров әлем чемпионатының қола жүлдесін ұтты
Ақжүрек Таңатаров әлем чемпионатының қола жүлдесін ұтты
28.08.2017 12:06
405
0

    Парижде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Ақжүрек Таңатаров қола жүлдегер атанды. Жүлдегер атанып қана қоймай, әлемдегі тәжірибелі балуандардың бірі екенін тағы бір дәлелдеді. Еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақта белдесетін балуан алғашқы кездесуінде үндістандық Амит Кумарды жеңді. Екінші белдесуінде Рио Олимпиадасында шу шығарып танылған моңғол балуаны Мандахнаран Ганзоригтен айласын асырды. Ширек финалда Ақжүрек италиялық Франк Чамизо Маркесті (чемпион атанды) жеңе алмады. Қарсыласы айқын жеңіске жетті. Кейіннен италиялық балуан финалға шығып, отандасымыз жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Қола жүлде үшін таласта Ақжүрек Таңатаров соңғы сәтке дейін күресе білді. Нәтижесінде түрік балуаны Юкуп Горды 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

vesti.kz

0 пікір