WBC Головкин мен «Канело» кездесуіне арнайы белбеу жасады
WBC Головкин мен «Канело» кездесуіне арнайы белбеу жасады
07.09.2017 10:22
466
0

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін кездесуге арнайы белбеу жасап шығарды.
Авторлар белбеуді жасап шығаруға 300 сағаттай уақыт жұмсаған. Онда Қазақстан мен Мексиканың тулары белгіленген. Еске салайық, бұл жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Кездесуде Головкин барлық белбеуін ортаға салса, «Канело» The Ring журналының чемпиондық атағын сарапқа салады.

 24.kz

0 пікір