Спорттық тағамдар: пайдалы ма, зиян ба?
Спорттық тағамдар: пайдалы ма, зиян ба?
12.09.2017 11:46
1197
0

Қазіргі уақытта көптеген ер азаматтарымыз, нәзікжандылар да спортқа ден қоюда. Аптасына кемінде 2-3 рет «фитнес-залдарға» барып, «качать» етеді. Әрине, спортпен айналысу керек. Алайда, осы орайда қынжылтатын бір мәселе бар. Сол фитнес-клубтарда «ілінген» Ван Дамм, Арнольдтарды көріп, солардай боламын деп, жарнамасы самсап тұрған түрлі спорттық тағамдарды, таблеткаларды қорап-қорабымен, қаптап удай қымбатқа сатып алып жатқан жігіттерді көзіміз көріп жүр.
Ал енді сұрақ. Сол спорт тағамдарының шынымен де пайдасы бар ма, зияны жоқ па, құрамы қандай, неден жасалады?
Түсінікті болу үшін алдымен спорт тағамдарының не екенін біліп алайық. Спорт ағамдары негізінен 6 категориядан тұрады:
 1. ақуызды-көмірсулы коктейльдер
 2. аминқышқылдары
 3. майыдыртушылар
 4. дәруменді-минералды комплекстер
 5. энергетиктер
 6. «арнайы препараттар»
Дәрігер-мамандар бұл жайлы не дейді?
 «Спорт тағамдарының қай-қайсысы болмасын нәрлі, ақуыз, биоактивті заттардан тұрады. Ал ол ағзаға салмақ түсіреді. Негізінде олар кәсіпқой спортшыларға арнап жасалады. Сондықтан оларды сақтықпен, белгіленген мөлшерде қолданған дұрыс. Ал нәтижесін тезірек көргім келеді деп таблеткаларын, коктейль, ұнтақтарын шамадан тыс жеп қойсаңыз, артық салмақ, бауыр мен бүйрек ауруларына кепілдік береміз. Спорт тағамдарын әр өндіруші компания әртүрлі техноглогиямен жасайды. Құрамына не қосатынын ешкім де білмейді. Алайда негізінен басым бөлігі химикаттар, сиыр сүті, сарысу мен соядан тұрады. Әр ағза әртүрлі. Нәтижесі де түрлі болады. Оларға реакциясы да әртүрлі болады. Соның барлығын біліп алған жөн. Оларды қолданбас бұрын денсаулығыңыздың жай-күйін жақсы білуіңіз керек».

Диетологтар спорт тағамдарын қолданам деушілерге мынадай кеңес береді:
 1. Ең алдымен қанның жалпы және биохимиялық анализін тапсыру қажет. Көрсеткіштердің барлығы жақсы болуы тиіс.

 2. Көрсетілген мөлшерден артық қолдануға болмайды.
 3. Ешқашан кәдімгі тамақтануды спорт тағамдарымен алмастыруға болмайды. Тек спорт тағамдарын тұтынып, тамақтануды доғаруға болмайды.
 4. Негізінен, спорт тағамдарының барлығы да – химикат. Сондықтан оларды мүлде қолданбай-ақ қойған дұрыс.
Иә, осының барлығын білгеннен кейін бұл да бизнестің бір түрі екен ғой деген ойға қаласың. «Аңқау елге арамза молда» демекші, сол бизнестің басы-қасында жүргендердің сөздеріне, жарнамаға елітіп, протеин, энергетик, препараттарды бір ай тоқтаусыз ішкен жігіттердің ақырында бірі бүйрегінен айырылса, бірі асқазанын, денсаулығын құртып алғанын да көріп, естіп жүрміз.
 Сондықтан, не ішіп-жейтінімізге аса сақ болайық! Өз денсаулығымызды өз қолымызбен құртпайық!

0 пікір