«Заң мен тәртіп»: Шымкенттегі №98 мектепте оқушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Заң мен тәртіп»: Шымкенттегі №98 мектепте оқушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
06.05.2026 17:05
6
0

Шымкент қаласы, №98 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына арналған профилактикалық түсіндірме жұмыстары өткізілді.

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында оқушыларға құқықтық тәртіптің маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу барысында “Дроп, интернет алаяқтық, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында және қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен қамтылды.

Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

#заңментәртіп

0 пікір