Бейжің қаласында Халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комитетінің отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы бастап барды. Делегация құрамына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері де кірді. Отырыс барысында тараптар халықаралық автомобиль тасымалдарын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, шекара маңы инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалы бағыттарының желісін кеңейту мәселелері қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жыл соңына дейін шетелдік рұқсат бланкілерін сандық шектеусіз беру форматына көшуге келісті. Сонымен қатар, қазақстандық және қытайлық тараптардан «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өткізу қабілетін арттыру мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін WeChat Pay төлем сервисі арқылы ақылы автомобиль жолдарында жол жүру ақысын төлеу функционалын енгізу жоспарлануда. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Қазақстан мен Қытай автотасымалға арналған рұқсат бланкілерін шектеусіз алмасуға келісті
Көп оқылғандар
ВЛАДИМИР ПУТИН ҚАЗАҚСТАНҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН КЕЛЕДІ
Үкімет алдағы оқу жылына 89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлді
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады
Жазғы демалыс кезеңінде пойыздар мен әуе рейстерінің саны артады
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru