Қанат Ислам алғашқы ондыққа жақындады
Қанат Ислам алғашқы ондыққа жақындады
11.09.2017 11:22
436
0

 Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Астанада өткен жекпе-жектен кейін өз дивизионында 13-орынға табан тіреді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
 9 қыркүйекте өткен бокс кешінде Қанат Ислам жеңілмеген канадалық боксшы Брэндон Кукпен (18-1, 11 КО) кездесті. Жекпе-жек тоғызыншы раунда техникалық нокаутпен аяқталды. Сонымен қатар канадалық боксшы үш рет нокдаунда болды.
 Ислам 25 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп отыр. Кук кәсіпқой бокста бірінші рет жеңілді. Бұл көрсеткіш Қанат Исламға BoxRec рейтінгінде 12-орынға көтерілуге мүмкінді берді. Кук қазақстандық боксшымен кездеспей тұрып, одан бірнеше саты жоғары тұрған еді. Енді ол 22 позицияға төмендеп, қазіргі уақытта 43-орынға түсіп қалды.

 24.kz

0 пікір