Азия ойындарының 9-күні: Қазақстан қоржынында 16 медаль
Азия ойындарының 9-күні: Қазақстан қоржынында 16 медаль
26.09.2017 10:31
650
0

Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі V Азия ойындары жалғасып жатыр. Байрақты бәсекенің тоғызыншы күнінде қазақстандық спортшылар 16 медальға (5 алтын, 5 күміс, 6 қола) қол жеткізді. Ақерке Наурызбаева (кикбоксинг), Бейімбет Қанжанов, Айжан Жылқыбаева, Ажар Кенбеил және Зере Бектасқызы (барлығы самбо бойынша) жеңіс тұғырынан көрініп, ел мерейін асқақтатты. Ал самбодан Асылбек Смаилов, Аққал Өтебек, жүзуден Әділ Қасқабай, күрестен Ғабит Төлепбай мен Эльмира Сыздықова күміс жүлдеге ие болса, Динара Садуақасова (шахмат), Әйгерім Рахатова (кикбоксинг), Ербол Алдухан (самбо), Жадыра Пайыз (самбо), Жігер Зәкіров (күрес) пен Бақдәулет Әлментай (күрес) қола медальды қанжығаларына байлады.
Азия ойындарындағы отандық спортшыларымыздың жексенбі күнгі өнері жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасын бесінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді (20-18-27). Қазір ел еншісінде 65 медаль бар.
1. Түрікменстан – 206 (79-58-69);
2. Қытай – 61 (23-21-17);
3. Иран – 89 (22-18-49);
4. Өзбекстан – (21-28-57);
5. Қазақстан – 65 (20-18-27).

 24.kz

0 пікір