ВЛАДИМИР ПУТИН ҚАЗАҚСТАНҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН КЕЛЕДІ
ВЛАДИМИР ПУТИН ҚАЗАҚСТАНҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН КЕЛЕДІ
25.05.2026 12:58
47
0

27-29 мамыр аралығында Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ұйымдастырылып отыр.

Келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайын талқылайды. Сонымен қатар сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және өңіраралық ынтымақтастық бағытындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері қаралады деп күтілуде.

28 мамыр күні Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді. Іс-шараға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қатысады. Форум аясында аймақтағы экономикалық ықпалдастық, өнеркәсіп, цифрландыру және инвестициялық байланыстар мәселелері талқыланады.

Ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылады. Кездесу барысында одаққа мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қарастырылуы мүмкін.

 

0 пікір