Қазақстандық боксшылар туралы деректі фильм түсірілді
Қазақстандық боксшылар туралы деректі фильм түсірілді
31.10.2017 00:22
1220
0

  Америкалық журналистер қазақстандық боксшылар туралы деректі фильм түсірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

  Feed The Flame бағдарламасының жүргізушісі Пол Стюарт қазақ боксшыларының сәтті өнер көрсетуінің сыры неде екенін білу үшін Қазақстанға келді.
Стюарт Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің отбасында қонақта болып, ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен сұхбаттасты. Оған қоса, қазақтар жылқыны қалай өсіріп, баптайтынын өз көзімен көріп, қазы-қартадан дәм татты.
«Бокста жетістікке жету үшін белгілі бір факторлар жиынтығы әсер етеді дейді. Бұл ретте қазақтардың тамыры тереңде жатқан ұлттық намысын, тағамы мен сүйікті спортына деген адалдығын айтуға болады. Ғасырлар бойы жылқы көшпенді халықтың мінсе көлігі, жесе асы болды», - дейді Стюарт.
Стюарттың ойынша, Қазақстанның мықты боксшыларының бойында жеңіске жетуге мүмкіндік беретін ата-баба рухы, қайсар мінез бен ерік-жігер бар. Қазақтарда ешқандай халықтың мәдениетінде жоқ бірлік бар деп қорытындылады фильм авторы.

 prosports.kz

0 пікір