Қазақстан тоғызқұмалақтан бірінші орын алды
Қазақстан тоғызқұмалақтан бірінші орын алды
09.09.2017 16:14
476
0

   Қазақтың ұлттық спорт түрі саналатын тоғызқұмалақтан кезекті Әлем біріншілігі аяқталды. ЕХРО-2017 халықаралық көрме аясындағы жарысқа әлемнің 25 елінен 70-тен аса спортшы келді. Бәрінің шеберлік деңгейі биік болмаса да төрт құрлықтың өкілдері осы бір ойынды меңегере бастағаны байқалды. Жарыстың жабылу салтанатында сап түзеген чемпиондар мен жүлдегерлер арасында қазақ елімен қатар Моңғолия мен Қырғызстан өкілдері болды. Жарыс жеңімпаздарына келсек, классикалық түрінен ерлер арасында Хақымжан Елеусінов озды. Қыздар арасынан Әсел Далиева жеңіске жетті. Блицте қырғыз Кубан Ибрагимов пен Қымбат Нөсерова чемпион атанды. Рапидте қазақстандықтар Нұрбек Қабиев пен Лина Каримова ешкімге дес бермеді. Командалық сында Қазақстан құрамасы бірінші орын алды. Команда сапында ойнаған Әсел Далиева Әлем біріншілігінің жеті дүркін чемпионы атанды.

 24.kz

0 пікір