Месси соғылған голдар саны бойынша Пеледен озып, Роналдудың рекордын қайталады
Месси соғылған голдар саны бойынша Пеледен озып, Роналдудың рекордын қайталады
08.12.2021 12:49
239
0

Францияның "Пари Сен-Жермен" командасының шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алтыншы турында бельгиялық "Брюггемен" өткен ойында дубль жасады.

Аргентиналық үшін бұл голдар оның мансабындағы 757-ші және 758-ші голдары болды. Осылайша, ол 757 голы бар Пеледен асып түсті. 

Сонымен қатар, "Брюгге" - Мессидің Чемпиондар лигасында гол соққан 38-ші клубы. Осылайша, аргентиналық Чемпиондар лигасында 38 гол соққан "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналдудың рекордын қайталады.

Жалпы, Месси осы маусымда ПСЖ сапында барлық турнирлерде 14 матч өткізіп, бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Топта екінші орын алған ПСЖ Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті.

 

 Дереккөз: Vesti.kz

0 пікір