Лас-Вегас Головкин-Альварес жекпе-жегіне дайын
Лас-Вегас Головкин-Альварес жекпе-жегіне дайын
16.09.2017 11:55
438
0

  Головкин – «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйекте (Астана уақыты бойынша 17 қыркүйекте таңғы уақытта) Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласы осы жылдың ең басты бокс кешіне дайындалып жатыр.
  Дженифер Лопес немесе Лэди Гаганың концерттерінің постерлерін бүкіл қалада 2 боксшының суреті басып тұр. Олар осы аптада орта салмақтағы ең үздік боксшыны анықтайды. Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің суреттері Лас-Вегастың жарнама тақталарында үздіксіз көрсетілуде.
  Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында 16 қыркүйекте өтетін жекпе-жекке екі спорттық кешен дайындалып жатыр. Лас-Вегастағы бұл кешенде казино және қонақүй бар. Мұнда көптеген бокс әлемінің жұлдыздарын көруге болады. T-Mobile аренасында жекпе-жектің алдында соңғы дайындықтар жүргізіліп жатыр. Кешеннің алдында кассалар мүлдем жоқ. Бәлкім бұл билеттердің 2 апта ішінде сатылып кетуіне байланысты болуы мүмкін. Головкин мен «Канелоның» жанкүйерлері салмақ өлшеу рәсімінде көп болды. Алайда қазірден бастап мексикалықты қолдаушылар саны біршама көп екенін аңғаруға болады. Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.

 24.kz

0 пікір