Головкин-Альварес жекпе-жегі жайлы
Головкин-Альварес жекпе-жегі жайлы
22.08.2017 13:04
374
0

Сарапшының айтуынша, Альварес Головкиннің мықты соққысына шыдай ала ма, жоқ па – ол белгісіз. Showtime телеарнасының сарапшысы әрі комментаторы Эл Бернштейн WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz. «Керемет әрі әсерлі жекпе-жек болады деп ойлаймын, себебі екі боксшы да бір-біріне жақын тұрып соққы жасай алады. Дэниэл Джейкобс Головкинмен жақсы жұдырықтасты, ал «Канело» ондай қимылдар жасамайды. Меніңше, дегенмен олар жақын қашықтықта жүріп соққы жасайды», – дейді сарапшы. Сарапшының айтуынша, Альварес Головкиннің мықты соққысына шыдай ала ма, жоқ па – ол белгісіз. «Қандай жағдай болсын біз тамаша жекпе-жек көреміз, себебі екеуі де күшті соққы жасай алады, нағыз атыс болайын деп тұр», – дейді Эл Бернштейн. Сондай-ақ ол осы жекпе-жекте Головкин жеңіске жетеді деген болжам жасады. «Мейвезер мен МакГрегордың шоуы Головкин-Альварес жекпе-жегінің PPV сатылымына зиянын тигізе ме, білмеймін. Бірақ меңінше Головкиннің жекпе-жегіне жеткілікті адам барады. Себебі бұл жекпе-жекті барлығы күтіп отыр. Екі кездесу бір-біріне кедергі болмайды деп ойлаймын», – деді Бернштейн On The Ropes Boxing Radio.kz басылымына берген сұхбатында.

24.kz

0 пікір