Аттила патша туралы тарихи шындық
Аттила патша туралы тарихи шындық
09.11.2020 15:14
998
0

Әлемді дүр сілкіндіруші Аттила патша жөнінде Каталаун соғысын толық сипаттаған жалғыз тарихшы Иордан былай деп жазған: «Аттила – Скифия даласын мекендейтін тайпалардың әлемдегі жалғыз басшысы, бүкіл ғұндар көсемі. Варварлар арасында таңғажайып даңқымен танымал. Тарихшы Приск әңгімелейді, төменгі мына жағдайларды: Керемет үлкен өзендерден - Тизия (Тисса), Тибизия (Темеш) және Дрикка - кешіп өтіп, король Аттила тұрған елді мекенге келдік. Бұл өзі үлкен қалаға ұқсайды: бір - біріне тығыз бекітілген жылтыр ағаштардан іргесі бар, арасынан күн сәулесі өтпейді. Біршама алысқа созылған құрылыстары бар, әшекейленген порталдары көрінеді. Король сарайын жағалай қоршау бар, көлемінің өзі патша сарайынан хабар береді. Бұл өз қоластында бүкіл варварлар әлемін қол астында ұстаған Аттила қонысы, осы қонысты ол жаулап алған қалаларынан артық көріп тұр.

Осы Аттила Мундзуктың баласы, Мундзукпен Октар, Роас ағайынды.... Ол халықтарды сілкіндіру үшін жаратылған ер еді. Бүкіл елдерге сұмдық болып тиді, бәрін де қалтыратып жіберді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді. Оның жүрген жүрісі маңызды, көзқарасы мен қимыл- қозғалысы аса тектілікті көрсетеді.

Соғысты жақсы көргенімен тонаушылығы аз болды, ой қабілеті өте жоғары еді, сұраушыға қайырымды, сенген адамына өте мейірімді. Сыртқы түрі- аласа бойлы, кең кеуделі, басы ірі, көздері кішкентай, мұрны пісте, терісі түсі бөлек (сары - қоңыр) өз шыққан тегінің барлық қасиетін бойында сақтаған...».

 

«ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ» кітабынан

0 пікір