GGG vs Canelo жекпе-жегі
GGG vs Canelo жекпе-жегі
18.09.2017 11:59
427
0

  Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Алварестің жекпе-жегі тең аяқталды. Төрешілердің шешімі осындай. Айта кетейік, бұл – жерлесіміздің кәсіпқой рингтегі 38-ші жекпе-жегі. Бұған дейін жеңіліп көрмеген Головкин шаршы алаңда 37 жекпе-жек өткізіп, оның 33-ін нокаутпен аяқтаған еді. Отандасымыз 2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша Суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы дәрежелеріне ие. Ал өткен жылы Сауль «Канело» Альварес жекпе-жек өткізуден бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанған болатын. Айта кету керек, Лас-Вегаста Альварес 10 кездесу өткізген. Ал Головкиннің тұңғыш аяқ басуы. Сөйтіп даңқты жерлесіміз кәсіби рингтегі өз атақ-абыройын толық сақтап қалды.

0 пікір